Оқыту психологиясы жоспар


Адам психикасының мәдени-тарихи дамуы



бет13/13
Дата03.10.2023
өлшемі52,08 Kb.
#112863
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Оқыту психологиясы-engime.org (1)

Адам психикасының мәдени-тарихи дамуы.


  • Адам психикасының мәдени-тарихи дамуы.

  • Мәдени-тарихи теория туралы жүйе, біріншіден, адамның әлеуметтік өміріндегі тіршілік бейнесі қоғамның даму дәрежесіне; екіншіден даму деңгейі сол әлеуметтік өрістің заттарды ұстап-тұтыну деңгейіне тәуелді, үшіншіден, адамның жарық дүниеге келуінен өмірдің соңғы кезеңіне дейін ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде қалдыратын өмір тәжірибесіне, іс-әрекеті мен мінез-құлық бейнесіне, яки бүкіл жан дүниесінің өзгеріп өрістеуіне, қалыптасуына ықпал етіп отыратын тарихи фактор ретінде қарастырылады.

  • Баланың дамуы биологиялық заңдарға емес, қоғамдық-тарихи заңдарға тәуелді, демек баланың дамуы мен өсіп жетілуі, азаматтық қасиетке ие болуы, кісілік сипаттарының жетілуі де өрістеп отыратын тарихи жағдайларға, әлеуметтік ортаға, іс-әрекет тәсілдеріне байланысты.

  • Адамның дамуының қозғаушы күші – оқыту болып табылады. Бірақ оқыту дамумен бірдей емес, ол жақын арадағы даму аймағын туындатады, басында тек ересектердің қатысымен және дос-жолдастарының ынтымақтасуымен мүмкін болатын, бірақ дамудың барлық ішкі жолдарына өтіп баланың өзінің жетістігіне айналатын дамудың ішкі процестерін қозғалысқа келтіреді.

  • Бала дамуының жақын арадағы аймағы – баланың белсенді даму деңгейі мен ересектердің қатысуымен жүретін оның мүмкіндігінше даму деңгейі арасындағы аралық, «дамудың жақын арадағы аймағы пісіп жетілмеген, бірақ жетілу процесі үстіндегі функцияларды анықтайды; ертеңгі күнгі ақыл-ой дамуын сипаттайды». Дамудың жақын арадағы аймағының феномені баланың ақыл-ойын дамытуда оқыту рөлінің маңызды екендігін дәлелдейді (Л.С.Выготский).

Адам санасы – жеке процестердің бірігуі емес, оның жүйесі, олардың құрылымы. Ерте балалық шақта сана орталығында – қабылдау болса, мектепке дейінгі шақта – ес, мектептегі кезде – ойлау болады. Ал қалған психикалық процестер әрбір жаста санадағы доминантты функциялар әсерінен дамиды. Психикалық даму процесі мәндік құрылымның өзгерісімен яки дамудың қорытындылау кезеңдерімен байланыстырылған сананың жүйелі құрылымын қайта құрудан тұрады.


  • Адам санасы – жеке процестердің бірігуі емес, оның жүйесі, олардың құрылымы. Ерте балалық шақта сана орталығында – қабылдау болса, мектепке дейінгі шақта – ес, мектептегі кезде – ойлау болады. Ал қалған психикалық процестер әрбір жаста санадағы доминантты функциялар әсерінен дамиды. Психикалық даму процесі мәндік құрылымның өзгерісімен яки дамудың қорытындылау кезеңдерімен байланыстырылған сананың жүйелі құрылымын қайта құрудан тұрады.

  • Санаға тек сөз арқылы ғана енуге болады және сана құрылымының біреуінен екіншісіне өту қорытынды сөздің дамуына байланысты жүзеге асырылады.

  • Қорытындылауды қалыптастыра отырып, демек оны жоғарғы деңгейге жеткізуде, оқыту бүкіл сананың жүйесін қайта құруға қабілетті («...оқытудағы бір қадам дамудағы жүз қадамды беруі мүмкін»).


http://engime.org

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет