Литература
Белякова Л.А., Беляков Е.В. МОУ "СОШ № 46" г. Брянска
Глотова И.В. Применение ИКТ в свете требований современного образования/
3. Коротаева Е.В. Обучающие технологии в познавательной деятельности школьников. М.:Сентябрь, 2003 год.
4.Образование и XXI век: Информационные и коммуникационные технологии. – М.: Наука, 1999. – 191 с.
5. Электронный журнал «Педагогика online» 04/06/2012
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ҚАТЕМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ЖОЛДАРЫ
Базарбаева С., Шоқай М. (Қызылорда)
«ХХІ ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелері сөзсіз » делінген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2005 жылғы 18-ші Қазақстан Халқына Жолдауында. Бұл, біріншіден, жалпы білім беретін мектептерге және оқушылар болашақта жақсы маман, білімді азамат болуына ең басты жауапты адам- байланысты екені баршамызға мәлім. Ұстаз еңбегі оқушы білімімен өлшенеді. Қазіргі заманның ұстазы, ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып, төл мәдениетін қастерлейтін, сыйлайтын, оны өзгеге таныта, сыйлата алатын, дүниежүзілік мәдениетті танитын, рухани дүниесі бай, интелектуальды деңгейі жоғары, білімді, білікті болуы тиіс.
Қазақ тілі пәнін оқытудың сапасы мен мақсатын одан әрі жетілдіру де бүгінгі күннің талабы. Бастауыш сыныптардағы қазақ тілінен оқушылардың сауаттылығы алған білімін практикалық тұрғыда қолдана білуі қоғам үшін де, өзі үшін де қажетті шарттың бірі. Ал мұғалім жақсы қаза тілінің шұрайлылығын, байлығын, оқушы үнемі сезінетіндей жағдай жасау, туғызу, әдеби нормада сөйлеуге әр уақытта көңіл бөлумен бірге, ойын жазбаша сауатт , көркем жеткізуге назар аудару керек.
Сауаттылыққа жетудің басты басты жолдарының бірі қатемен жұмысты, қатені болдырмауға арналған жаттығуларды әр сабақ сайын жүйелі жүргізу болып табылады.
Жазбаша жұмыспен ауызша жұмысты бір жүргізген тиімді. Ауызша жұмыстардың мақсаты- оқушыларды дұрыс, әдеби тіл нормасында сөйлей білуге дағдыландыру. Жазбаша жаттығулардың мақсаты - оқушылардың әлі таныс емес, бірақ сөйлеу тілдерінде жиі қолданатын, сол сияқты жазуға берілген жаттығуларда отыратын ережелерге байланысты сөздерді дұрыс жазуға дағдыландыру. Қатені болдырмау үшін грамматика мен емледен оқушылардың білімін, дағдысын есепке ала отырып, олардың олқы жақтарын дәптерге түсіріп отырамын.
Осы дәптерге үнемі сол балалардың қатесін белгілеп жазып жүремін де, оларға жеке тапсырмалар беремін.
Оқушылардың жіберген ортақ қателері анықталады.
1.Оқушылар жазба жұмыстарында бақылау сөзді естілуінше, айтылуы бойынша жазып м,ү,ң, қ,ұ әріптерінен қате жіберген. Мысалы: наңға-нанға, күнгөй-күнгей, ом бір- он бір, жүгүр- жүгір, құлұн-құлын т.б.
Демек , оқушы орфографиялық ережелер мен орфоэпиялық ережелерді жетік білмейді.
2.И, іріптерінің бірінің орнына бірін жазып қоюы.
3.Үнді дауыссыз дыбыстары әріптерінің емлесі көңіл бөлуді қажет етеді.
4.Сөз ішінен әріп тастап кету, қосып жазу, тасымалдан т.б қате жіберілген. Т.б.
Жазба жұмысының қорытындысы бойынша сыныпқа «Деңгейлік тапсырмалар » беруге болады. «Ондық нысана» тестін, «Кеңейтілген қайталау» тәсілі және «Кездейсоқтық» ойындары, «Сәйкестендіру» әдісі арқылы да түрлі жұмыстар жасадым. Мысалы: үндестік заңына байланысты жіберілген қателерді дұрыс жазуға жаттықтыру үшін «Сәйкестендіру» әдісін қолдандым.
Бірінші бағанға сөздің түбірін , екінші бағанға қосымшалардың орнын ауыстырылып берілген тапсырманың дұрыс жауабын түбірмен қосымшаны сызба арқылы қосып көрсету керек.
«Кездейсоқтық» ойынында қағаз ұшаққа тапсырмалар жазылады. Мұғалім ұшақты ұшыру арқылы партасына қонған оқушыдан жауабын анықтайды. Тапсырмалар әріп қалдырылып жазылған сөздер, буынға бөлуден тасымалдан жіберілген қателер және логикалық қисынды ілім амалдары т.б болуы мүмкін.
Мысалы: «Қай-ық» сөзінің буынға бөлінуі дұрыс па? Немесе «Тауық екі аяғымен төрт килограмм болады. Ол бір аяғымен тұрса неше килограмм болады?» деген сияқты оқушы ойын дамытатын жаттығулар бала белсенділігін арттырады.
Мұндай әдіс –тәсілдерді пайдалануда
оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға
білім алуға қызығушылығын арттыруға
ұқсас құбылыстар арасындағы тиімділерін таңдай білуге
өз бетінше тұжырым, қорытындыға келу қабілетін дамытуға
өз бетінше ізденуге
мәселенің негізгі түйінін табуға
ортақ келісімге келуге
Сауатты, қатесіз жазуға үйренеді.
Сауатты, қатесіз жазуға жаттықтыруда «Қатесіз жазу кестесінің де маңызы зор»
Қатесіз жазу үшін
1. Берілген сөйлемді оқы.
2. Сөйлемдегі мағынасы түсініксіз сөздердің мәнін анықта.
3. Сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстыр.
4. Жазу кезінде сөздегі әрбір буынды іштей қайталап айт.
Білімнің іргетасы бастауыш мектепте қаланады. Бастауыш мектеп- бұл жалпы білім беретін мектептің оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту және өзін-өзі іске асыруына қолайлы жағдай туғызатын негізгі буыны. Сондықтан өмір талабына байланысты жаңа оқу үрдістерін тиімді пайдалану әр мұғалімнің кәсіптік шеберлігін арттыруда да зор маңызын тигізеді. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіре отырып, балаларға сапалы да терең білім беру арқылы оқу-тәрбие үрдісінде жоғары нәтижеге жету-біздің басты мақсатымыз.
Әдебиеттер
1. Бастауыш мектеп №2 2006 жыл.
2. Бастауыш мектеп №1 2000жыл.
3. Рахметова С Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы. «Өлке» 2005жыл.
4. Қазақ тілінен сын жұмыстары. Өлке 2003 жыл.
5. Қазақ тілі бойынша диктанттар жинағы. Атамұра 1999 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |