ресурстар, сабақтар мен үй тапсырмаларын жариялауға;
ата-аналарды сыныпта болып жатқан істер туралы хабардар етіп отыруға;
өздерінің педагогикалық тәжірибесі туралы ойланып, басқа мұғалімдермен өз идеяларымен бөлісуге және кәсіби мәселелерді шешуге;
оқушылармен қарым-қатынас орнатып, оқушылар арасында пікірталас ұйымдастыруға, оларға түсініктеме беруге және т.б. көмектеседі.
Блогер оқушыларға көмектесетін жағдайлар:
үй тапсырмасын орындауда құрбыларымен, ата-аналарымен және басқалармен пікір алмасуға;
жобаны орындау барысында басқалармен ынтымақтастық орнатып, түсіндірме алуға;
оқу жылы бойында жеке күнделік жүргізуге көмектеседі;
сыныпқа сіңіп кете алмаған оқушылар үшін оқып, жазуда керемет мүмкіндіктер ұсынады.
Сыныпта блогты пайдалану Білім беру құралы ретінде блогтар кем дегенде төрт негізгі қызметті орындауға арналған тиімді құрал ретінде қолданыла алады:
Сыныпты басқару
Сынып блогы білім алушылар қоғамдастығын нығайтуға арналған портал ретінде қызмет ете алады. Оларды құру және күнделікті жаңартып отыру оңай болғандықтан, оларды сынып талаптарын, материалдарды, хабарламалар мен үй тапсырмаларын жариялауға қатысты оқушыларды құлақтандыру үшін пайдалануға болады немесе «сұрақ-жауап» айдары ретінде қызмет ете алады.
Ынтымақтастық Блогтарды мұғалім мен оқушыға алдағы уақытта жазу дағдысы және басқа дағдыларды дамыту үшін жұмыс істеуге мүмкіндік беретін орын деуге болады. Мұғалімдер оқу жөнінде ұсыныстарын жасап, ал оқушылар дағдыларын шынықтырып, өзара тексеруден пайда табады. Блогтар сонымен қатар онлайн-тәлімгерлік қызметтерін ұсынады: мысалы, жоғары сынып оқушылары бастауыш сынып оқушыларына өздерінің жазу дағдыларына сенімін нығайтуға көмектесе алады. Оқушылар сонымен қатар зерттеу нәтижелері, идеялар немесе ұсыныстарымен бөлісуге шақыратын бірлескен оқу сабақтарына қатыса алады.
Талқылау Сынып блогы оқушыларға тақырыпты кабинеттен тыс жерде талқылауға мүмкіндік береді. Блогта барлық адамдардың өз ойлары мен пікірлерін білдіруге тең мүмкіндіктері бар. Оқушылардың әрекет ету және ойлануға уақыттары бар. Мұғалімдер блогта оқушылармен бірлесіп конференцияға қатысуға зерттеудің осы тақырыбы бойынша құзыретті адамдарды жинай алады.
Оқушылардың портфолиосы
Блогтар сандық портфолио сияқты оқушылар жұмыстарын ұйымдастырады және қорғайды. Мұрағаттағы ескі жазбаларды сияқты, дағдылардың дамуы мен алға ілгерілеу қарқынын барынша мұқият талдауға болады. Сонымен бірге оқушылар өздерінің еңбектері жарияланатынын білетін болғандықтан, олар жұмысты барынша үздік жазуға мүдделі болады. Мұғалімдер және құрбылары оқушымен талқыланатын жұмысқа қатысты жеке сөйлесе алады және сарапшылар мен құрбысы тарапынан жүргізілген тәлімгерлік алдағы жұмыста пайдалану үшін сақталады.