ДЖИГСО
Жалпы сипаттама
Бірқатар сұрақтармен жұмыс істеудің құрылымдық әдісі, сонымен қатар ұжымдық жұмысқа ықпал етеді.
Сыныпты жоспарлау
3-4 адамнан тұратын топтарға арналған контейнерлер бөлме ішінде қойылады.
Жұмыс алгоритмі
«Джигсо» әдісінің артықшылығы – топта жұмыс істеуге арналған құрылым ұсынып, сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ететіндігі.
• Мұғалім сыныпты шағын топтарға бөледі (әдетте, төрт адамнан). Мұғалім оларды сыныптың тепе-теңдігін сақтай отырып, жынысына, қабілетіне, қарым-қатынастарына қарап бөледі.
• Құрылған әр топқа дәстүрлі тапсырма беріледі. Тапсырма үлестірме материалдар түрінде таратылады. Күрделілігі бойынша оқуға арналған материалдің тиісті күрделілік деңгейі сақталуы керек. Егер топ төрт адамнан тұратын болса, басты тапсырманың ішінде топтың әр мүшесіне бір сұрақтан төрт сұрақ немесе төрт тапсырма болады. Сұрақтар немесе тапсырмалар топ ішінде оқушылардың өзара келісуі арқылы бөлінеді.
• Нақты бір сұрақты немесе тапсырманы таңдаған оқушылардың барлығы Сарапшы топ деп аталатын жаңа топ құрып, ортақ проблеманың шешімін табу үшін бірлесіп жұмыс істейді. Тапсырманы орындаудың бұл кезеңінің соңына қарай оқушы өзге «сарапшылармен» өзара қарым-қатынас жасап, мәселені талқылаудың арқасында өз сұрағы бойынша сарапшы болып қалыптасады.
• Оқушылар бастапқы топтарына қайтып оралады. Материалдар таратылады да, бастапқы топтарға ақтық тапсырма беріледі. Ол ұжымдық қорытынды шығару немесе жеке тапсырма болуы мүмкін. Бұл тапсырманың көздегені: тапсырманы сәтті аяқтау үшін оқушылар әрқайсысының сарапшы топта болған кезде алған мәліметтерін ескере отырып, бастапқы топтың бірлескен «ақылына» сүйенуін қамтамасыз ету.
ҚҰНДЫЛЫҚТАР СПЕКТРІ
Мақсаты
Пікір білдіру, құндылықтарды көрсету, пікірлердің айырмашылығын талқылау, қоғамдық талқылауға қатысу.
Достарыңызбен бөлісу: |