Оқыту принциптері мен заңдылықтары Курcтық жұмыc



бет3/13
Дата22.12.2023
өлшемі1,13 Mb.
#142881
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Оқыту- мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады.
Оқыту-таным процесі.Танымның ерекшелігі оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі.
Оқытудың міндеті- оқушыны айнала ортамен (табиғар, қоғам) және адам дамуының негізгі заңдылыктарымен қаруландыру. Оқушы дүние тануда бұрын ғылымда белгілі болған, зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды заңдылыктар мен тұжырымдарды әрі қарай дамыта түседі.
Білім беру саласында оқыту процесінің мәні өте зор, өйткені осы кездегі қоғамдық өндірістік қатынастың дамуы оқытудың ғылыми практикалық деңгейіне байланысты.
Оқыту процесін ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар ұжымы бір жағынан оқыту объектісі, екінші жағынан оқыту субъектісі болады. Осыған орай, оқыту процесінде мұғалімдер мен балалар ынтымақтастығы, олардын шығармашылық еңбек етулеріне зор сүйеніш болады. Оқытудын объектілері мен субъектілері арасында әртүрлі байланыстар пайда болады. Мысалы, мүғалімдер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас арқылы ақпарат алмасуы, ынтымақтастық немесе бірлестік іс-әрекеті, тағы басқа.
Ондай байланыстар оқыту процесінің табысты болуына игі әсер етеді.
Оқыту процесінің өзіне тән компоненттері болады. Олар оқытудың мақсаты, мазмұны, формалары мен әдістері, сонымен қатар нәтижесі. Бұл компоненттер бір-бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады, демек, педагогикалық процесс сонда ғана татымды нәтиже береді.
Сыныптағы оқыту процесі, мұғалім мен шәкірттердің іс-әрекеттеріне сыртқы факторлар әсер етпейді. Мысалы, әрбір сабақ үстінде металл тотығының гидратты қышқыл арасындағы реакцияны оқушыларға басқаша түсіндіруге болар ма екен?
Әрине, басқа анықтама беруге болмайды, өйткені, бұл реакцияның нәтижесінде тек қана тұз бен су пайда болады. Мұндай реакцияны бейтарап реакция деп атайды.
Тәрбие процесінде ойлаған мақсаттарды, белгіленген тәрбие шараларын тез іске асыру, тексеру және нәтижесін анықтау мүмкін емес.
Құбылыстар мен процесстер арасындағы дамуды сипаттайтын мәнді байланыс философияда заңдылық деп аталады. Оқыту процесінің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Мұндай заңдылықтардын бірнеше түрлерін атауға болады[5].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет