Сайысқа қатысушылармен жеке – жеке таныстыру.
2. «Кім жылдам» эстафетасы
3. «Қаппен секір» эстафетасы
4. «Асық ату» эстафетасы
5. «Жалауды тез жеткіз» эстафетасы
6. «Жүйрік ат» эстафетасы
7. «Допты шеңберге лақтыру» эстафетасы
Біз ананың қуанышымыз
Бала кезден шыныққан
Болашақта есейіп,
Біз жеңімпаз боламыз.
2. «------------------------»
Қатар өскен құрдасқа
Жарыс ұнап тұрмас па
Қуып жету жақсы ғой
Озып шығу бір басқа.
3. «-----------------------»
Қане, қане жарысуды
Айналдырайық әдетке
Денемізді шынықтыру
Денсаулыққа қажет те.
II: «Кім жылдам» эстафетасы Ойынның шарты: Үш отбасының алдында, үш себет тұрады оның ішінде көкөніс пен жемістер салынған. Бірінші сайыскер көкөністерді отырғызады, ал екінші жинайды. Қай топ ұқыпты отырғызып, тез жинап шықса, сол отбасы жеңген болып табылады.
III: «Қаппен секіру» эстафетасы Ойынның шарты: Жарысатын үш топтың сайыскерлері мәреге келіп тұрады.
Бірінші адамның аяғында қап, осы қаппен секіріп сөреге дейін барып қайтып, екінші сайыскерге береді. Ал, балалары болса бір аяқпен секіріп барып қайтады. Қай отбасы уақытында келсе, сол жеңімпаз болады. Әділқазылар алқасы бағаларын жазып, ұпай сандарын жазып отырады.
IV «Асық ату» эстафетасы Ойынның шарты: Белгілі мәреде шеңбер ішінде асықтар қойылған. Қай отбасының сайыскерлері асықты құлатып, шеңберден шығарса, сол топ көп ұпай жинап, жеңіп шығады.
V «Жалауды тез жеткіз» эстафетасы Ойынның шарты: Команда капитандары қолына жалау ұстап ойынды бастауға белгі бергенде ойын аланына қойылған кегілені айналып өтіп, жалауды келесі балаға береді.Командалар тез өз тізбегінің соңына барып тұрады. Қай команда тез бітсе сол жеңіске жетеді.
VI «Жүйрік ат» эстафетасы Ойынның шарты: Балалар допты тақымға қысып, секіру арқылы жарысады. Ойынды сапалы әрі тез аяқтаған команда жеңіске жетеді.
VII «Допты шеңберге лақтыру» эстафетасы Ойынның шарты: Әр отбасындағы сайыскерлердің епті мерген екендіктерін анықтау. Отбасылардың алдында 2 метр қашықтықта биіктігі 1, 5 метрдей темір құрсау тұрады. Міне, осы құрсауға допты дәл лақтырса, сол көп ұпай жинайды.
Қолданылатын құралдар: эстафеталық кедергілер, доп (үлкен, кіші), шарик, қасық, үлкен ыдыс, гимнастикалық төсеніш, таяқшалар және т. б.
Сайыс соңында әділқазылар алқасы ұпай санын шығарып, қай жағы жеңгенін айтады.
Жарыстың соңына қарай барлық ойында жеңіске жеткен отбасына сыйлықтар, балаларына арнайы әзірленген алқалар тапсырылады.