85
Аңыздардағы Адам ата мен Хауа ананың ұлдары Қабыл
мен Абылдың әйелдікке өз қарындастарына таласып,
ақыры
өшпенділікпен бірін-бірі өлтіріп алуы, адамзаттың алғашқы
азғындығы болып табылғандығымен,
отбасын құруда жар
таңдаудың да адамның ішкі сезімдеріне қатысты екендігін,
өзіндік
проблемалар туындайтынын байқатады.
Отбасын ұйымдастырудың екінші сатысы да уақыт
туғызған талаптарды орындаудан пайда болды деуге болады.
Пуналуалы отбасы бір анадан туғандардың бір-бірімен
жыныстық қатынастарына тыйым салынғандығынан басталды.
Бұл алғашқы қоғамдық тәртіптің дүниеге келіп,
рудың пайда
болуына негіз болды. Пуналуалы отбасының айырмашылығы
бір анадан туылғандар бір-бірімен жыныстық жақындықта
болмайды. Жалпы балалардың шешелері белгілі де әкелерінің
кім екені белгісіз. Мұндай
топтық некеде бір шешеден
таралғандар анық болады. Демек, варварлық дәуірде өз тегін
шеше жағынан ғана мойындайтындар бірте-бірте өрби келе
мұралану қарым-қатынастарына аналық тек үстемдік етті. Яғни,
рубасы әйелдер болды. Пуналуалы отбасы топтық некенің
классикалық жоғары
формасы болып қана қоймай, сол
кезеңдерде: алғаш рет бір анадан туылғандардың неке құрмай,
аға-апа, іні-қарындас деп аталатын туыстық сипат беріп, аналық
тек үстемдігі – матриархатқа негізделген рудың немесе
тайпаның пайда болуына әкелді.
Алғашқы қауымдық құрылыстың жабайылық дәуіріндегі,
варварлық дәуірдегі топтық
неке бір тайпаның ортасында
дамыды. Некенің бұл түрі –
эндогамия деп аталды. Ал,
тайпалардың өз ішінде некелесуге тыйым салынуы –
экзогамия.
Тағылық дәуірдегі топтық некенің бірнеше түрлері:
полигамия
(көп некелілік), оның ішінде
полигиния (көп әйел алушылық)
және
полиандрия (көп ерге шығушылық) болды. Полигиния –
еркектің қатарынан бірнеше әйел алып, некелік одақта бәрімен
бірге болуы. Бұл патриархаттық үстемдікке тән деп есептелінді.
Полиандрия – әйелдің қатарынан бірнеше әр түрлі еркектермен
некеде болуы.