МЕКТЕПКЕ АРНАЛҒАН ВИКИ ҚҰРАЛДАРЫ
Вики оқушыларға басқа оқушылармен бірлесіп жұмыс істеуге, өз білімдерімен, пікірлерімен алмасуға мүмкіндік береді және білім қызметкерлері үшін орталық онлайн-ресурс бола алады.
Вики – интернеттегі Web 2.0 қосымшаларын пайдаланудың ең оңай тәсілдерінің бірі, өйткені бағдарламалық жасақтаманы жүктеуді қажет етпейді, әрі мәтіндерді өңдейтін бағдарлама ретінде қолдануға болады. Білім қызметкерлері үшін қатынау тегін болуына, жарнамаға қойылатын талаптарының болмауына, оқушылар ақпараттарының құпиялылығына кепілдік берілетіндігіне байланысты, соңғы жылдары аталған техникалық құралды пайдаланушылар қатары күрт өсіп отыр.
Мұғалімнің Вики құруы автоматты түрде оқушыны оқу үдерісіне тартады деп санауға болмайды. Оқу үдерісіне Викиді қосуды жоспарлау бұл құралдың әлеуетін толық пайдалану үшін оқыту әдістемелері мен стратегияларын қайта ұғынуды талап етеді.
Төменде Вики құралдарын сыныпта пайдалану мысалдары келтірілген.
1. Викидің көмегімен орындалатын бірлескен жобалар. Бұл техникалық құрал орта мектеп командаларында және тақырыптық модульдер бойынша оқыту жобалары, оқу аралық жобалар үшін өте қолайлы. Вики бірлескен жобаларының артықшылықтарының бірі олардың желіде жасалатындығы болып табылады.
Мектептен тыс жерде де Интернетке қатынай алатын оқушылар мектепте болмай-ақ, жобаны аяқтау жұмысын бірлесіп жүргізе алады. Сондай-ақ бағалаумен қатар, рөлдерді бөлу және қызметті нақты анықтап алу осы стратегияны іске асыратын бірлескен оқытушы жобалардың табысты болуы үшін өте маңызды болып табылады.
2. Оқушылардың білімін көрсету. Оқушылар өз білімдерін көрсету үшін Викидің белгілі бір параметрлеріне сәйкес келетін ақпарат ұсынады. Мысал ретінде әліпби форматына сәйкес келетін оқушылар әзірлеген бастапқы жұмыстарды алуға болады.
Әрбір парақ әліпбидің тиісті әрпіне арналған, онда оқушылар әлеуметтану, математика, ағылшын тілі немесе ғылыми-жаратылыстану пәндері бойынша өткен материалдарын түсіндіру үшін жазба жұмыстарын және суреттерін (дереккөздерге сілтеме) қарастыруға ұсынады. Екінші мысал – оқушылардың Қазақстанда 1991 жылдан 2013 жылға дейінгі аралықта болған тарихи оқиғалардың хронологиясын құруы.
3. Аудиторияларда пайдалануға арналғанонлайн-ресурстар. Мұғалім оқушыларғаоқу жылы бойы белгілі бір пәнге қатысты тиісті ақпарат алуға болатын сайттардың тізімін береді. Бұл тәсілдің артықшылығы: бұл тізімге сайттарды сүзгілеудің мектептік талаптарына сәйкес келетін жаңа сайттарды қосуға болады. Сайттар тізімі өзгеріп тұрады, өйткені олар кез келген уақытта қосылуы немесе өшірілуі мүмкін. Сондай-ақ онлайн-ресурстар ыңғайлы орналастырылған, сол себепті оқушыларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ете алады.
4. Вики – сыныптың веб-парағы ретінде. Бұл стратегия оқу жылы бойында оқушыларды күнделікті ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Оның артықшылығы жеке веб-сайтқа қызмет көрсету және бағдарламалық жасақтаманы пайдалануға оқыту қажеттігінің болмауын қоспағанда, мұғалімге қажетті және оқушылар пайдаланатын ақпарат веб-парақтың ортасында орналасатындығынан көрінеді.
Оқиғалар күнтізбесі, ақпараттық бюллетеньдер, үлестірме материалдар, конспектілер, техникалық қауіпсіздік ережелері, сынып ережесі, PowerPoint таныстырылымдары, оқушылардың сыныпта жобамен жұмыс үстіндегі фотосуреттері сыныптың Викидегі веб-парағының айдарларына мысал бола алады.
Вики веб-парағына қатынау оқушылар мен олардың ата-аналарына ғана рұқсат етілгенін, әрі бұны мұғалім бақылап отыратынын естен шығармаңыз.
5. Викидің картотекалық шкафы. Мұғалім құжаттар, кескіндемелер, бейнежазба және басқа да ақпаратты сынып Викиінің арнайы аймағында сақтай алады, оған кіруді мұғалім бақылайды.
Мұғалімнің ақпаратты Интернеттің көмегімен кез-келген уақытта және кез-келген компьютерден енгізе алатындығы бұл тәсілдің үлкен артықшылықтардың бірі болып табылады. Бұл мұғалім мектепте болмайтын демалыс және жазғы каникул кездерінде өте ыңғайлы.
Жоғарыда аталғандармен қатар мұғалімнің Вики картотекалық шкафында таяуда шығарылған ақпараттық бюллетеньдер, оқушылар жұмысының үлгілері, жобалар әзірлемелері, естелік альбомға арналған сыныптың күнделікті өмірінің суреттері және қосалқы құралдар да сақталуы мүмкін.
Викидің көмегімен сыныпта байланыс орнату
Викиді сынып жұмысына қосу оқыту мен оқудың оқушыларды оқу үдерісіне тартуға бағытталған жаңа тәсілдерін талап етеді. Бланкілерді толтыру немесе дәріс конспектілерін беру сияқты дәстүрлі тәсілдер Викидің барлық мүмкіндіктерін көрсете алмайды.
Оқушылар бланкілерді өздері жасап, мазмұнын түзете алатын тәсілді қолдану Викиді оқу үдерісіне кіріктірудің бірінші қадамы болып табылады. Викиді сынып жұмысына тиімді кіріктіру үшін оқушылар ақпарат алмасу және мазмұнын түсінетіндігін көрсету үдерісіне мұғаліммен және басқа оқушылармен бірлесіп қатысуға тиіс.
БЛОГТАР
Блогер – блогтарды лезде жариялауға мүмкіндік беретін құрал. Блог дегеніміз – әдетте қысқа, бейресми және жиі жаңартылып отыратын статустардан құрастырылған қарапайым веб-парақтар. Блогер блогты оңай құруға, мәтін және суретті жариялауға, санаулы минуттарда кері байланысты бастауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |