Балаға арналған бұрыштың жабдығы мынадай болады: орындық, стол, кішкентай шкаф немесе кітаптары мен дәптерлерін қою үшін текше, демалуына жайма төсек қойылды.
Оқу өмірінің алғашқы күндерінен бастап – ақ баланы өзінің жұмыс орнында тазалық пен тәртіп сақтауға үйрету керек. Оқулықтары мен дәптерлерін қаптап алуға көмектесіп, бұдан былайғы жерде оларды күтіп ұстауын бақылап отыру керек.
Балалардың ата – аналары үйге берілген тапсырмалардың мерзімін күн тәртібінде белгіленген уақытта орындалып отыруына қамқорлық жасауы керек. Үйге берілген тапсырманы орындау үшін белгілі бір сағат белгіленуі тиіс. Мектептегі сабақтан кейін барып сабақ әзірлеуге кіріседі. Үйге берілген тапсырманы шамамен 3 – 5 сағат аралығында орындалуы тиіс.
Балалар үйге берілген тапсырманы орындап отырған кезде, мүмкіндігі болғанша, тыныштық сақтау қажет. Оқушы еш нәрсеге алаңдамай, ойланып жұмыс істеуі керек. Мұны баланың оқу өмірінің алғашқы күндерінен – ақ бақылау керек.
Ата – аналар балалардың мектеп тапсырмаларын сапалы орындауларын бақылап отыруы тиіс. Бұл үшін ата – анаға балаға үйге қандай тапсырма берілгенін білуі керек. Оқушылардың оқып жүрген оқулықтармен тапсыруы керек, мүмкін болса мұғаліммен жиірек кездесіп, балалардың білімдері мен дағдыларында кемістік бар – жоғын анықтауы керек, балалардың сабақтарына көмек көрсетудің жолдары жайында мұғаліммен ақылдасып отыруы керек.
Ата – аналар балалардың сабақ үлгерімін көтеруге мектепке үлкен көмек көрсете алады. 1 – 2 сынып оқушылары кітап оқу жөніндегі үйге берілген тапсырманы орындаған кезде, ата – аналар балалар әуелі дауыстап оқуын, ал одан кейін іштерінен оқуын бақылап отыруы тиіс. Егер де дауыстап оқығанда оқушы сөзді қате оқылған сөзді буынға бөліп, дұрыс оқуды талап ету керек.
Жазу жұмыстары жөніндегі тапсырманы орындағанда баланың дұрыс отыуын, қаламды дұрыс ұстауын, дәптерді дұрыс қоюын байқап жүру қажет.
Үйге берілген тапсырманы орындағанда балаларды өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу керек, балалардың есептердің, мысалдардың әзір жауаптарын, шығармалардың мазмұны ата – аналар айтып беру тиіс емес, қайта оларға кездескен қиыншылықтарды өз күштерімен және білуге үйрету керек. Ата – аналар оқушы үйге берілген тапсырманы орындаған кезде барлық күшін жұмсағанның өзінде де өз бетімен қиыншылықтарын шыға алмайтын жағдайларда ғана оқушыға көмектеседі.
Мұғаліммен кездескенде баланың ата – аналары қандай мәселелердегі жиі қиналатын оған хабарлап отырады.
Ата – аналар міндетті түрде сабақ кестесін білуі және берілген тапсырманың күнделікті орындалып отыруын қадағалауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |