Оқыту әдістеріне сипаттама
Жоспар:
1 Оқытудың әдістері, тәсілдері және құралдары;
2 Негізделген оқыту әдістерінің сипаттамасы;
3 Оқыту әдістері және оларды жіктеу проблемалары;
4 Оқыту әдістерін таңдау және қолайлы етіп пайдалану.
1 Оқытудың әдістері, тәсілдері және құралдары
Оқыту әдістері ұғымының мазмұнын анықтауда құрал, жол, тәсіл сөздерін пайдаланудың синонимдік жағынан педагогикалық әдебиеттерде әр түрлі көзқарастар байқалады. Бұл сөздер бір-біріне жақын, бірақ әрқайсысының өзіне тән мағыналық не қолдану ерекшелігі бар сөздер.
Құрал дидактикада дербес терминологиялық мәні бар сөз.
Мысалы, дидактикада қолданылатын құралдар оқыту жабдықтары, оқыту ақпаратының көздері (оқытудың техникалық құралдары, оқулықтар, оқу құралдары, көрнекі құралдар). Көрнекті құралдардың түрлері: плакаттар, географиялық және тарихи карталар, диаграммалар, кестесі, муляждар, жануарлардың тұлыптары, гербарийлер (кептірілген коллекциясы), табиғи объектілер т.б.
Әдіс (методос деген грек сөзінен туады – зерттеу немесе таным жолы), тәсілдер жиынтығы. Әдіс педагогикалық әдебиеттерде тәсіл деп түсіндіріледі.
Әдіс – оқыту процесінің негізі деп айтуға болады, ол алдын-ала жоспарланған мақсат пен соңғы нәтижені байланыстыратын звено болып табылады.
Оқыту әдістері – бұл педагог пен оқушының оқу мақсатына жетуге бағытталған реттелген іс-әрекеті.
Оқыту әдістері күрделі, көпөлшемді, көпсалалы білім. Сондықтан оқыту әдістері объективті заңдылықтары, мақсаты, мазмұны, принциптері, оқыту формалары арқылы көрініс табады. Оқыту әдістерін кеңістіктік модель, кристалл түрінде көрсетуге болады
16.1-сурет- Әдіс көпқырлы құбылыс ретінде
Педагогикалық энциклопедияда “Оқыту әдістері” – мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен білімді, іскерлікті және дағдыны игереді, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттері дамиды, - деп жазылған.
Демек, оқыту әдістері бұл мұғалім мен оқушылардың тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекетінің тәсілдері. Оқыту әдісін осылай дидактика тұрғысынан түсіндіру жалпы философиялық анықтамаға сай келеді. Әдіс дәл жалпы мағынасында мақсатқа жету іс-әрекетін нақты ретке келтіру тәсілдері.
Сонымен оқыту әдістері оқушылардың қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызады, яғни оқушалардың ойын дамытады, өз бетінше ізденіп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды.
Оқыту әдістері ғылыми таным әдістеріне байланысты, өйткені оқытуда ең бастысы оқушылардың танымдық іс-әрекеті. Ғылыми танымға қатысты бірсыпыра ережелер оқушылардың танымдық іс-әрекетінде қолданылатын оқыту әдістерінің ерекшелігін анықтайды. Бұл ережелер: оқыту әдістері ең анық фактілерді білімді қамтамасыз етеді; оқыту әдістері шындықты тануға әрекет жасайды; идея нақты өмір мәліметтерінен қорытындылады. Осы ережелердің барлығы оқушылар көзқарастарының қалыптасуының, таным қабілеттерінің дамуының негізі болады.
Оқыту әдісі мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілі, ал мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігіне оның оқыту процесін тиімді ұйымдастыра білуіне оқушылардың даярлық дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың белсенділік педагогикалық ынтымақтастығына байланысты.
“Оқыту әдістері” және “әдістемелік тәсіл” ұғымдары бір-бірімен тікелей байланысты. Әдістемелік тәсіл оқыту әдісінің элементі. Мысалы, жеке сөздерді түсіндіру, суреттерді демонстрациялау т.б.
Оқыту әдісі белгілі бір жолды көрсететін ұғым, яғни оқушылардың білімді меңгеру және дамуы тәрбиесіне бағытталған оқушы мен мұғалім арасындағы бірлесіп жүргізетін іс-әрекеттің субъектісі, субъектілік ретіндегі қарым-қатынас.
Әдіс пен тәсілдің шекарасы өте жылжымалы, құбылмалы, сондықтан олардың шекарасын анықтау қиын. Өйткені, әдіс кейде тәсілге, ал әдістемелік тәсіл оқыту әдісіне айналады. Әдіс және тәсіл педагогикалық ұғым. Олар жеке пәндерді оқытуда қолданылады.
Оқыту әдістері дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі, оқыту әдістері білім беру мазмұнын оқытудың жалпы мақсаты және міндеттерімен анықталады. Тұтас педагогикалық процесс барысында оқыту әдістерін тиімді шығармашылықпен жүзеге асыруына байланысты. Сондықтан бүгінгі күнде оқыту әдістері туралы жаңа ойлауды қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |