Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет277/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   668
Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман– саулығының қоғамдық – мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз – жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді».

Міне осындай өмірімен де сөзімен нағыз патриотизмнің тұлғасы батыр ағаның ғибратты сөзінен де Отаншылдыққа тәрбиелеу ұлттық ерлік дәстүрлерге сүйене отырылып, жастардың ішкі жан дүниесі - ой-санасы мен сезімін дамытып, қалыптастыруға бағытталуы керек.

Патриоттық сана ұлттық және жалпы адамзаттың мүдделер тұрғысынан қарастырғанда Отанға деген көзқарас құндылықтарының жиынтығы болып табылады.

Жоғарыда айтып өткеніміздей ұрпағын өз халқының патриоты етіп тәрбиелеу – қай халықтың болмысын тәрбиелеу жүйесінің негізгі талаптарының бірі.

Тағы да батыр ағаның сөзін келтірсек: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтықпен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық деген, ерлік деген ұрпақтан ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім-тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы-тұл, келешегі-тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы - батыр халық»-деген. Ұлтымыздың патриотизмге бай тарихын, жауынгерлер мен батырлардың ерліктерін, ата - бабаларымыздың өнегелі өмірін жас ұрпаққа жеткізу патриотизмге баулудың бірден – бір көзі.

Қазіргі қоғамның әлеуметтік сұранысын мектепке койып отырған талап тұрғысынан қарастырғанда, патриоттық білім беру маңызды мәселе болып отыр.

Қазақстандық патриотизм өткен замандағы қоғам құндылықтары: тұлға, отбасы, білім, еңбек, Отан, Жер бетіндегі бейбітшілік. Бүгінгі таңдағы патриоттық тәрбие жекелеген бағыттарға ғана емес, қоғам құндылықтарына қарай бағыт ұстайды. Өйткені патриоттық сезімнің басты нысанасы - Отан, оның мазмұны: туған жер, табиғат, дін, тіл, дәстүр, тарих, әдебиет, өнер. Олар жеке тұлғаны ерекше жылылық, сүйіспеншілік сезіміне баулып, патриоттық сезімнің негізі болады.

Отанға деген сүйіспеншілік, туған жерге құрмет, патриотизм - тұлғаның дамуындағы ең жоғарғы деңгейді сипаттайтын аса маңызды рухани игіліктердің бірі. Ол адамның Отан игілігі үшін қызмет етуінен, қажет болса, сол мақсат жолында ғұмырын құрбандыкка шалуға дейін баруынан көрінеді.

Біз баршаға мүмкіндік беретін қоғам: әрбір адамның жеке басы мен бостандығын құрметтейтін, өзіне-өзі қызмет етуге жағдайы жоқ жандарды қамқорлыққа бөлейтін, қандай еңбекті болса да қадірлейтін, ана мен баланы қорғайтын, зейнеткерлерге қамқор болатын, ардагерлер мен отан қорғаушыларды ардақ тұтатын қоғам құруды аяқтауға тиіспіз. Бұл - Қазақстанның шынайы патриоттарының басты ісі. Сондай-ақ «Қазақстандық патриотизмді» еліміздің әрбір азаматының санасына сіңіру - кезек күттірмейтін мәселе. Ұлтына, нәсіліне, сенімі мен нанымына, саяси көзқарасы мен ұстанған бағыт-бағдарына, т.б. ерекшеліктеріне қарамастан, Республикамыздың әрбір азаматы өзі өмір сүріп, ауасын жұтып, игілігін пайдаланып отырған мемлекетін «Туған елім, Отаным» деп тануы қажет.

Патриоттық сана - сабақта және сабақтан тыс іс-шараларда Отанды сүю, елін қорғауға байланысты басты ұғымдарды ашып көрсету арқылы қалыптасады.

Осы бағытта тіл, әдебиет пен тарих сабақтарының пәнаралық, кіріктірілген жұмыс түрлерінің оң нәтижелер беретінін өз тәжірибемізден көріп келеміз. Атап айтсақ; мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұранда халқымыздың өткен өмір тарихы, бүтінгі игілікті істері айшықталған. Осы Мемлекеттік рәміздерге бағытталған тәрбиелік тарихи-танымдық сағаттар оқушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады, әлеуметтік белсенділігін жоғарылатып, өз іс-әрекеттеріне жауапкершілігін арттырады және Отан игілігі жолында қызмет етуге ұмтылдырады. Ал тарихи батыр ата-бабаларымыз,әдеби тұлғаларымыздың ерлікке толы өмір жолдары мен шығармаларын талдап танудағы түрлі жаңа технологиялық әдістемеге құрылған шаралар қазақ халқының озық гуманистік құндылықтары негізінде жалпы ұлтжандылыққа, қазақстандық патриотизмге, отансүйгіштікке, ашық пікірталасқа, сөз бостандығына тәрбиелейді.

Қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық татулықтың әдіснамасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тарихи еңбектері. Бұл бағытта кітапханаға саяхат жасау, тақырыптық интернет сабақтар жүргізу, кітап көрмесін ұйымдастыру, ұлттық орталықтар өкілдерімен кездесулер өткізу тартымды да тағылымды жұмыстардың бірі болып келеді.

Елімізде болып жатқан шын мәніндегі тарихи өзгерістер, ұлттық сана-сезімнің өсуі, ұлт арқылы қатынастар үрдісі Отанымыздың ортақ тағдыры үшін жауапкершілікті сезінетін патриоттар тәрбиелеуді ерекше талап етеді. Осыған байланысты мектеп ұжымдарының жас ұрпақтың патриоттық санасын қалыптастыру үрдісіндегі іс-әрекетіне қажетті, адамгершілік ұстанымдар мен тұжырымдардың мәндерін тереңірек анықтау қажет.

Бүгінгі күн Отанымыздың бүтіндігін сақтау, халықтың тыныштығын алатын лаңкестермен қарсы ұйымшылдықпен күрес, мемлекетке қауіп төндіретін кез келген сыртық және ішкі күштерге қарсы тұруда басты талап отаншылдык рухта тәрбиелеу болып отыр. Сол себептен қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу бір пәннің деңгейінде ғана емес пәндер арасындағы ынтымақтастық әдістемесінің де мазмұнында қарау әр мұғалімнің тәжірибелік талабы болуы керек десек артық емес.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет