Оқыту принциптері мен заңдылықтары Курcтық жұмыc



бет2/13
Дата22.12.2023
өлшемі1,13 Mb.
#142881
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
ПЕДАГОГИКА МУСАЕВА АЯЖАН

Курстық жұмыстың мақсаты: Оқыту заңдылықтары мен принциптеріне түсінік
Зерттеу пәні: Педагогика
Зерттеу әдістері: Курстық жұмыстың мазмұнын аша түсу үшін көптеген әдебиеттер пайдалана отырып, зерттеу саластыру, саралау мен қорытындылау.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
І Бөлім. Оқыту заңдылықтары мен принциптері және оларға сипаттама

    1. Оқыту заңдылықтары мен принциптері



Заңдар, заңдылықтар жəне принциптер мен ережелер жөнінде түсінік
Оқу теориясының негізгі құрылым бірліктері – бұл ғылым тарапынан анықталған заңдар мен заңдылықтар. Заңдар мен заңдылықтар құбылыстар, процестер мен олардың нəтижелері арасындағы жалпы, объектив, тұрақты жəне қайталанып келетін байланыстар мен тəуелділіктердің мəнін ашады. Дидактикалық процестің негізін құрайтын аса маңызды жəне негізгі заңдылықтар мен заңдар оқу принциптері немесе дидактикалық принциптер деп аталады. Бұл принциптер арқасында оқу процесіне қатысы бар көптеген заңдылықтардың мəн-мағынасы ашылады, мұғалімдер мен оқушылардың қызметтері реттеледі, барлық оқу пəндерін өтуде жəне оқудың барша кезеңдерінде олар өздерінің жалпы мəнін сақтайды. Принциптер дидактикалық процестің біртұтас концепциясын құрай отырып, табиғи бірлікте əрекетке келеді. Қазіргі кезеңдегі оқу жүйесінің ірге тасын Я.А. Коменский қалаған. Ғұлама- педагог пікірінше, оқудың негізі – табиғи сəйкестік принципі, ал барша қалған принциптер осы табиғи сəйкестікке сай бірізді іске асырылып барады. А.Дистервег бұл жүйені жаңа талаптарға негізделген нақты ережелермен толықтырды. Бұл ережелер 1) оқу мазмұнына; 2) оқытушыларға; 3) оқушыларға қатысты болды. К.Д.Ушинский тиімді оқуға қажет келесі шарттарды белгілеп берді: уақытқа сай болуы, бірізділік, табиғилық, тұрақтылық, игеру беріктігі, анықтығы, оқушылардың дербестік əрекеті, жүктемелердің аса ауыр не өте жеңіл болмауы, дұрыстық.
Қазіргі заман гуманистік дидактикасында оқу принциптері табиғи сəйкестік басты принципінің төңірегінде жүйелі біріккен. Бұл жүйедегі дидактикалық принциптер төмендегідей: 1) саналылық жəне белсенділік; 2) көрнекілік; 3) жүйелілік жəне бірізділік; 4) беріктік; 5) түсіністік; 6) ғылымилық; 7) көңіл-күй; 8) теория мен практиканың байланысы.
Біртұтас педагогикалық процесті құраушы екі басты бірліктің біреуі-оқыту процесі. Бұл процесс өте күрделі, сипаты жағынан ол тектәрбие және даму процестерінен кейін тұруы мүмкін. Сондыктан оған толық та жан-жақты анықтама беру қиынға соғады.Оқыту процесі әр текті және табиғаты жағынан әртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен қатынастарын камтиды. Процес аныктамаларының көптігі де осыдан болар.
Ежелгі және отрағасырлык ойшылдардың шығармаларында «оқыту», «оқыту процесі» ең алдымен максаты- оқушы болған оқыту қызметін біл-дірген. Ғасырымыздың басында оқу ұғымы енді осы процесті кұрайтын екі ікті-оқыту қызметі мен оқып-үйренуді камтитын болды. Оқыту оқу материалын игеруге ынталандырушы мұғалімдердің қызметін, ал оқып -үйрену ұсынылған білімдерді игеруге бағышталған оқушылар іс-әрекетін танытады.
Кейінгі жылдары «оқыту» ұғымы оқушылардың танымдық іс-әрекет тәсілдерін калыптастырушы мұғалімнің басқару іс- әрекетін де, мұғалімдер мен оқушылардың бірлікті іс-әрекетін де аңдататын болды.Мұғалім мен оқу-шының бірлікті іс-әрекеті болған оқыту процесінің мәні оқыту мен оқып үйренудің бірлігін аңдатады. Бүгінгі түсінім тұрғысынан оқыту келесі белгілерімен сипатталады:1) екі тараптылық; 2) мұғалым мен оқушының бірлікті әрекеті; 3) басқарым мұғалім тарапынан; 4) жоспарлы ұйымдасу және басқару; 5) біртұтастык және бірлік; 6) оқушылардың жас даму заңдылықтарына сәй-кестік; 7) оқушылардың дамуы мен тәрбиесіне жетекшілік.
Оқыту процесі-білімді, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушыларың дүниетанымын, күш-кайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет барысы.Оқыту барысында оқушының сана- сезімі, адамгершілік кәсиеттері, әстетикалық талғамы, түлғалық қасиеттері калыптасып дамиды.
Оқытудың психологмялык, педагогикалық ерекшеліктеріне назар аударйық[4].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет