Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет269/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

Әдебиеттер

  1. Назарбаев Нұрсұлтан. "Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы" // газ. “СарыарқаСамалы”, 1998. - №34 .

  2. Тарихбағдарламалары. Астана 2013ж.

  3. ӘбдіғұловаБ.Қ. Қазақстан тарихынан өздік жұмыстарға арналған тапсырмалар. А., Республикалық баспа кабинеті. 1997.



ЖАҢАША ОҚЫТУ АМАЛДАРЫ
Захарова М. (Қызылорда)
Сұрақ қойған бес минут қана ақымақ болса,

Оны қоймаған өмір бойы ақымақ боп өтеді.

Қытай даналығы.
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», -деп Абай атамыз айтқандай, озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне үлесін қосып келеді. Осындай қоғамдық әлеуметтік мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне әсер ететіні сөзсіз. Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – баланың оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

Міне, біз бүгін танысып отырған «Білім берудегі Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздері» осы жоғарыда айтылған ұстанымды ұстайды. Яғни, мұндағы бала өзі ізденуші, бір-біріне үйретуші, ал мұғалім бағыт беруші, нұсқаушы. Бұл тәсілдің басқа технологиялардан ерекшелігі жеті модуль арқылы іске асады.

«Сабақ - оқытушының педагогикалық мәдениетінің айнасы», -деп А.Сухомлинский айтқандай, осы жеті модульдің ішінде өзімнің пәніме тиімдісі, жарыққа шығарары, баланың қызығушылығын оятары, білімін жетілдірері қайсы екен деп көп ойланғаным рас. Саралай келе әр сабақта бір немесе бірнеше модульді бірден қолдануға болатынын анықтадым. Бұл қолданыстан ұтылғанымнан ұтқаным көп болды.

Әйгілі зерттеуші Л.С.Выготскийдің «Дәстүрлі оқыту-бала дамуына тек қондырғы болып, дамуға стихиялы әсер етсе, яғни, «дамудың соңында жүрсе»,жаңаша оқыту-«дамытуды өзімен бірге ала жүреді» - деген болатын. Сондықтан тек дәстүрлі оқытумен шектеліп қалмай, мұғалім әрқашан ізденісте болып, өзіне және шәкірттеріне тиімді жақтарын қарастырып отыруы тиіс.

Әр мұғалім өз сабағының –көшбасшысы.Көшті қалай бастап алып жүрем десе де өз еркі. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты.

Әр сабақта «сыни тұрғыдан ойлауды» қоса алып жүру де сабаққа деген бала қызығушылығын арттырарына көзім жетті. Сыни тұрғыдан ойлауды мен сабағымда қалай пайдаландым? Бұл жүйеде қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлануды қажет ететіндей берілуі керек. Оқушы сондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады. Жаңа материалды талдауды үйренеді. Бағдарлама үш деңгейден тұрады. Оқыту мен үйретудің тәсілі мынау болып табылады:

1. Қызығушылығын ояту-жаңа сабақты түсіндіру кезіндегі үйрену процесі. Бұл бұрынғы білетін білім мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Мысалы, 7-сыныптағы «Тортай мінер ақ боз ат» тақырыбында мен балаларға ақ боз аттар бейнеленген суреттер көрсетіп, бұны неге көрсетіп тұрғанымды сұрадым.Балалар өз ойларын айтып, шығарманың тақырыбы төңірегінде пікірлерін салыстыра отырып сөз қозғады.

Мұғалім:


- Балалар, интербелсенді тақтаға назар аудара қойыңдар. Не көріп тұрсыңдар?

- Тұлпарлар.

- Ақ аттардың суреттері.

- Қазақ халқының жеті қазынасының бірі – жүйрік ат.

Мұғалім:

- Қалай ойлайсыңдар, не себепті мен сендерге аттардың суреттерін көрсетіп тұрмын?

Б есімді оқушы:

- Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы атпен байланысты шығар.

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер арқылы оқытуда оқушылар бұрынғыдай тек тыңдап және көшіріп қана қоймай, белсенді әрекеттер атқарады. Ол белсенді әрекеттерге ойлау, оқу, сөйлеу, талқылау, жазу, пікірлесу, пікір таластыру жатады.

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер арқылы оқытуда білім дайын күйінде берілмейді, ол тек белсенді әрекеттер арқылы ғана игеріледі, оқушылар өзара қоян- қолтық қарым -қатынаста болып, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру. Өзімізге сыни тұрғыдан ойлауымыз керек. Зерттеу кезінде өткен сабақтарымда диалогтың маңызы үлкен екенін байқадым. Сабақта оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруі, пікір алмасуы диалогпен жүзеге асты. Топтық әдісті қолданғанда оқушылардың бір- бірімен ақылдасуы, оны топтан біреуінің шығып айтуы, ал болжау әдісін қолданғанда оқушылардың мәтінде не туралы жазылуы мүмкін екендігі туралы өз ойларын да диалог арқылы көрсете білді.

2. Мағынаны тану - жаңа сабақты бекіту процесі. Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс жасайды, тапсырмалар орындайды. Сынып оқушыларын жеміс – жидек салатын жасау әдісімен топқа бөлдім. Парта үстіне алма, алмұрт, апельсин, банан, йогурттың қиылған суреттерін тастадым, әр оқушы өз жанына жақынын таңдап алды.

- Араласыңдар, араласыңдар, - дей отырып оқушылардың орындарынауыстырып аламын. Оқушылар үнемі орын ауыстырумен болады. Мен:

- Жеміс салаты болыңдар, - деген кезде йогурттар айналасына бір алма, бір алмұрт, бір апельсин, бір банан жинап алу керек. Сол жиналған оқушылар бір үй топтары болып бір партаның басына жиналады. Жиналған оқушыларға «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі бөлім – бөлімге бөлініп жазылған ресурстарды таратып беремін. Жеті минут уақыт белгілеп, сол уақыт арасында мәтінді оқып шығуды ұсынамын. Уақыт біткен соң алмалар, алмұрттар, апельсиндер, банандар, йогурттар қайтадан үй тобына оралып, өз бөліктері бойынша жалпы 10 минут ішінде талқылауды бастайды. Сонымен қатар олар идеяны жеткізіп қана қоймай, шешім табу үшін топқа сұрақ қояды және басқаларды сұраққа тартады. Әр топтан бір оқушы шығып ұжым алдында мәтін мазмұнын қысқаша баяндап береді.

3. Ой толғаныс - сабақты қорытындылау кезеңі. Осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда қалай қолдану керектігін үйренеді. Мысалы, бұл жерде балалар эссе жазды.Өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, түйгендерін анықтады. Бұл модульдің нәтижесі көп болды.Атап айтар болсам,ой- пікірін ашық, еркін айту, бір-бірінің сабақ барысында қателіктерін айту, жақсы қасиеттерін үйрену, сабақ-білім естерінде көп уақытқа сақталады, сабақ барысында өзі талдайды, бір-біріне талап, өтініш, тілектерін білдіре алады.

Модулді ерекшелігі - оқушыларды топтап оқыту. Топтап оқытудың пайдасы туралы Ибн Сина Әбу Әли Хусейін Ибн Абдолла (Авиценна 980-1037) былай деген болатын: «Егер бала жалғыз оқып, сыныптастары жоқ болса, бұл оқытушы мен үйретушіге ортақ қынжылыс болмақ. Сондықтан ең жақсысы - балалар оқу тәрбие үрдісінде үлгілі мінезге бір-бірінен үйренетін ұжымдық оқытуды ұйымдастыру».

Балаларды ұжымдық оқытудың төмендегідей пайдасы бар.

1. Оқушылар оқу және тәрбие үрдісінде ғылымға сусап тұрады.Өз білімдерін мақтан тұтып, досының білімін қызғанады. Намыс пен мақтаныш тәрбиеленушіні өзгелерден кейін қалмауға міндеттейді.

2. Оқушылар кездескенде үнемі сөйлеседі, сонымен естерін және шешендігін дамытады. Егер балалардың біреуі жақсы сөз естісе және оны құрбыларына айтса, онда балалардың естері дамиды және өзін-өзі оқыту журеді.

3. Ұжымдық оқытудың келесі қоғамдық пайдасы оқушылар өзара достасады, бірін-бірі сыйлауға үйренеді, өзара дауласады, жарысады және құқықтар мен міндеттер туралы пікір айтысады.

Топқа бөліп оқытқанда байқағаным, оқушылардың талпынысы артады, әр оқушы өзін жеке керекті тұлға ретінде сезінеді және өз үлесін қосуға талаптанады. Бір адамның айтқанынан гөрі бірнеше адамның айтқаны есінде тез жатталады. Мен бір сабақ көлемінде бір немесе бірнеше рет бөлдім. Бала бұдан келесі тапсырма қалай екен, кіммен топ болады екем деп қызығушылықпен алға ұмтылады, өзін сол тұста көрсетуге тырысады.

Модульдің тағы бір сатысы «Талантты және дарынды балаларды оқыту».

Рас, ізденуші мұғалім бала бойындағы туа біткен түрлі қасиеттерді дәл байқап, оның сапалық ерекшеліктеріне баға беріп, ары қарай өз бетінше дамыта түсуіне жағдай туғызуы керек, көмектесуі қажет. Бұл үшін, әрине ұстаздың өзі де өзгеруі, яғни дәстүрлі оқытудың таптаулары сүрлеуінен арылуы тиіс. Осылайша оқытудың жаңа мазмұнын жасауға бетбұрысты әрбір мұғалім өзінен бастағаны жөн. Мұғалім шәкіртке білім, білік, дағды беріп қана қоймай, ақыл-ойы мен қабілетінің дамуына көңіл бөліп, «оқи алуға үйрету керек». Дарынды және талантты балаларды оқытуда мына қағидаларды есте ұстаған дұрыс.

- Баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген табиғи талап-тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру.

- Білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау.

- Өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру

Осы қағидаларды ұштастыратын болсақ қана оқушы өзінің дарынды екенін сезінеді. Бойындағы «мені» оянады. Басқалардан артық тапсырма алу оларды шабыттандыра түседі, бірақ әрдайым мұғалім баланы қанаттандыру үшін өзіне сенімін молайту үшін бірге ізденісте болуы шарт. Түрлі жарыстарға қатыстырып, мақтау сөздер айтып ізденуде тоқтап қалмауға баулу керек. Ал мен бұл балалармен жеке жұмыс жоспары бойынша жұмыс істеген жөн деп таптым. Алға ұмтылған баланы артқа тартпай сабақ үстінде басқа тапсырмалар беріп бала білімін шыңдаған дұрыс. Қосымша ақпаратты жинауды осындай дарынды оқушыларға берсе, олардың да, өзгенің де жиғаны көп болмақ.

«Нашар мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді»-деп неміс педагогі А.Дистерверг айтып өткендей бүгінгі таң мұғалімдері жақсы мұғалім атану үшін түрлі әдістерді пайдалану арқылы бала білімін ұштауда. Мұғалім оқытуға кіріспес бұрын оқушылардың мінездерін зерттеп, білімдерін тексеруі тиіс. Мұғалім әр баланың білім дәрежесі қаншалықты екенін саралап алғаннан кейін, оның алға жылжуына ықпал етуге міндетті.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиялармен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»-деп елбасымыз өз жолдауында айтып қана қоймай, әр мектепті түрлі ақпаратты техногиялармен қамтамасыз етуде. Ақпараттық технологиялардың білім берудегі пайдасы мыналар болып табылады.

- алыстағы ақпарат көздерін пайдалану,

- түрлі жүйелерге ену арқылы өз бетімен іздену,

- сұраныс бойынша ақпарат алу,

- интернет тарапында берілген тапсырмалар мен жаттығуларды орындау,

- ақпаратты кез-келген арақашықтықта тез арада жеткізу,

- өзі оқып отырған тілде электронды пошта арқылы хат алмасу,

- ақпараттың қажетті түпнұсқасына қосылу.

Интернет арқылы ғаламдық желінің ақпараттық ресурстарын қолдана отырып, оларды оқу үрдісіне енгізіп, сәйкес дидактикалық түсініктемелер беру арқылы дидактикалық мәселелердің келесі жолдарын тиімді шешуге болады.

Яғни, ақпараттық технологиялардың білім беруде маңызы зор. Өйткені ол оқушыларға үлкен ақпараттық білім кеңістігіне жол көрсетеді. Мен өз сабағымның әрқайсысына осы әдісті пайдаландым. Бұл баланың ой өрісін кеңейтіп қана қоймайды, білім деңгейін көтеруге үлкен үлесін қосады.

Білім берудің мазмұнына енгізіліп жатқан өзгерістер мен жаңалықтардың барлығы да ғылым негіздері бойынша білімді меңгертумен қатар оқытуды дараландыруға жағдай жасау арқылы оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, қажеттіліктері мен қызығуларына сай білім беруге бағытталып отыр. Сабақ беруде мұғалім оқушылардың жас ерекшелігін негізге алуы керек. Тапсырамаларды да меңгере алатындай, сұрақтарға дұрыс жауап іздей алатындай етіп қою керек.Сол кезде сабақ күтілген нәтижеге қол жеткізеді.

Сонымен сөзімді қорытар болсам жеті модульдің негізгі мақсаты мынада болып отыр. Атап айтар болсам сабақ барысында мынадай талаптар басшылыққа алынады

1. Мұғалім оқыту кезінде билік жүргізу әдісінен арылуы керек.

2. Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушы болуы тиіс.

3. Балалардың оқуға деген ынтасын күшейту керек.

4. Өз дербестігін, белсенділігін дамыту қажет.

5. Оқу, дамыту жұмысын ұтымды жүргізу үшін баланың табиғи талабын, қасиетін дер кезінде айқындау керек.

Осы қағидалар негізінде сабақты жаңа технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу - оқушының өзін-өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып, өз сұрағына өзі жауап іздеп жан –жақты білім алуына көмектеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет