Оқыту жұмысын ұйымдастыру формалары



бет2/3
Дата18.11.2023
өлшемі32,26 Kb.
#124385
1   2   3
Дəрісбаян – оқу процесінің өзіндік анайы құрылымымен танылған тəлім-тəрбие формасы. Дəрістің басынан ақырына дейін оқытушы жаңа оқу материалын баяндап, ұсынады, ал оқушылар сол материалды белсенділікпен қабылдайды. Дəрісбаян оқу ақпаратын ұсынудың ең тиімді тəсіл жолы, себебі оқу материалы қисыны нақтыланған формада шоғырландырылып беріледі. Мұндай сабақ аяқ асты, суырып салмалыққа мүмкіндік береді, осыдан дəріс тыңдармандардың белсенділік көтеріңкілігіне дем беріп, сабаққа араласып отыруына қолдау-қуаттау көрсетеді, сонымен бірге оқу процесіне шығармашыл сипат ендіріп, сабақ ақпаратына болған қызығушылықты арттырады. Дидактикалық мақсаттарына жəне оқу процесіндегі орнына байланысты дəрісбаян: кіріспе, айқындау (установочная), ағымдық , қорытындылау жəне шолу - түрлерімен ажыралады.
Оқу дəрістерін өткізу əдіс-тəсілдеріне орай дəрісбаян түрлері төмендегідей:
- ақпараттық дəрісбаян – түсіндірме-көрнекілік əдіспен өткізілетін дəстүрлі, ежелден келе жатқан оқу түрі;
- проблемді дəрісбаян- оқу материалының ұсынылуы шешімі қажет болған сұрақтар, мəселе-міндеттер, жағдай-ситуациялар қолданумен өтілетін оқу формасы. Таным процесі-ғылыми ізденіс, диалог, талдау, əрқилы көзқарастарды салыстыру жəне т.б. жолдармен орындалатын оқу шарты;
- көрнекілі (визуалды) дəрісбаян – оқу материалын техникалық оқу құралдарын, аудио, теледидар қолдану арқылы, түсіндірме бере отырып, оқыту жүйесі;
- бинарлы дəрісбаян (диалогты дəрісбаян) – оқу материалын екі оқытушының - бірі ғалым, екіншісі – практик немесе екі ғылыми бағыт өкілдерінің сұхбаты негізінде жеткізу формасы;
- шатастыру дəрісбаяны (лекция провокация) –мұндай дəрістер алдын ала жоспарланған қателіктермен беріледі. Мұндағы мақсат – оқушылар ынтасына дем беріп, ұсынылып жатқан материалға бақылау қоюға жəне көзделген олқылықтарды байқауға үйрету. Дəрісбаян соңында тыңдаушылар білімі сарапқа салынып, жіберілген қателіктерге талдау беріледі;
- дəрісбаян –конференция – ғылыми-практикалық сабақ түрінде күн ілгері белгіленген, оқу бағдарламасына сəйкес проблемалар төңірегінде баяндамалар тыңдау жолымен өткізіледі. Сабақ аяғында оқытушы қорытынды жасайды, ақпаратты толықтырады əрі нақтылайды, негізгі тұжырымдар жасайды;
- Кеңес дəрісбаяндар «сұрақ-жауап» не «сұрақ-жауап-сөз-жарыс» күйінде материалды оқушыға жеткізу формасы;
- Екеу дəрісбаяны (лекции вдвоем)- бір пəн не тақырып бойынша екі маман бір уақытта дəріс жүргізеді. Оқушылар қатысына орай оқытушы рейтингі анықталады.
Дəрісбаян түрлері басқа да негіздемелер бойынша:
- жалпы мақсаттарына байланысты оқыту-ағарту, үгіттік, насихаттық, тəрбиелік, дамытушылық дəрісбаяндары ажыралады;
- мазмұны бойынша; академиялық жəне ғылыми көпшілік дəрісбаяндары белгілі;
- ықпал-əсеріне орай: көңіл-күй, түсінім, иландыру деңгейіндегі дəрісбаяндар қолданылуда. Құрылымдық жағынан, əдетте, дəрісбаян үш: кіріспе, негізгі жəне қорытынды – бөлімнен тұрады.
Семинар -меңгеріліп жатқан мəселелер, баяндамалар мен рефераттарды ұжымдық талқылау формасында өтетін оқу дəрісі. Семинарлардың басқа сабақтардан өзгешелігі - оқушылардың оқутанымдық іс-əрекеттері көбіне олардың өзіндік жұмыстары негізінде ұйымдастырылады.
Жүргізу тəсіліне орай семинарлардың бірнеше түрі бар. Олардың ішінде аса кең тарағаны – семинар-сұхбат : оқытушының қысқа кіріс сөзі жəне қорытындылауымен жоспарға сəйкес кең əрі ашық сұхбат əңгімелесу формасында өтеді.
семинар-сөз-жарыс. Ол қандай да бір проблеманың шешілу жолдарын айқындау мақсатындағы ұжымдық талқыға арналады. Мұндай семинардың мақсаты –дүниетанымдық бағыт-бағдар бекіту, бағалау пікірлерін қалыптастыру, пікірталас жүргізу ептіліктерін дамыту, өз көзқарастары мен ұстанымдарын қорғауға үйрету, өз ойын қисынды да анық баяндауға баулу.
Оқу конференциясы – білім арттыру, бекіту жəне жетілдіруге бағытталған оқу ұйымдастыру формасы. Əдетте, мұндай форма бірнеше топтардың қатысуымен өткізіледі.
Зертхана-практикалық сабақтар, практикумдар – оқушылардың мұғалімдер тапсырмалары жəне басшылығында зертханалық тəжірибе жұмыстар орындауына арналған оқу ұйымдастыру формасы. Бұл оқу түрі пəн кабинеттерінде , зертханаларда, шеберханаларда, оқу-тəжірибе алаңдарында, оқушылардың өндірістік бригадаларының қатысуымен өндіріс комбинаттарында өткізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет