Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы


Эндогамияны терістеп, экзогамияның



Pdf көрінісі
бет34/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   97
Байланысты:
Kazak aruy arnayi kursy 2015 Konyrbaeva

Эндогамияны терістеп, экзогамияның шығуына 
көзқарастар төмендегіше қалыптасты: 
 қандас-ұрпақтардың үздіксіз сабақтасты түрде жыныстық 
жақындасуынан жарымжан балалар туылды; 
 басқа да адамдармен жақын байланыс жасауға әлеуметтік 
сұраныстардың тууынан; 
 тайпалар арасындағы болатын қақтығыстарды жойып, 
бейбітшілікті орнықтыруға мүмкіндік жасау. 
Әйтсе де бұл отбасылық одақ құруға бірден әкелген жоқ. 
Туылған балалар тайпаның немесе әулеттің ортақ баласы болып 
саналып, ортақ тәрбиеленіп өсті. Топтық некенің ақырында 
кластар бір топтың екінші топпен немесе бір тайпа мен екінші 
тайпаның арасындағы некелесу сияқты күрделенген түріне 
ауысу австралиялықтар мен гавайялықтарда кең тараған еді. Көп 
әйелді еркектер мен көп еркекті әйелдер арасында өзіне жақын 
яки жақсы көретін ер немесе әйел болғаны анық. Әйелдерді 
алып қашудың осы дәуірде бастау алғандығы бұл дара некеге 
көшудің белгілері болатын.
Патриархалды қоғам ғалымдардың пайымдауынша, ғылыми 
тілімізде әр түрлі қолданыста: профессор Т.Ғабитов «ата-тек» 
десе, М.Бұлұтай матриархалды қоғамды «анаханды қоғам» 
дейді. Біздіңше, матрихатты аналық қоғам деген дұрыс тәрізді. 
Алғаш өзінен туған балаларды басқару арқылы үстемдігін 
басқаларға да жүргізген аналық қоғам өзінен өзі әлсіреп, 
еркектердің үстемдік алуына жол берілді. Себебі, бұл 
кезеңдерде адамдар жетілу дәуірінде еді. Әр түрлі жағдаяттарға 
тап болып, әр түрлі тіршілік атқарған адам тезірек дамиды да 
алгоритмді тірлік адамды тоқыратады. Таңертеңнен кешке дейін 
баланы бағып-қағып өсіру мен тамақ пісіру сияқты 
қайталанбалы тірлік істеу мен күнделікті бір тірлік 
қайталанбайтын, әр түрлі ауа-райы, аң-құс аулаудың ерекшелігі 
шығармашылық жұмыстар атқаруға ықпал еткендіктен, ерлердің 
өз-өзіне сенімділік туғызғандықтан, басқару, үстемдік жасау, 
қоғамды игеру сияқты мүмкіншіліктерге бірте-бірте ие болды. 
Өзіне әйелдерден меншікті күңдер ұстап, бара-бара жұбайлық 
жұп таңдауға іштей сұраныс пайда болған. 


87 
Жекелеген жұптардың азды-көпті уақыт ішінде жұбайлық 
жұп болуға ұмтылысы жұптық отбасының бастамасы еді. 
Отбасының бұрынғы формаларында еркектерден әйелдер 
көбірек болса, әйелдер сирексуіне байланысты олардың бағасы 
арта бастады. Сондықтан да жұптық неке шыққаннан бастап, 
әйелдерді ұрлап алып қашу, сатып алу басталды. «Сатып әкеліп 
некелесу», «ұрлап әкеліп некелесу» сияқты неке түрлері пайда 
болды. Мұның өзі біздің заманымыздағы некеге жақындап келе 
жатқан сыңайлы. Ерлі-зайыптылардың тілегі бойынша неке 
бұзылып отырды, бірақ ру арасында ажырасуға теріс пікірлер 
қалыптаса бастады. Ру немесе тайпа арасында некенің 
бұзылмауы үшін жұмыстар жүргізетін. Қайта жарастыру жүзеге 
аспаған жағдайда неке бұзылып, екеуіне басқамен қайта 
некелесуіне мүмкіндік берілді. Балалар аналарында қалатын. 
Варварлықтың ортадан жоғары сатысында жұп отбасы 
арқылы моногамиялы отбасы деген жаңа түр пайда болды. Бұл 
өзі өркениеттің басталуының белгісі болатын. Бала тудыруды 
мақсат ететін ердің үстемдік етуіне (патриархат) негізделген. 
Балалардың белгілі әкеден тарайтындығына күмән болмады 
және әкеден балаға мұрагерлік тән болды. Мұның жұптық 
некеден артықшылығы ерлі-зайыптының біреуінің тілегі 
бойынша ажырасып кете бермейді. Бірақ, жұбайлардың бір-
біріне адал болу құқығы тек еркектің мүддесіне шешілді. Әйелге 
осының бәріне көніп, тек күйеуіне адал болу қатаң талап етілді. 
Моногамиялы отбасындағы ерлі-зайыптылар арасындағы 
қарым-қатынасты Гомер, Плутарх, Еврипид шығармаларынан 
кездестіруге болады. 
«Моногамия мол байлықтың бір қолға, - оның үстіне 
еркектің қолына, - жиналуы себепті және бұл байлықтарды 
басқа еркектің емес, нақ әлгі еркектің балаларына мұра етіп 
қалдыру қажеттігінен туды. Бұл үшін ерінің емес, әйелінің 
моногамиялы болуы керек болды, сондықтан әйелдің 
моногамиялы болуы ерінің ашықтан-ашық немесе жасырын 
түрле полигамиялы болуына әсте бөгет жасамады. « . 
Бірте-бірте дүнияуи құндылықтармен (құлдық пен жеке 
меншік байлықтарын ашумен) қатар дара некенің өмірге келуі 


88 
зор тарихи прогресс болды. Моногамия дара неке арқылы 
бүгінімізге жол ашты. Бір қарағанда өркениетке бет бұрған 
дамудың бұл сатысында дүниеге келген дара неке ерлі-
зайыптылық 
жұпты 
сақтау, 
отбасын 
бұзбау 
болып 
саналғанымен, еркектердің басы бос әйелдерге баруы – гетеризм 
немесе бүкіл өркениеттің өн бойына неше құбылып өршіп 
әйелдердің жезөкшелігі қалмады. Махаббат құдайының 
ғибадатханаларында ақшаға тәнін сатып, көңіл аулау діни рәсім 
деп қабылданды. Армениядағы Анантис, Коринфтегі Афродита 
гетеризмі, 
Үнді 
ғибадатханаларындағы 
әрекеттер 
жезөкшеліктің қайнар көзі еді. Мүлік теңсіздігі кезінде бұл өзі 
кәсіп болып саналды. Сонымен, топтық некенің өркениетке 
ұсынған жұптық некесімен бірге жанама жезөкшелік пен 
гетеризм қоғамдық институт ретінде дамып отырды.
Рулар мен тайпаларды, гректер мен афиналықтарды, 
немістер мен француздарды некеге қатысты мысалға ала 
отырып, дара некеге дейінгі үш мың жылдық тарихты 
жүйелеген 
пролетариат 
көсемдерінің 
бірі 
ғылыми-
философиялық тұрғыдан мемлекеттің, жеке меншіктің шығу 
тарихын зерттеуін отбасының түрлері мен шығу тарихынан 
бастап, түйіндей келе, «Жыныс махаббаты өзінің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет