Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


КІШІ ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУ НЕГІЗДЕРІ



бет152/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   668
КІШІ ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУ НЕГІЗДЕРІ
Ниязбекова З. (Қызылорда)
Бастауыш мектептің негізгі мақсаты – басты іс-әрекет оқу болып табылатын баланы жаңа өмірге дайындау және балада бастапқы мектеп біліктерін қалыптастыру. Төменгі сынып оқушыларының жаңа ұғымдарды меңгеру үдерісі сәйкесінше 3 кезеңнен тұрады:

1-кезең – түсіну; 2-кезең – ой елегінен өткізу; 3-кезең – қолдану.

Бұл үдерістер ұғымдарды жалпылау, ұғымдарды жіктеу және т.б біліктіліктерді қалыптастыру арқылы іске асырылады, яғни зерттеу нысанын мақсатқа сай талдау негізінде маңызды және маңызды емес нысандары бөлініп алынады, жалпыланады, оның негізінде жеке есептері шешіледі.

Оқыту оқушыларды жаңа ақпараттық ортада қажетті жаңа құзырлық, білім, біліктілік және дағды, іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыруды қамтамасыз етуі қажет.

Оқытудың негізгі міндеті – оқушылардың ақпарат және ақпараттық үдерістер жайлы алғашқы түсініктерін қалыптастыру және жалпы оқу, қатысымдық біліктерін – оқу мақсатында және өзіндік дамуды іске асыруда ақпараттық технологияны пайдаланудың бастапқы дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Оқыту барысында төменгі сынып оқушыларының білімін тексеру және бағалау оқыту үрдісінің маңызды құрамдас бөлігі және мұғалім іс-әрекетінің маңызды міндеті болып табылады. Оқушының білімін тексеру және бағалау қоғамның қазіргі кездегі талаптарына, педагогикалық және әдістемелік ғылымдарға, бастауыш сыныптағы бірім беру мақсатына сәйкес болуы қажет. Оқушылардың білімін тексеру тек қана орындалған іс-әрекеттің соңғы нәтижесінің дұрыс немесе дұрыс еместігі жайлы мәлімет алу үшін ғана емес, сонымен қатар іс-әрекет түрінің сол меңгеру кезеңіне сәйкестігін де анықтауы қажет.

Бақылау барысында оқушылардың қол жеткізген білім, біліктілік және дағдысының сапасымен дәрежесі тексеріледі.

Бұл аралықта оқушы қатемен жұмыс істейді, мұғаліммен бірге отырып, оқу іс-әрекеті ретіне талдау жасайды, мұғалім оқушыға жіберген қатесін жөндеудің мүмкін жолдарын түсіндіреді, бұл жетістік жағдайын сүйемелдейді және оқушының бақылауға деген дұрыс қатынасын қалыптастырады.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» жобасын көпшілік қауымға талқылауға ұсынғандығы бізге белгілі.

Мұнда қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарламалар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертуде.

Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты: білім алып, білік пен дағды- машыққа қол жеткізу ғана емес, сонымен қатар дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу талдау және ұтымды пайдалану нәтижесінде болашақ жастарды заман талабына сай қалыптастыру болып табылады.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі әлемде болып жатқан өзгерістермен онша үндеспей отыр. Сол себепті, бүгінгі күні еліміздегі педаггикалық қоғамдастықтың алдында білім берудің жаңа моделін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр, бұл жүйенің негізгі ұстанымдары «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» нақты көрсетілген.

Жоғарыда аталған мәліметтерге жүгінсек, мектептегі информатиканы үздіксіз оқыту қажеттілігіне сәйкес, жаңа дәуірге сай, жаңа ақпараттық технологияларды бар мүмкіндіктерін жеткілікті дәрежеде қамту басты назарда болып отыр. Информатиканы үздіксіз оқыту мәселесі, бастауыш мектеп оқушыларына информатиканың алғашқы түсініктері мен ұғымдарын беріп, сонымен қатар, оларды басқа да пәндерді оқып үйренуде жастарды ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындауды осы кезеңнен бастау қажеттілігінен туындайды.

Мұндай келелі мәселелерді шешу, теориялық, психологиялық жағынан негізделген зерттеу жұмыстары негізінде жүзеге асырылады.

Бастауыш сыныптарға информатиканы енгізу жөніндегі мәселенің біздің мемлекетімізде қолға алынып зерттеле батағанына 19-20 жылдай уақыт болды. Бірақ осы күнге дейін әлі тек гимназия мен лицей сияқты мектептердің кейбіреулері ғана оқытып келеді. Ал жаппай оқытылуына әлі де болса дайын емес екендігіміз белгілі, мұның негізгі себебі: бастауыш мектептерге информатика пәнін енгізудің мемелекеттік стандартының жоқтығына келіп тіреледі.

«Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр пзиция басқаларына әсе етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды»

Бүгінгі таңда П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарын белгі және сызба үлгілері негізінде қарқындап оқыту технологиясы, М.Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, П.И.Третьяковтың, К.Вазинаның модульді оқыту технологиясы, В.М.Монаховтың, В.П.Беспалъконың және басқа көптеген ғалымдардың технолгиялары кеңінен танымал. Қазақстанда Ж.А. Қараевтың, Ә. Жүнісбековтың және т.б ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда. Информатиканы оқыту сапасын арттыру үші педагогикалық технологиялардың ішіндегі тиімділерін таңдап, анықтай білу – әрбір информатика мұғалімінің негізгі міндетіне айналуы тиіс. Мұндай жауапты міндетті кез-келген информатика мұғалімі орындай алуы үшін осы сала бойынша олардың біліктіліктерін көтеруіміз қажет. Осыдан келіп, әрбір технологияны информатиканы оқытуда пайдаланып, оның тиімділігін анықтайтын тәжірибелік жұмыстар жүргізу қажеттілігі туындайды. Аталған қажеттілікті шешу үшін педагогикалық технологияның барлық түрлеріне сипаттама беріп, оны информатика пәнін оқытудағы мәнімен байланыстыратындай әдістемелік құралдар құрастырғаны жөн.

Оқытудың компьютерлік технологиясы – оқытудың бағдарламалық идеяларын дамытады, мүлдем жаңа технологиялық жолдар ашады.

Оқытудың компьютерлік технологиясы мәліеттерді компьютер көмегімен даярлау және беру процестері. Бұл технология материал мазмұнын кейбір модельдерді пайдалануға негізделеді.

Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Сол себепті педагогикалық үрдісті технологияландыру мәселесі маңызды болып саналады. Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің дамуының негізгі құралы ақпараттық қорлардың қажеттілігі болып табылады. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда. Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды. Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, информатикадан сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Компьютерлік технологияны қолдану өздігінен сабаққа дайындалу деңгейін арттырады; оқу процесін жүргізуді қызықты етеді; шығармашылық жағынан бұрын болмаған кәсіби дағдыларды қалыптастыратын жаңа мүмкіндіктер туғызады.

Соңғы жылдары информатиканы оқыту жүйесінде ғана емес білім беру жүйесінде компьютерлік технологияны пайдалану белсенді түрде жүзеге асырылуда. Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз – оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметіндегі есептеуіш техниканың техникалық құралдары, олардың рөлі мен орны туралы ғылыми білімнің жүйесін және оқытушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері деген анықтама беруге болады. Яғни, ақпараттық технология – білім беру мекемесі мамандарының жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар және балаларға білім беруші құрал.

Ақпараттық технология қызметінің құралы ретінде жаңа ақпараттық технологияның компьютерлік құралдары қолданылып жүр, алайда заман талабына сай компьютерлік техниканың дамып жетілуіне байланысты ғылыми сипаттағы компьютерлік бағдарламаларды жасау керек және ол оқушының іс-әрекетінің интеллектуалды құрылысыменсәйкес келуі тиіс. Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың бірнеше бағыттары көрсетілген, солардың ішіндегі мектептегі оқу практикасында қажеттілерінің негізгілері мыналар: компьютер – оқушы білімін бағалау құралы; компьютерлік модельдеудің қолданатын зертханалық практикум; мультимедиа-технология, жаңа материалдарды түсіндірудегі иллюстрациялық құрал; дербескомпьютер, білім жетілдіру құралы. Мұғалім жұмысы практикада оқушы білімін бағалау үшін алатын тақырыптық тестерден көрінеді. Тест көзімультимедиа компакт-дискілер немесе интернет желісі болуы мүмкін.

Ақпараттық қоғамның дамуына байланысты мектептегі қайта құру, оқытудың мақсатын, мазұнын, тәсілін және компьютерлік технологиямен оқу үрдісін ұйымдастыру шараларын түбегейлі өзгертуді талап етеді. Білім беруді ізгілендіру, демократияландыру және саралау жаңа оқу мазмұнының ұстанымдары, сонымен бірге ұлттық және аймақтық ерекшеліктерді ескеру, алға қойған педагогикалық мақсатқа жетудің ең тиімді жолы болып есептеледі.

Жалпы, бұл мәселенің негізгі мазмұны нені білдіреді? – деген сауалға төмендегідей жауап береміз: ұлттық және аймақтық ерекшеліктерді ескеру – бұл баланың өмір-болмысын айқындау болып табылса, ал, этнопедагогика – бұл баланың пиғыл-ниетін, мінез-қасиетін, мақсат-мұратын жіктеп-жүйелеп беру болып табылады. Бұл айтқан мәселелерді информатика пәнін оқытуды жаңа талапқа сай ұйымдастыру барыснда ол пәннің мазмұнын және оқыту әдістемесін анықтағанда ескеретін жайт болып табылады.

Оқу-тәрбие үрдісінде компьютерлік технологияның пайдалану қажеттілігі бүгінгі күннің әлеуметтік-эканомикалық талаптарынан туындап отыр. Көп жылдан бері қалыптасқан дәстүрлі сабақ беру әдісіне компьютерлік технологияның жаңаша өзгерістер мен идеяларды қосатынына сенім мол. Сонымен бірге компьютерлік технологияның бала тәрбиесіне әсерін зерттеу, оның өз бетіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыру педагогика ғылымының өзекті мәселесінің бірі.

Компьютерлік технология көмегімен оқушының оқу-таным үрдісінің талдауы да, өзіндік баға беруі де, өзін-өзі бағдарлауы да дами бастайды. Оқушының шығармашылық қабілетінің дамуына мұғалім көмектессе, ал компьютерлік технологияны оқыту үрдісіне енгізу барысында компьютер оқушының интеллектуалды дамуына игі әсерін тигізеді. Мұндай үрдіс кезінде «оқушы – мұғалім - компьютер» байланысы жүзеге асады.

Үлгі ойлау мен дәлелдеудің алгоритмі болғандықтан, оқушы компьютердің көмегімен мұғалімнің берген сұрақтарына қиналмай, тез жауап беруге тырысады және бұл жағдайда оқушының назары оқығанды еске түсіруге немесе қайталап айтуға емес, оның мәніне, себеп-салдар тәуелділігіне байланысты салмақтап, сезіне білуге аударылады. Мұндай оқыту кезінде ең нашар оқушының өзі де ешбір қиналмастан жауап береді. Бірақ практика көрсеткендей, компьютер толыққанды оқу құралына әлі айнала қойған жоқ. Бұл көптеген дербес жағдайларға байланысты.

Уақытша. Мектеп бағдарламасындағы әрбір пәннің өз ұйымдастырушылық – әдістемелік және мазмұндық ерекшеліктері болады, соған орай оған ақпараттық технологияны «енгізу» кезін таңдай алу керек.

Техникалық. Дербес компьютерлердің техникалық сипаттамасы әрқилы. Сондықтан өзімізге қажетті қосымша құрылғыларды (сканер, принтер, модем, наушниктер, микрофон және т.б) таңдай білуіміз керек.

Ұйымдастырушылық. Пәнді оқыту үрдісіне ақпараттық технологияларды енгізу барысында бағдарламалық жабдықтарды баптау және құрылғыларды жөндеу сұрағы тұрады. Сондықтан мұғалімдерге білікті көмекші қажет. Осы шарттарды орындаған жағдайда қазіргі ақпараттық технологиялар әсер етуші дидактикалық құралдар болмақ. Оқу үрдісінде компьютерлік техниканы қолданудағы қиыншылықтар көбіне мұғалімнің дербес компьютерді дидактикалық құрал ретінде қабылдауына дайын екендігіне байланысты.

Қазіргі кезде компьютердің көмегімен тек белгілі бір аудиторияларда ғана емес, сонымен бірге қашықтан оқыту үрдісі де дамып келе жатыр. Ол үшінИнтернет желісіне қосылған компьютер керек. Қашықтан оқыту кезінде тапсырманы және онымен бірге ұсынылған оқулықтарды қарап отырып білім алғысы келетін адам өзі ізденіп, жауаптарын салып жібереді немесе бірлескен телеконференцияларға қатысады. Оқытудың бұл түрі анағұрлым арзан, әрі қалаған уақытында оқуыңа, тапсырмаларды орындауыңа мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет