Жан-жақты талқылау мен дебаттарға арналған тапсырмалар үлгілері:
Тақырып: Спорт және адамның денсаулығы
Футболшылар өз табыстарының жартысын қайырымдылық қорына берулері керек.
Допинг қолданғаны үшін кінәлі деп табылған спорт жұлдыздары спорттан өмірбақи аластатылулары керек.
Мектеп асханаларында фри картоптарын сатуға тыйым салу қажет.
ШЕҢБЕРГЕ ЖИНАЛУ УАҚЫТЫ
Мақсаты Идеялар, тәжірибе, сезімдермен бөлісу. Өзін және басқаларды терең түсіну. Топ проблемаларын баяндау.
Сыныпты жоспарлау Барлығы орындықтарға немесе еденге шеңбер жасап отырады. Сөйлеушінің қолында зат бар (жұмсақ пуф немесе доп).
Жұмыс алгоритмі Мұғалім барлығы сияқты орындыққа немесе диванның жастығына отырады. Бұл барлық оқушыларға мұғалім директор емес, үйлестіруші болып табылатынын және де өтіп жатқан сынып сабағы екенін ұмытпауға көмектеседі. Мұғалім «Шеңберге жиналу уақыты» ойынының құрылымдалған ережесінің сақталуына, яғни әрбір оқушының эмоциялары қорғалып, лайықты тапсырмалар дайындалуына жауап береді. Егер оқушылар ережені үнемі бұза беретін болса, мұғалім сабақты аяқтауға дайын болуы керек.
Бұл әдістің бастапқылардың бірі болып орындалуға тиіс кезеңдері бар. Мәселен, балалармен негізгі үш ережені алдын ала талқылап алу керек:
Бір адам ғана сөйлейді ‐ сөйлеушінің қолындағы зат ережені сақтауға көмектеседі.
Бір нәрсе туралы айтқыңыз келмесе, сіз «ойыннан шыға аласыз».
Ешқандай сын және кеміту, қорлау болмауы тиіс
БАЛАЛАР ФИЛОСОФИЯСЫ
Мақсаты Балалар философиясы балаларды (немесе ересектерді) сыни, байыппен, шығармашыл және бірлесіп ойлауға ынталандыруға бағытталған. Бұл әдіс мұғалімге қатысушылар сұрақтарды өздері құрастырып, өздері қоятын және «қалай оқу керектігін үйренетін» «зерттеушілер қоғамдастығын» құруға көмектеседі.