ТАРИХ САБАҒЫНДА ОҚУ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Ниеткалиева Г.(Ақтөбе)
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің болашағы жоқ, ХХІ ғасыр-білімділер ғасыры»,-деп атап көрсетті. Ендеше, елімізді өркениетті елдер қатарына қосатын жас жеткіншекті білім нәрімен сусындататын мұғалім болмақ. Ұстаз өз мамандығының шебері болғанда ғана табысқа жететіні белгілі, сонда келешегіміздің жарқын болатыны сөзсіз.
Еліміздің келешегін айқындайтын нәрсе-білім. Ел келешегі-жас ұрпақты жан-жақты білім иесі етіп тәрбиелеудің маңызы зор. Білім- тоқтаусыз, толассыз үдеріс. Даму да, білім де ешбір адамға қолдан беріле салмайды. Қол жеткізгің келсе әрекет ет, күш сал. Ол – өз бетінше білім алу. Ал өз бетінше білім алу үшін танымдық қажеттіліктер мен қызығушылығың күшті болуы керек. Заманыңа сай мықты білімді болу – тек қана өз қолыңда. Сабақ түрі жаңа заман талаптарына сай өзгеріп, жаңарып отырса, жеткіншектерге оның әсері мен ықпалы ерекше болады.
«Халық пен халықты теңестіретін - білім» - деп қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай, білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу – біздің мақсатымыз. Сондықтанда жаңа жаңалықтардан қалмай жаңалық жаршысы болуымыз керек. Бұл мақсаттарға жету үшін мұғалімнің ізденісі, жаңа тәжірибе, жаңа технологиялар қолдану қажеттілігі туындайды. Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту - таным әрекетін ұйымдастырудың ұтымды формасы. Мақсаты–оқу үрдісінің өнімділігін арттыру. Инновациялық технологияны қолдану: оқып үйрену, меңгеру, өмірге ендіру, дамыту кезеңдері арқылы іске асады. Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар, оқушыны оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын, қызығушылығын оятады. Баяндамада оқушының ойлау қабілетін арттыру үшін қолайлы деп санайтын инновациялық технологияларды қолдану әдістері туралы айтылады.
Ұстаздың басты міндеті-жеке тұлғаның өзіне, қоғамға қажетті қабілеттерін қалыптастыру, дамыту және өз бетімен білім алуға, өзін-өзі дамытуға жағдай жасау. Ұстаз аталмыш міндеттерді жүзеге асыруда ақпаратты технологияны тиімді қолданып, сапалы білім беруге ерекше көңіл бөлуі қажет. Сапалы білім оқушының сабаққа қызығушылығы болған кезде ғана жүзеге асады.
Сабаққа оқушының қызығушылығы не себепті төмен? Дәстүрлі сабақтарда жаңа сабақты меңгеруде сынып оқушыларын толық қамти алмаймыз, бірі-сабақты түсінбесе, екіншісі бұл материал таныс, сондықтан оқушыға тыңдау қызықсыз, үшінші оқушы бір сарынды сабақтан жалығады. Нәтижесінде орташа деңгейдегілер материалды игеруге деген қызығушылығын жоғалтады, ал қабылдау деңгейі төмен оқушы белсенді болғанымен оқу үдерісіне ене алмайды. Мұның себебі –оқушылардың психологиялық тұрғыдан әртүрлілігінде. Есту, жазу, сезіне отырып көру арқылы қабылдайтын оқушылар үшін мультимидиялық –оқулықтар өте тиімді.
Оқушылардың сабақтағы қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастырудың жолдары сан алуан. Бұл пікір педагогикалық әдебиеттерде көрсетіліп, нақтыланған, әрі бірнеше ғалымдарпікіріне үндесіп отырады. Сондықтан, қандайда бір пән борлмасын, сол пәнге оқушының қызығушылығын, нақтыланған әрі бірнеше шарттары мен қолданылатын жұмыс түрлеріне сәкестігі мынандай:
Берілген білім мен мазмұнымен оқушының жас ерекшелік ақыл –ой даму деңгейінің сәйкестігі.
Берілетін білім мазмұнының қызықты болуы.
Оқу әрекеті мотивінің, міндет, мақсатының айқындылығы.
Мұғалімнің кәсіби және мәдени құзырлығының жоғары деңгейлігі.
Оқушылардың мінез – құлық, қабілет ерекшелігінің ескерілуі.
Оқушылардың өз бетінше және шығармашылық жұмысының тиімді ұйымдастырылуы.
Сабақта берілетін оқу материалдарын оқушыларға жеткізу үшін, әртүрлі оқыту әдістерін қолдануға болады.
Оқушы бойына білім, дағды, құндылықтарды қалыптастыруда тарих пәнінің алатын орны ерекше. Кешегісіз бүгініміз, ал бүгінгісіз ертеңіміз жоқ екенін шәкірттеріміз тарих пәні арқылы жақсы білуі керек. әрбір оқушының жүрегіне жол таба білу, оны қызықтыра білу, ойланып сөйлете білу-ұстаздың шеберлігінің жемісі.
Тарих – мектептегі оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың негізін құрайды. Тарих ұлттық өзіндік сана-сезімді және адамгершілік-этикалық нормаларды қалыптастыра отырып, оқытудың дүниетанымдық негізін қалыптастырады. Тарихтың басқа пәндермен өзара байланысы талдау, жинақтау сияқты ортақ логикалық таным әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, гуманитарлық циклдағы пәндермен байланысы картамен, мәтінмен жұмыс істеу, оқиғалар мен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындау сияқты ортақ әдіс-тәсілдері негізінде іске асады. Тарихи білім берудің басты мақсаты мен міндеттері мынадай:
- оқушылардың адамзат қоғамының ежелгі заманынан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру;
- бүкіл адамзат жасаған құндылықтарды, мәдени тарихи тәжірибенің негізін оқытып, меңгерту;
- оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, оларға адамзат жинаған әлеуметтік рухани, адамгершілік тәжірибесін меңгерту;
- оқушыларды өз халқы мен басқа халықтардың мәдениеті мен тарихын, бүкіл адамзаттың мәдени мұрасын сақтауға тәрбиелеу;
- оқушылардың бойында Қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру;
- эстетикалық, экономикалық тәрбие беру, діннің тарихтағы қызметін дұрыс түсіне білуге тәрбиелеу.
Осы міндеттер мен мақсаттарды орындау үшін қазіргі педагогиканың жаңалықтарын, оқу әдістемелік тәсілдің тиімді жолдарын таңдау, үздіксіз ізденіс пен білім сапасын жақсарту қажет. Тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін сапалы білім берудің тиімді жолдарын таңдау, тарихи және мәдени мұралармен таныстыру, қосымша элементтерді пайдалану мен тарихи деректерді оқып үйренуге дағдыландыру, баяндама, рефераттар, хабарлама жасату, өз бетінше оқып білім алып шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау сияқты жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу және т.б. Осыған орай, біз яғни мұғалімдер қауымы орыстың ұлы педагогі К.Ушинскийдің «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген сөзін әр уақытта естен шығармауымыз қажет.
Білім сапасын көтеруде, оқу әдісін жандандыру мақсатында болып отырған қазіргі кезеңде өзіндік жұмыс оқушылардың белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілетін арттыруға, жетілдіруге көмектеседі. Оқушылар ой-өрісін , қиялын дамытады.
Өзіндік жұмыста оқушы:
Істейтін жұмыстың мақсатын біледі.
Жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығады;
Оқушылар өз еркімен орындайды.
Оқушылардың логикалық ой-өрісін дамуына және өздігінен жұмыс істеу қабілетінің қалыптасуына ықпал етеді.
Қоғамда ақпараттық технологиялар күннен күнге дамып өрістеп келеді. АКТ-ны қолдану арқылы біз сабағымыздың дәстүрлі сабақтардан көптеген айырмашылығы бар екенін және техниканы меңгертеміз, әлемді танытамыз, пәнаралық байланыс жасаймыз.
АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр.
Қазіргі таңда АКТ кең ауқымды түрде дамып келе жатқаны белгілі, кейбір оқушылардың үйлерінде компьютер бар, мобильдік телефонды емін-еркін қосып отырады. Оқушылардың интерактивті тақтамен жұмыс жасауы қалыптасқан, тақтадағы түрлі тапсырмалар, жаттығулар орындай алады. Әсіресе, сыныптан тыс жұмыстарымды интерактивті тақтанын көмегімен көрсеткенім нәтижелі болды.
Өз тәжірибемде оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында әр түрлі әдістерді пайдаланамын. Жаңа тақырыпты ашу үшін «бұл туралы не білетін едік, есімізге түсірейікші» деп оқушылардың 2-3 минут ойландыру арқылы бұрынғы білетінін ой елегінен өткізіп, ойлана білуге бағыттаймын.
Қорыта айтқанда, шығармашылық қабілеті дамып, қалыптасқан оқушы зерттеушілік жұмыстардың игеру жолдарын таба алады, негізгі мақсатына қол жеткізе алады. Мектепте бүрынғы үрдісте мұғалім-кітап- оқушы болса, жаңа технологияда оқушы-кітап-мұғалім.Білім дайын күйінде ұсынылмайды. Бала –тыңдаушы, мұғалім информатор. Керсінше бала-зерттеуші, жаңалық ашушы.
Олардың дағды, іскерлігі, зерттеушілік қабілеттері бір проблема- мәселені шешу арқылы қалыптасады. Мұғалім-оқушы ісіне бағыт беруші, ұйымдастырушы. Бүгінгі күнде ең алдымен жеке тұлғаның оның қажеттілігі мен қызығушылығына көңіл аударуды күшейтіп, жеке тұлғаның қасиеттерінің барлық байлығын дамытып, оның толық ашуға мүмкіндікжасау. Сондықтан тарих сабағында оқушылардың қызығушылығын арттыруға, әр сабақтың дұрыс ұйымдастырылуына көңіл бөлемін.
Достарыңызбен бөлісу: |