ОҚУ ТАПСЫРМАЛАРЫН ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР ҮЛГІЛЕРІ
Есте сақтау
Пайдалы етістіктер
|
Сұрақтардың үлгілері
|
Тізім жасау
Орналастыру
Атау
Білу
Баяндау
Сипаттау
Еске түсіру
Қайталау
Шығару
|
• ...кейін не болды?
• Қанша...?
• ... кім еді?
•... атай аласыз ба?
• Онда не болғанын сипаттаңыз?
• Онымен кім сөйлесті?
• ... себебін айта аласыз ба?
• ... мағынасын айқындаңыз?
• Бұл не?
•Бұл шын ба немесе өтірік пе?
|
Түсіну
Пайдалы етістіктер
|
Сұрақтардың үлгілері
|
Қорытынды жасау
Өз сөзіңізбен сипаттау
Көрсету
Алдын ала болжау
Айту
Анықтау
Басқаша сөзбен айту
Жиынтықтау
Жүйелеу
Топтастыру
Талқылау
Келісу
Сұрыптау
Салыстыру
Қарама-қарсы қою
Түсіндіру
|
Сіз өз сөзіңізбен жаза аласыз ба?
• Сіз қысқаша мазмұнын жаза аласыз ба?
• Сіздің пікіріңізше, одан әрі не болуы мүмкін еді?
• Сіздің пікіріңізше, кім ...?
• ... басты идеясы қандай?
• Кім басты кейіпкер болды?
• .... арасында айырмашылықты айыра аласыз ба?
• ... арасында қандай айырмашылықтар бар?
• сіз ... меңзегеніңізді көрсететін мысал келтіре аласыз ба?
• ... анықтамасын бере аласыз ба?
|
Қолдану
Пайдалы етістіктер
|
Сұрақтардың үлгілері
|
Жалпылау
Қорытынды жасау
Көрсету
Пайдалану
|
Сіз онда ... болатын басқа мысал білесіз бе?
• .... болуы мүмкін бе еді?
• Сіз ... сияқты сипаттамалар бойынша топтастыра аласыз ба?
• Егер ..., сіз қандай факторларды өзгертуші едіңіз?
• Сіз өзіңіздің ... тәжірибеңізде пайдаланылған әдісті қолдана аласыз ба?
• Сіз қандай сұрақ қоясыз?
• Ұсынылған ақпараттан .... қатысты бірқатар нұсқаулар дайындай аласыз ба?
• Егер сізде ..., осы ақпарат пайдалы болар ма еді?
|
Бағалау
Пайдалы етістіктер
|
Сұрақтардың үлгілері
|
Бағалау
Дәлелдеу
Сынау
Пікір айту
|
• ...үшін үздік шешім бар ма?
• ... маңыздылығын бағалаңыз.
• ... қатысты сіз өз көзқарасыңызды қорғай аласыз ба?
• Сіз ... жақсы немесе жаман деп санайсыз ба?
• ... сіз қалай шешер едіңіз?
• ... қандай өзгеріс енгізуді ұсына аласыз?
• ... ... санайсыз ба?
• Сіз ... адамсыз ба?
• Егер... , өзіңізді қалай сезінер едіңіз?
• ... қаншалықты тиімді?
• ...туралы не ойлайсыз?
|
Жасау
Пайдалы етістіктер
|
Сұрақтардың үлгілері
|
Әзірлеу
Құру
Жоспарлау
Болжам жасау
Қайта қарау
|
• ... үшін ... жасай аласыз ба?
• Неге ...туралы ән шығармасқа?
• .... шешімін елестете аласыз ба?
• Егер сіз барлық дереккөздерге қол жеткізе алатын болсаңыз, ... қалай қарастырар едіңіз?
• Сіз ... жұмыс істеуге арналған жеке әдісіңізді неге қарастырмадыңыз?
• Егер ..., не болады?
• Сіз қанша әдісті ... аласыз?
• Сіз ... қолданудың ерекше жаңа жолдарын таба аласыз ба?
• ... пісірудің жаңа рецептісін жасай аласыз ба?
|
Идеялар, деректер, айғақтар мен жағдайларды жақсы түсінуге мүмкіндік беретін оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдылары Брукфильд анықтаған(1987) төмендегі аспектілерге сәйкес белсенді оқыту мен оқу барысында қалыптасып, дамуы мүмкін:
Болжамдарды анықтау және олармен келіспеу.Өзінің жеке тәжірибесі мен түсінігінің негізінде болжамдар мен жорамалдардың шынайылығын тексеру.
Мәнмәтіннің маңыздылығымен келіспеу. Ойымыздың мәнмәтінмен үйлесуінің маңыздылығын түсінуге ықпал ету, басқа сөзбен айтқанда, тәжірибе, құрылым мен қызметтің бірлігін қамтамасыз ету.
Баламаларды ұсыну және зерттеу. Айқын және қисынды ойлана білу. Түрлі көзқарастар мен ұстанымдарды қабылдау қабілеті. Нақты және бейнелі түрде ойлана білу.
Рефлексивтік күмәндануды дамыту. Жалпыға мәлім ақиқаттан немесе сұрақтың бір ғана дұрыс жауабы болады деуден бас тарту; әркімнің әртүрлі ойланатынын, қарама-қарсы көзқарастар болуы мүмкін екендігін назарға алу.
(Брукфильд (1987) цитата Лестерден алынған (2010: 4))
Сын тұрғысынан ойлаудың жоғарыда аталған аспектілерін дамыту үшін Лестер ұсынған (2010) жаттығуларды назарға алуға болады:
Достарыңызбен бөлісу: |