Рефлексивтік скептицизмді дамыту Оқушылар оқу барысында өздерінің дәлелдеу және дәйектеу жүйесіне негізделген жеке пікірлері мен идеяларын қалыптастыруы тиіс. Осы жағдайда қолдануға болатын жаттығулар:
Талқылау барысында мұғалімдер оқушыларға:
өз мәлімдемелері үшін негіздемелер мен дәлелдемелер ұсынуға;
негізделмеген деп санаған мәлімдемелермен келіспеуге;
расталмаған болжамдарға күмән келтіруге;
пікірлер мен көзқарастарының алдын ала пішілмей, дұрыс болуына;
түсініксіз нәрселерді түсіндіруді сұрауға;
басқалардың өз көзқарасын ұстануға құқығын (тіпті онымен келіспесе де) сыйлауға көмектесулері қажет.
Оқушылардың сенімін нығайту
Оқушыларыңыздың қандай да бір пікір қалыптастыруына бөгет болмаңыз және тыйым салмаңыз;
Ешқашан жете бағаламауға жол бермеңіз;
Әрқашан оқушыларға, олардың пікірлеріне қызығушылық білдіріңіз;
Егер оқушыларыңызда өз күшіне деген сенімділігі жетіспей жатса, сізге онымен жұмыс істеу қажет.
ХХ ғасырдағы британ философы Стефан Тулмин былай деген: «Орынды, тәжірибеге негізделген дәлелдемелер әдетте алты бөліктен тұрады». Аталған бөліктерді сипаттау үшін ғалым мынадай терминдерді пайдаланған:
Деректер: дәлелдеу үшін пайдаланылатын фактілер немесе негіздемелер.
Мәлімдеме: дәлелденуі тиіс пікір (тезис)
Растаулар: мәлімдемелер мен деректер арасында «көпір» болып қызмет ететін жалпы, гипотетикалық (әдетте - тұспалданатын) логикалық пікірлер.
Ескертпелер: дәлелдер немесе тұжырымдардың күшін шектейтін және де дәлелдердің дұрыс болып шығуына жағдай жасайтын пікірлер.
Жоққа шығару: басты дәлел өз күшін жоятын жағдайларды көрсететін қарсы аргументтер немесе тұжырымдар.
Негіздеме: растауларды қамтамасыз ететін тұжырымдар, яғни, теріске шығарылатын мәселені дәлелдейтін емес, ол пікірдің дұрыс екендігінің растауларын дәлелдейтін аргументтер.
Тулминнің аргументтер диаграммасы төмендегі суреттен көруге болады: