Болжамдарды анықтау және олармен келіспеу Шектелген тәжірибеге негізделген жалпылама пайымдаулар қолайлы, алайда олар тұжырымдардың негізді болуын қамтамасыз ете алмайды. Осыған байланысты, болжам жасамас бұрын, көбірек білу үшін болжалды шектеулер бар ма екенін анықтап алған дұрыс. Осы жағдайда қолдануға болатын жаттығулар:
Қашан сұрақ қою керек екендігін түйсіну: мен айтылғанды дұрыс түсінем бе әлде өз жалған сенімім не эмоцияларыммен оны бұрмалаймын ба?
Оқушылардың мәтіннің бір мағынасын ғана ашумен тоқтап қалмауына жағдай жасаңыз, бірнеше рет жүргізілген есептердің негізді екендігін немесе оның жай ғана қате екендігін түсіндіруге мүмкіндік беріңіз.
Ақпаратты жалпылау кезінде басқалар жасаған келеңсіз тұжырымдардан абай болып, тиянақты әрі байыпты болуға тырысыңыз.
Мәнмәтіннің маңыздылығымен келіспеу Сын тұрғысынан ойлау дағдылары объекті мен оны қоршаған орта, объектілер мен идеялар және т.б. арасындағы қарым-қатынастар жүйесін бақылауды қамтамасыз етуді көздейді. Осы жағдайда қолдануға болатын жаттығулар:
Түрлі тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан түрлі мәнмәтіндерде фраза, түсінік, идеялар, бағаны қалай қолдануға болатындығын талқылауды ұсыныңыз.
Баламаларды ұсыну және зерттеу Әдетте баламаны ұсына алу қабілетін креативті ойлау қабілетімен байланыстырады. Оқушылар ойлаудың немесе бірдеңені орындаудың бір ғана жолы бар деп түсінбеулері керек.Осы жағдайда қолдануға болатын жаттығулар:
«Көзқарасты» өзгерту. Оқушылар мінездері әртүрлі адамдарға арнап диалог құрады (мысалға, алдымен олар әйелдердің пікірі тұрғысынан диалог құрады, содан кейін осындай диалогты ер адамдардың пікірі бойынша құрады).
Бір проблеманы шешудің әртүрлі әдістерін іздеу. Мысалы, математика немесе жаратылыстану ғылымдары сабағында оқушылар бір тапсырманы, проблеманы шешудің әртүрлі тәсілдерін іздестіреді.