Оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалын іздеп отырмайды.
Оқушы оқулықты қажет етпей-ақ информатика негіздерінен кез келген мәліметті алып, оқып үйренуіне болады.
Тақырыптың үлкен, қиын бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар, клиптер, аудиохабарларды пайдаланады.
Таңдап алған хабарды көшіруге мүмкіндік бар.
Сарамандық жұмыстар жылдам түсіндіріледі.
Бағдарламаны меңгеруге арналған тест сұрақтармен қамтамасыз етілген.
Көрнекілік құралдарға деген мұқтаждықты азайтады.
Мүғалім әр оқушымен дербес жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік туғызады.
Оқушының ой өрісін, дүниетанымын кеңейтуге, тану үрдісіне ықпал етеді.
Зерттеушілік қабілеті бар тұлға қалыптасады.
ҰБТ-ге даярлаудағы тиімділігі жоғары
Психология-педагогикалық талаптардың жоқтығы.
Пән аралық байланыстың аздығы.
Көрнекілік материалдарда бірыңғай таңдау.
Оқып үйренудегі мамандық бойынша бағыты ескерілмеген.
Материалды толық қамтуы немесе оқулықтарды толық аудару.
Оқушының жеке ерекшелігі, денсаулық жағдайы ескерілмеген.
Берілген материалдағы санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталмауы.
Компьютердің графикалық мүмкіншілігі-нің қолданылуының нашарлығы және әлсіздігі.
Оқушының тіл мәдениетінің төмендеуі «тірі» қарым-қатынасқа түсе алмауы.
Жоғарыда айтылған тиімсіз жақтарды болдырмау үшін төмендегідей ұсыныс жасауға болады:
Компьютерді сабақтың белгілі бір кезеңдерінде ғана пайдалану;
Компьютерді пайдалану уақытын сақтау;
Компьютерді пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтау;
Дәстүрлі және электронды оқытуды кіріктіру арқылы жүргізу. Себебі электронды оқыту – оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу, тестілеу т.б. бағдарламалар жиынтығы. Электрондық оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді.
Атап айтқанда:
Кері байланысты іс жүзінде тез арада қамтамасыз етеді;
Жай оқулықтағы кездеспейтін қосымша материалдарды электронды оқулықтардан қысқа уақытта табуға болады;
Гипермәтінді түсіндірмелерге өту барысында уақытты үнемдеуге көмектеседі.
Кез келген сабақ бойынша ең бастысы электронды оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірілген заңдылығы болуы керек.