Сыныпты жоспарлау
Көзқарас, пікірлер ауқымын көрсету үшін екі жағында қарама-қарсы пікірді білдіретін стрелкалары бар жіпті немесе бауды пайдаланыңыз.
Жұмыс алгоритмі
Оқушылар немесе оқушылардан құрылған топтар айтылған пікірмен қаншалықты келісетіндігін айта отырып, оған қатысты өз ойларымен бөліседі. Бұны жүзеге асырудың тәсілдері өте көп: оқушылардан олардың өз пікірлерін көрсететін сызықтың нүктелеріне келіп тұруды өтінуге болады немесе олар айтылғанды алдымен топ ішінде талқылайды да, содан кейін топтан бір оқушы шығып өз тобының ұстанымын түсіндіре отырып, тобының белгі/карточкасын сызықтың бойына орналастырады. Бұл – бір сұрақтың әртүрлі жауаптарын салыстырып, пікірлер арасындағы алшақтықты анықтауға арналған өте жақсы әдіс.
(http://www.at‐ristol.co.uk/cz/teachers/Debate%20formats.doc)
Көбірек мына жерден білуге болады:
http://www.english‐teaching.co.uk/learninglearning/valuecon>nuumpg.pdf
АЛТЫН БАЛЫҚҚА АРНАЛҒАН АКВАРИУМ камилям
Жалпы сипаттама
Идеяларды команда болып ұсынуға, логикалық, сараптамалық сұрақтарды дамытуға, пікір алмасуға мүмкіндік береді.
Сыныпты жоспарлау
Топқа арналған орындықтар ортада, сыныптың қалған бөлігі тыңдаушылар ретінде отырады.
Жұмыс алгоритмі
Бір топтың барлық сынып алдында өз пікірін білдіргені болмаса, қалған жағдайда «Ыстық орындық» әдісі сияқты. Олар алтын балыққа арналған аквариумда «отырады», басқалары оларға сұрақ қойып, түсініктеме беруді талап ете аладыжәне т.б.
Көбірек білу үшін http://www.xpday.org/session_formats/goldfish_bowl
АҚЫЛДЫҢ АЛТЫ ҚАЛПАҒЫ
Жалпы сипаттама
Мәселені барынша мұқият талқылап, баланың жалпы ойлау қызметін жетілдіру үшін ойдың/сананың түрлі аспектілерін жандандыру мақсатында қолданылатын әдіс.
Достарыңызбен бөлісу: |