Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет284/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

Литература

1.Львов М.Р. Методика развития речи младших школьников.//М: Просвещение, 1985 г.

2.Устименко И.А.Речевой урок русского языка в начальных классах // Начальная школа. 1994 г., №11.

3.Архипова Е.В. Русский язык и развитие речи. – СПб.: Издательский Дом «Литера», 2005.

4.Баранников И.В., Варковицкая Л.А. Русский язык в картинках. Ч. 1, Ч. 2. – 9-е изд., перераб. – М.: Просвещение, 1981.

ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ҚАРАСТЫРУ
Калиева А.Ш., Уразова А.К. (Ақтөбе)
Еліміз жер көлемі жөнінен әлемде 9-орында. Жеріміздің сол кеңдігіне қарамастан, орман көп емес. Қазақ жерінің 4 пайызы (22 млн. гектар) ғана орманды алқап. Осыған орай елбасымыз «Қазақстан-2030» стратегиясында бұл көрсеткішті 5.1% -ке дейін көтеруді жоспарлаған болатын.

Қазақстандағы орманның жалпы көлемі Қазақстан орман жобасының мәліметі бойынша 1998 жылы 24568.2 мың гектар болды.

Соның ішіндеАқтөбе облысының ерекше қорғалатын аумақтарының жалпы ауданы 540, 5 мың га-ды құрайды, олардың iшiнен мемлекеттiк орман қоры - 192, 5 мың га. (тоғайларымен - 40, 7 мың га) және Торғай мемлекеттiк қорықшасы - 348, 0 мың га.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 62 орман шаруашылығы мекемесі бар. Оның ішінде Ақтөбе облысына тоқталсақ Ақтөбе облысы бойынша 7 орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі бар. Олар:

1. «Ақтөбе орман шаруашылығы» ММ;

2. «Үлкен борсық» ММ

3. «Қарабұтақ» ММ

4. «Мәртөк» ММ

5. «Темір» ММ

6. «Ойыл» ММ

7. «Қобда» ММ

Орман қорының жалпы аумағы 200,398 мың га, соның ішінде орман көмкерілгені 42,7 мың га құрады.

Ақтөбе облысының мемлекеттік орман қорының алаңы - 213,3 мың га, оның ішінде:

- орман жерлері - 91,7 мың га,

- орманды жер - 47,5 тыс.га.

Темір жол бойына отырғызылған орман қорғаушы желектер алаңы - 5873 га, оның орманды жерлер алаңы - 2597 га, қашықтығы 714 км және республикалық мағынадағы автокөлік жолдары - 7695 га, оның шінде, орманды жерлер алаңы - 1988 га, қашықтығы - 1,6 мың км. Облыстың орманды жерлерінің алаңдары ресурстарының 66,4 % -н орман өсімдіктері құрайды. Олар: қауырсын бұтақты шегіршін, кәдімгі қарағай, қайың, терек, емен, шетен, үйеңкі және т.б., оның 36%-н облыстың солтүстік бөлігінде орналасқан қайыңды-көк теректі бұталар және Елек, Қарғалы, Жайық, Қобда, Ойыл, Темір сияқты ірі өзендері мен олардың тармақтарының бойындағы алқаптар құрайды. Бұл жерлерде қайың, көк терек, терек, қандағаш талдары өседі. Қылқанды өсімдіктерден Ойыл, Темір, Мәртөк, Шалқар аудандарында отырғызылған жасанды қарағайлар бар. Үш жыл ішінде орман шаруашылығы мекемелері құм қозғалысын бекіту бойынша 600 га алаңға ағаш отырғызды, Ақтөбе қ. айналасындағы 108 га алаңға қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді, «Ойыл орман шаруашылығы» ММ 10 га жерге жеміс ағаштарын отырғызды.

2010 жылы құрғақшылық пен ауа температурасының жоғарылығынан, мемлекеттік орман қоры аумағының 122,5 га алаңында өрт болды, оның ішінде - 83,5 га – орманмен жабылған орман жерлері, қалған 0,06 га – орман жерлеріне жатпайтын жерлер. Өрттің 2 жағдайы тұрғындар кінәсінен, 5-і белгісіз себептерден болды. Өрт салдарынан 45,3 мың теңгеге шығын келтірілді.

Мемлекеттік орман қоры жерлеріндегі өрттің алдын алу үшін, өртке қарсы тақырыпта 37 панно және аншлаг қойылған, 1160 км. минералданған жолақтар жүргізілді, 15 261 км. жер минералдандырылды, 241 қашықтықтағы жол жөнделді, өрт қауіпті кезеңде 11 уақытша өрт сақшылары жұмысқа қатыстырылды. Темір және Қобда орман шаруашылығында қосымша 2 өрт-химиялық станция құрылды. Өрт-бақылау вышкаларында орман шаруашылығы және табиғат қорғау мекемелерінің жұмысшылары байланыс құралдарымен қамтамасыз етіліп, тәулік бойына кезекшілік ұйымдастырды.

Елімізде орманды алқаптың үлесі 4 пайыздан сәл асатын болса, ал Ақтөбеде небары — 0,03 пайыз. Бұл — Ақтөбеде ағаш жоқтың қасы деген сөз. Жалпы, Батыс Қазақстан аймағында тал-теректен гөрі құм көп.

Облыста ағаштың аздығының бірнеше себебі бар. Бұрын Ақтөбе облысында отырғызылған ағаштардың көбі қараағаштар болған. Қараағаштардың ғұмыры ұзақ емес. Бұл — бір. Екіншіден, өрт те ағаштардың санын біраз азайтты. Үшіншіден, соңғы жылдары, әсіресе қараағаштарда жапырақжегілер қаптап кетіп, ағаштардың азаюына әкеліп отыр.

Осыған орай, 2011 жылы облыстық бюджеттен орман шаруашылығын дамыту үшін 240,575 мың теңге бөлінген болатын. Нәтижесінде орман шаруашылықтарымен төмендегідей іс-шаралар орындалды:

- мемлекеттік орман қоры жерінен ағаш егу мақсатында 305 га жер дайындалды,

- 1966 мың дана екпе материалдары қазып алынды;

- 6117 га жердің орман ағаштарына күтім жұмыстары жүргізілді;

- 65000 шаршы метр жерге қолмен күтім жұмыстары жүргізілді;

- 128,6 га жерге қосымша орман ағаштары отырғызылды;

- 2062 кг орман ағаштарының тұқымдары жиналды;

- 7,4 га болатын тәлімбаққа тұқым егілді;

- 6,94 га болатын мектеп бөлімшесі қалыптастырылып, 4716,5 мың дана стандартты екпе материалдары өсірілді;

ағымдағы жылы орман шаруашылықтарымен аудан орталықтарына санитарлық-қорғаныштық жасыл аймағы үшін жалпы аумағы 223,7 га жерге ағаш отырғызылды немесе 1,2 млн дана ағаш-тұқымдастары;

Сонымен қатар, мемлекеттік орман қоры жерінің 667,5 га орман ағаштары отырғызылды. Сондай-ақ жалпы соммасы 2502,2 мың теңгеге Үлкен Борсық орман шаруашылығы ММ көлемі 10 га болатын тәлімбағы қайта қалпына келтірілді.

Ақтөбе қаласының санитарлық қорғаныштық жасыл аймағын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылы осы мақсатта 404 га жердің жарамсыз және қураған ағаштарын кесу жұмыстары жүргізіліп, 211,4 га жерге қарағай ағаштары отырғызылды.

Орман шаруашылығы саласында 812 га алқапқа орман ағаштары отырғызылып, орман тәлімбақтарында 3,8 млн. дана бұталар өсірілген, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 0,6 млн. көп.

Табиғатты қорғау бағдарламасы аясында, Ақтөбе қаласының айналасындағы санитарлық-қорғау жасыл аймақты қайта жаңғырту жоспарын жүзеге асыру жалғастырылуда.

Бүгінгі күні Ақтөбе қаласының айналасындағы санитарлық-қорғаныштық жасыл аймақты қайта жаңғырту бойынша 270,1 га алқабын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Ақтөбе қаласының санитарлық-қорғау жасыл аймағына және «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй кешенінің ауданына жалпы көлемі 90 га жерге орман ағаштары отырғызылды.

Осындай жұмыстар аудан орталықтарында да жүргізіліп, елді мекендердің айналасына 50740 түп ағаш және бұта көшеттері отырғызылды.

Алғаш рет 2012 жылы Ақтөбе, Мәртөк және Темір орман шаруашылықтары зиянкестерге қарсы (жапырақ жегіштерге және шегірткеге) орманды қорғау жұмыстарын жүргізді.

Облыстың ормандылығын арттыру мәселесі күн тәртібінде тұрақты қойылып келді. Осыған байланысты, елді жасылдандыру бойынша «Жасыл-Ел» салалық бағдарламасының қабылдануы облыс үшін ерекше мағынаға ие.



Әдебиеттер

  1. М.Байтулин, С.Әбиев. Қазақстан ауылдары мен қалаларын көгалдандыру. Алматы – 1994 ж. 128 бет.

  2. Основная положения ведения лесного хозяйства Актюбинской области. Алма-Ата, 1990-1981г.г

  3. Проект. Организации и развития лесного хозяйства Актюбинского головного лесохозяйственного пройзводственного предприятия. Алма-Ата, 1991г

  4. Д.Тұяқбаев «Жасыл желек жайқалады», «Орман ұлттық байлағымыз», «Атамекен» 2002,26.03.

  5. «Ақтөбе» облыстық қоғамдық саяси газет. 27 қыркүйек. 2011ж.

  6. Ақтөбе облысы әкімшілігінің арнайы сайты. Табиғат ресурстары





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет