89
осыдан бастап, бірі-бірімен некелеспейтін «ағалы-інілілер»,
«апалы-сіңлілер» топтары қалыптасады да тағылық дәуірдегі
топтық неке бірте-бірте ығысып, оның орнына жұптық отбасы
дүниеге келді. Жұп отбасы тағылық жабайы дәуірдің соңында
қалыптасып, варварлық дәуірде әбден кемеліне келіп, қоғамдағы
басты отбасы түріне айналады. Бірақ, мұндағы неке беріктігі
онша
мығым болмағандықтан, отбасының ыдырап, ажырасуы
тым оңай болған.
Моногамиялық отбасының шығуы алғашқы қауымдық
қоғамда өндіруші күштердің дамып, еңбек бөлінісінің шығуына
байланысты қауымдық ортақ меншік орнына жеке меншіктің
пайда болуы әсер еткен деп көрсетеді. Бұл тек моногамиялық
отбасының
ғана емес, таптың, мемлекеттің қалыптасуына
тікелей әсер еткен іспетті. Және де үстемдік те күші жағынан
мықты жыныс – еркектердің үлесінде болды. Отбасы
тарихының бұл кезеңінде некелесу немесе ажырасу тек қана
еркектердің
билігінде
болғандықтан
моногамиялық
отбасындағы өзара
жұпты неке топтық некеге қарағанда
әлдеқайда
мықтырақ боп, нығайып, беки түсті.
Сонымен, Ф.Энгельс адамзат дамуының басты-басты үш
сатысына сай келетін некенің басты-басты үш түрін анықтап
берді:
«Тағылыққа – топты неке, варварлыққа – жұп неке,
цивилизацияға – жұбайлық адалдықты бұзушылық пен
жезөкшелік толықтырып отыратын моногамия сәйкес келеді.
Қазақ отбасын тарихи-этнографиялық тұрғыда зерттеген
Х.Арғынбаевтың
«Қазақ отбасы» атты еңбегі – ғылыми-
танымы маңызды, тәлім-тәрбиелік мәні жоғары мұра. Онда
адамзаттың отбасы тарихынан бастап бүгінгі қазақ отбасына
дейінгі
аралықты ғылыми дәлелдермен, тарихи деректермен,
салт-дәстүр, әдет-ғұрыппен байыта зерттеліп, жүйеленген.
Х.Арғынбаев өз еңбегінде Л.Морганның пікірінің тарихи
шындыққа жатпайтындығына белгілі ғалым Ю.И.Семеновтың
дәлелдеуін ұсынады.
«Қандас туыс отбасы мен пуналуал
отбасына алғашқы рудың шығуынан бұрынғы кезеңдер деп
қарау этнография ғылымының даму барысында ысырылып
тасталды. Отбасы және неке қатынастарының пайда болу
90
қарсаңындағы бірден-бір кезең ретінде күшінде қалып,
түбегейлі дәлелденген жай – промискуитет туралы айтылған
пікір. Қазіргі кезде кеңес ғалымдарының дені рудың тікелей
ретсіз жыныстық қатынаста болған адамдар ұжымынан
шыққандығын қолдап отыр» деген пікірді келтіреді. Рудың
пайда болуына патриархалды отбасы қауымынан бастау алған
деген сипатта көптеген ғалымдардың
зерттеулерінен мысалдар
қарастырады.
Ал, педагогика ғылымдарының докторы С.Ғаббасов
отбасы тарихын адамзат дамуымен байланыстыра зерттеп,
педагогикалық тұрғыда өзіндік идеяларымен 1995 жылы жарық
көрген
«Халық
педагогикасының
негіздері»
атты
монографиялық еңбегінде жүйелесе, 2005 жылы қайта
толықтырылған «Халық педагогикасы мен психологиясының
негіздері» атты кітабында зерттеу жұмыстарын отбасына
тәрбиесіне қатысты таратып жазады.
С.Ғаббасов қазақ халқының тәрбие мәселесіне ежелгі
тіршілік дамуы арқылы келеді. Адамның шығу тегін Ф.Энгельс
сияқты,
«Адамның шыққан тегін іздестіру жолында, ең әуелі
алғашқы маймылдардың тегі бірнеше салаларға жіктеліп, ...
екінші тармағы – адам тегінің бастау алуына себепкер болған.
Міне, біздің қысқаша «өмірбаянымыздың» бейнесі осындай?!
Дегенмен, адам тегі жайындағы ғылыми сайыстар әлі де жүріп
жатыр», - деп орнықсыздау ой қорытады. Сондай-ақ,
Л.Г.Морганның классификациясына кесте жасау барысында
ғалым: 1-кезең –
тағылық кезең, 2-варварлықты –
жабайы
Достарыңызбен бөлісу: