Оқыту әдістеріне сипаттама Жоспар


Негізделген оқыту әдістерінің сипаттамасы



бет2/5
Дата06.01.2022
өлшемі52,76 Kb.
#14974
1   2   3   4   5
2 Негізделген оқыту әдістерінің сипаттамасы

 

1.Дәстүрлі сыныптамасы. Өзінің басын ежелгі философиялық және педагогикалық  жүйелерде құралған, ал қазіргі кезде нақтыланған оқыту әдістерінің сыныптамасы болып табылады. Жалпы бөлінудің негізгі белгісі білім көзі. Бұл сыныптама төмендегі кестеде көрсетілген.

 

16.1-кесте- Әдістер



Тәжірибелік

Көру әдісі

Сөздік

Кітаппен жұмыс

Видеодәрістер

Тәжірибе

Жаттығу


Оқу-өндірістік еңбек

Иллюстративті

Демонстрациялау

Бақылау


Түсіндіру

Әңгімелеу

Әңгіме

Инструктаж



Дәріс

Дискуссия

Диспут


Оқу

Зерттеу


Реферат жазу

Шолу


Цитата жазу

Мазмұндау

Жоспар құру

Конспектілеу



Қарастыру

Оқу “Электронды мұғалім” бақылауымен жаттығу

Бақылау


 

2. Бағытталуы  бойынша.  Негізгі сыныпталу  көзі және белгісі ретінде этаптар қарастырылады, яғни:

       -  білімді қабылдау;

       -  дағдылар мен іскерліктің қалыптасуы;

       -  білімді тәжірибеде қолдану;

       -  шығармашылық іскерлік;

       -  бекіту;

       -  білімді тексеру.

3. Танымдық іскерлік типі бойынша оқыту әдістерін  И.Я. Лернер және М.Н. Скаткин қарастырған болатын:

       -  түсіндірмелі-иллюстративті;

       -  репродуктивті;

       -  мәселелі мазмұндау;

       -  бөліктік-ізденушілік (частично-поисковый);

       -  зерттеу (исследовательский).

Түсіндірмелі-иллюстративті  әдістің мәні оның келесі белгілері арқылы көрінеді:

1) Студенттерге білім “дайын түрде” ұсынылады;

2) Мұғалім осы білімді студенттер оны жоғары деңгейде қабылдау үшін әр түрлі әдістерді ұйымдастырады;

3) Студенттер бұл білімді өздерінің жадыларында сақтайды;

Репродуктивті әдіс келесі белгілер арқылы көрінеді:

1) Студенттерге білім “дайын түрде” ұсынылады;

2) Мұғалім тек қана ақпаратты беріп қана қоймай, сонымен қатар оны түсіндіреді;

3) Студенттер бұл білімді өздерінің жадыларында сақтайды;

4) Қабылдаудың беріктігі білімді бірнеше рет қайталау тәсілімен қамтамасыз етіледі.

Бөліктік-ізденушілік (частично-поисковый) немесе эвристикалық әдіс келесілермен ерекшеленеді:

-         білім студенттерге дайын түрде ұсынылмай, оны өз бетімен іздеу керек;

-         мұғалім ақпарат пен білімді баяндамай, бұл білімді іздеуде қандай құралдарды, жолдарды қолдау керектігін баяндайды;

-         студентер мұғалім басшылығымен өз бетінше білімді талқылап, әр түрлі пайда болған мәселелерді шешеді.

Дидактикалық мақсаттар бойынша оқыту әдістері 2 топқа бөлінеді:

1. Оқу материалының біріншілікті қабылдауына әсер ететін әдістер;

2. Алған білімнің жетілдірілуі және бекіту әдістері.

Оқыту әдістерінің бинарлы  және  полинарлы сыныптамалары бар. Олардың сыныптамасы 2 негізгі белгілері арқылы топтастырылады: яғни оқытудың әдістері мен оқу әдістері. Оқыту әдістерінің бинарлы сыныптамасын Махмутова М.И. қарастырған болатын. Бұл белгілер төмендегі кестеде көрсетілген.

 

16.2-кесте-Оқыту әдістері





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет