Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет136/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

Электрондық оқулық - құрамында оқу курсының немесе оның бөлімінің жүйелі мазмұны бар және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылатын басылым түріндегі дәрежеге ие оқыту құралы. Осылайша ақпараттық технологияларды пайдаланып оқыту мынадай нәтижелерге қол жеткізеді:

- оқу материалын терең түсінуге;

- оқу мотивациясының артуына;

- алған білімнің ұзақ уақыт есте сақталуына;

- білім беруге жұмсалатын шығынның азаюына т.б.

Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.

Оның құраушы элементтері мұғалім, оқушы, дидактикалық материалдар мен дербес компьютер. Осы элементтердің барлығы да бір-біріне өзара әсер ететін ақпараттар ағынымен байланысқан. Осы құрылымда алғашқы маңызды аспект ролін мұғалім мен оқушының компьютерлік сауаттылығын қамтамасыз етуі, яғни олардың компьютермен және оның сыртқы құрылымдарымен жұмыс істей білу деңгейлері, компьютердің жалпы қызмет ету принциптерін түсінуі, осы жүйенің жалпы мүмкіндіктерін ұғынуы саналады.

Оқушылар электронды оқулықтан оқығанын, көргенін елестете отырып тақырыпқа берілген тест сұрақтарын шешеді. Ал электронды оқулықта тест сұрақтары күрделенген тест және жеңілдетілген тест түрінде болады. Қорыта айтқанда компьютерді сабақта қолдану барысында оқушылар:

1. Қарастырылып отырған тақырыптың мағынасын терең түсінеді;

2. Оқушы жұмысты орындау барысында ғылыми зерттеу жұмысына тартылады, оның бойында зерттеушілік қабілет пен ынта қалыптаса бастайды.

Енді электронды оқулықты пайдаланудың тиімді және тиімсіз жақтарына тоқталайық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет