Оқыту мен оқудың белсенді әдістері


БАП (басқа адамдардың пікірлері)



бет19/72
Дата03.08.2023
өлшемі268,06 Kb.
#105009
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   72
Байланысты:
белсенді әдістер

БАП (басқа адамдардың пікірлері)


Қалыптастырылатын дағдылар:

Жалпы сипаттама
Бұл тәсіл оқушыларға белгілі бір сұрақтың немесе тақырыптың төңірегінде басқа адамдардың/оппозицияның көзқарастарына назар аударуды ұсынады. Оқушылар осы пікірталастың қаралатын мәселеге қатысты факторларға, салдары мен мақсатына жаңа көзқарастар болуы мүмкін екендігін анықтауға көмектесетіндігі туралы ойланады. Оқушылар белгілі бір көзқарастың онымен келісетін адам үшін қаншалықты орынды екендігі, өз пікіріңді басқаға қыстырмалаудың орынсыздығы жөнінде ойлана бастайды. Проблемаға ықпал ететін жиынтық факторларды салыстыру үшін «БФЕ» әдісін қараңыз.
Сыныпты жоспарлау
Егер «Әткеншек» тапсырмасымен қатар қолданылатын болса, онда оқушылар бөлме ішінде партадан партаға өтіп, топта алмасуы тиіс. Сондай-ақ оқушылар орындарында қалып, берілген уақыт біткен соң оқу плакатын артында отырған топқа береді.
Жұмыс алгоритмі
1. Мұғалім оқушылармен бірлесіп басқа адамдарды шешім қабылдау мен проблеманы шешу үдерісіне тартудың маңыздылығын талқылайды. Адамдардың түрлі білімдері, қызығушылықтары, түсініктері мен құндылықтары жекелеген адамдардың көзқарасын байытып кеңейте алады. Оқушылар тақырып аясында түрлі көзқарастар туралы хабардар болады.
2. Оқушылар сынып ішінде жүріп, басқаның пікірін сұрап, оларды қағазға енгізеді. Әртүрлі бес пікір жинаған соң оқушылар парақтың төменгі тұсында пікірлерді жинақтайды да, олардың қайсысымен келісетіндігін және себебін айтады.


БАП-қа мысал бола алатын оқиға
Адвокат сотта машинасының терезесін сындырғаны үшін көршісі айып таққан жас жігітті қорғайды. Сондай-ақ жас жігіт көршісіне қоқан-лоқы көрсеткені үшін – терезеге тас лақтырып, кішкентай балаларын қорқытқаны үшін айыпталады. Осы жағдайда туындауы мүмкін әртүрлі көзқарастарды және кімнің олармен келісетінін анықтау.
3. Тапсырма аяқталған соң оқушылар топтарда ауысады да, басқа топтар анықтаған факторларды қарайды. Олар өзара бағалау үшін «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясын пайдалана алады.
4. Одан кейін оқушылар басқа топтардың парақтарына жазғандардың негізінде өздерінің алғашқы пікірлеріне өзгеріс енгізіп, немесе кеңейте алады.
5. Бүкіл топтың барлық факторларын біріктіру үшін тапсырманы орындағаннан кейін жауап алу жүргізген тиімді болмақ.
6. Белгілі бір пікірлерді одан әрі дамытып, оқушыларға белгілі бір пікірлерді айтуға көмектесу үшін «Ар-ождан аллеясы» және «Кедергілер сызығы» сияқты модельдеу тапсырмаларын пайдалануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет