Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет286/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   668
Әдебиеттер

1.Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші базалық деңгей. ІІІ басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012.

2. «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері» Оқу құралы А.Әлімов Алматы-2013

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯСЫН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН «ОҚУ МЕН ЖАЗУ АРҚЫЛЫ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
Кемелбекова Г. (Қызылорда)
Еліміз тәуелсіздігін алғалы бері білім беру саласына көптеген өзгерістер енгізілуде. Жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беруде жаңа, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану қажеттілігі қазіргі күннің өзекті мәселесі болып отыр.

Жүйелі де сапалы білім беруде басты назар оқу процесіне келіп тірелетіндіктен оны тиімді етіп ұйымдастыра білу керек. Ал оны ұйымдастыру негізі – сабақ. Оқытуда қолданылып жүрген жаңа технологиялардың негізгі ерекшелігі-білімді меңгеруге емес, оқушының танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді ойлай білуге, қабылдау қабылеттерін арнайы жасалған оқу мен танымдық жағдайлар арқылы дамытуға бағытталғандығында.

«География» оқу пәнінің жалпы мақсаты-тұлғаны қалыптастыруда ғылыми-географиялық білімнің біртұтастығын анықтау жалпы орта білім беретін мектептерде географиялық білім беру мақсаты біртұтас географиялық бейне жасау болса, география пәнін оқытуда алдыма:

-Оқушының географиялық ойлауын қалыптастыру барысында қызығушылығын арттыру, шығармашылыққа бастау;

-Шығармашылық қабілеттерін шыңдау үшін ғылыми әдіс-тәсілдерді меңгерту;

-Географиялық тілді еркін меңгерту үшін оқытудың қарқынын жоғарылату;

-Ғылыми –географиялық танымдылыққа жеткізу үшін географиялық атаулар мен ғылыми деректер, сандар мен даталар тілін меңгерте отырып, оқу сапасын арттыру;

-Картографиялық сауаттылығын арттыру арқылы карта тілі мен бейнелер сұлбасын пайдаланып сабақтың нәтижелігін күшейту;

-Географиялық мәдениетті қалыптастыра отырып табиғаттың біртұтастылығын сақтай білуге баулу сияқты бірнеше мақсаттарды қойдым.

Қазақстанның физикалық географиясын оқытуда көптеген жаңа технологияларды пайдалануға болады. Ол оқушының қаншалықты тиянақты білім алуына жағадай туғызатындығын көрсетеді. Пәндегі әр тарау, әр тақырыпты күнделікті оқушының іс-әрекеті арқылы жүргізіп отырамын, мысалы, Қазақстанның физикалық-географиялық сипаттамасы тарауын өткенде оқушымен бірлесіп, әр сабақта картамен, кестелерді пайдалана отырып сарамандық жүйеде жұмыс жүргізуге болады. Мұнда топтық, серуен, картаны оқу, географиялық алаңмен жұмыс жүргізу оқушының география пәніне деген қызығушылығын арттыра түседі. Ал сабақ барысында «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының элементтерін ішінара пайдалану арқылы жүргіземін. Бұл бағдарламаның тиімділігі сода заман талабына сай мұғалім мен оқушыны қалыптастыруында. Жауапкершілігі мол, өздігінен білім алуда құлшынысы жоғары, логикалық ойлау қабылеті мен өз ойын ашық айта алуы, ұжымшылдығы бар оқушыларды тәрбиелеуде, білім беруде осы әдістердің қолданылуына өз тәжірибемнен тоқтала кетсем. Сабақ тақырыбын баян еткенен кейін алғашқы ой қозғау негізінде «Білем, Білгім келеді, Үйрендім» (ББҮ) кестесін сабақ басынан аяғына дейін қолдана отырып ой қозғау шақырып білімдерін саралай отырып білімдерін еске түсіреді де білгісі келетін жаңа тың ойлары мен қызығушылықтарын дәптер бетіне түсіреді. Жаңа алған білімдерін жазу арқылы есте сақтап қалады. Осы әдісті қолдану барысында оқушы өз ойын жетік айтуға сыни негізде сұрақтар құрастыруға оны шешуге, жаңа тың идеялар жинауға жұппен жұмыс жасай алуға дағдыланады. Ал Қазақстан аумағының зерттелу тарихы тараушасында INSERT әдісін пайдаланған тиімді.

Мысалы сабақтың І Қызығушылығын ояту сатысында бірінші графаны толтырып білетіндерін ортаға салады. Демек мәтінмен жұмыс жасай отырып нені білетіндерін, қайталау есебінде естеріне түсіреді. ІІ Мағынаны тану негізінде мәтінмен жұмыс жасай отырып жаңа ақпараттарды дәптерге түсіреді. Демек оқушы бұрын білгенін және жаңа тың ақпараттың өзін саралай алады.

Ү білем

+ жаңа ақпарат

  • келіспеймін

? зерттеймін













Үшінші графаны толтырарда оқушыларда ой саралау жүреді. Осыған дейін алып келген ақпараттарының неге олай болатындығын, кейбір табиғи құбылыстардың сырына тереңдей енбегендігін түсіне отырып толтырады. Ал соңғы графаны үшінші графаны толтыру арқылы жазады. Келіспеушіліктен даму пайда болады да оқушы ізденуге кіріседі. Зерттейтін ұғымы мен құбылысын нақты анықтап ғылымға қадам басады. Сабақта ой қозғау барысымен мағынаны тану мен ой толғаныс кезеңдерінде де осы әдіс тиімділігін көрсетуде.

Геохронологиялық кестені жіктеу арқылы кластерлеп, геологиялық және тектоникалық құрылымды өз беттерінше меңгереді. Әрі картаны пайдалана отырып жіктеуді саралай алады, баяндайды. Географиялық атауларды, сандық мәліметтерді және терминдерді «Екі жақты түсіндірме күнделігі» арқылы дәптерге түсіре отырып есте сақтайды.

«Екі жақты түсіндірме күнделігі»

Термин анықтама

Белдеулік уақыт бір сағаттық белдеудің ішіндегі уақыт

Декреттік уақыт

жергілікті уақыт

Термин

Анықтама (оқулықтағы)

Оқушы

Белдеулік уақыт

Бір сағаттық белдеу ішіндегі уақыт

1.24 сағатқа бөлінген белдеулер ішіндегі уақыт.

2. 15 гр айырма жасайтын сағаттық белдеулердің ішіндегі уақыт.


«Екі жақты түсіндірме күнделігі» тәсілінің тиімділігі оқушы анықтаманы оқулықтағы негізгі анықтамадан ауытқымай өз сөзімен есте қаларлықтай тілде жазады. Келе – келе оқушы географиялық тілде анықтама беруге дағдыланады. Осы әдістің тиімділігін арттыруда «Мағыналық талдау» жасатуға болады. Мысалы, Бір сағаттық белдеу ішіндегі уақыт. Белдеулер-24. 15 градус. 1-24 сағаттық белдеулер т.б. саралайды.

Тарау соңындағы сарамандық жұмыста екі нүктенің арақашықтығын табу, кескін картаға түсіру, екі нүктенің қимасын түсіру сияқты жұмыстар жасайды.

Осы жүйені қалыптастыру үшін пән мұғалімінің теориялық білімі жеткілікті және әр оқушыда атлас пен контур картасы болуы керек. Бірден айта кететін жайт, 8 сыныптарда география сабағын сарамандық негізде өтуге кері әсерін тигізетін бірден-бір себебі Қазақстанның физикалық атластың кең көлемде қамтылмауы.

Тақырып бойынша оқушыға жоспарлы сұрақ беру, жаңа сабаққа ойын аудару, яғни оқушының өзіне жаңа сабақты түсіндіру. Бұл әдіс-тәсіл арқылы оқушының іздену, зерттеу қабілеті арта түседі. Сонымен қатар «Жұппен оқу» әдісін пайдаланған дұрыс. Мысалы, жазықтарды өткенде мәтінді оқушы санына қарай 8 бөлікке бөліп:

1-оқушы. Батыс Сібір жазығы

2-оқушы. Жалпы Сырт

3-оқушы. Тұран жазығы

4-оқушы.Каспий маңы ойпаты

5-оқушы. Бетпақдала

6-оқушы.Балқаш маңы жазығы

7-оқушы. Үстірт

8-оқушыТорғай үстірті

Мұнда баланы бір-біріне үйрету, бірінің білім деңгейін біріне бағалату, нұсқа бойынша тапсырмаларды беріп, оқушыларды өзара байланыстыру. Бұл әдістер география сабағының тиімді өтуіне өз септігін тигізеді. Себебі бала баяу қабылдағанның өзінде өзіне тиесілі мәтінді толық меңгеріп алары анық. Егер оқушыларда түсініспеушілік қалды деген күдік болса келесі әдісті пайдаланған тиімдірек болады. «Аралас/Қатып қал/ Жұптас» Оқушылар бір-бірімен араласып, өзіндегі ақпаратпен бөлісіп, ойын өзгенің ақпараты негізінде толықтырып отырады. Ауқымды игеруі қиын мәтіндермен жұмыс жүргізгенде ЖИГСО-1 мен ЖИГСО-2 әдістерін пайдаланамын. Алған білімдерін сұрау барысында

Дөңгелек стол», «Семантикалық карта», «Әңгіме кестесі» мен «Т кестесі», «Қарама-қайшылықты табу кестесі» әдістерін пайдалана отырып қорытамын. Мысалы, «Әңгіме кестесіне» тоқталсам,

Тақырыбы

Аласа таулар

Атауы:




Географиялық орны




Геологиясы




Өзіндік ерешелігі




Шарушылыққа т.б. пайдаланылуы



Қазақстанның пайдалы қазбаларын өткенде сыныптан тыс уақытты да пайдалау керек. Оған үй тапсырмасын беруге таптырмас сұрақ боларлық «Идеялар жинау» әдісін пайдаланамын. Оқушының өзіндік ізденісі негізінде жүзеге асатын бұл әдіс жекелей, жұптық, топтық талқылауды ізденісті қамтитын алған білімдерін нақтылай түсуде таптырмас құрал.



Өзім білетінім

Өзге ақпарат көздерінен

досымнан

газеттен

ұстаздан

Интернеттен

Оқулықтан






















Жаңа технологияларды пайдалануда өмірмен байланыстыру мен пәнаралық байланысты да қатаң ескерген абзалдығын айта кеткім келеді.

Сабақ арасында оқушыны зеріктірмес үшін ойын-сабақтарын жүргіземін. В.А.Сухомлинский: «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес, ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып, айналасындағы дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деген болатын. Сондықтан да ойын түрлерін кірістіре отырып өтілген сабақ оқушының пәнге деген қызығушылын арттыра түседі. Бірақ түрлі ойындардан горі жаңа технологиялар әдістерін пайдалануга болады, мысалы «Кейіпкерге хат», «РАФТ» сияқты әдістерді климат, жел т.б. пайдалануға болады. Баланың күнделікті көріп жүрген спорттық ойындалының ережелерін алған да айтарлықтай тиімді.

Мысалы «Шахмат» ойынын. Шахматтық фигураның жүрісін пайдаланып Қазақстанның өзендерін көрсет

Міне, осындай жүйеде өтілген әрбір сабақ оқушы жадында жатталып, әрі ұзақ есте сақталып қалары сөзсіз. Қорыта келе жаңа сабақты ауызша әңгімелеп немесе баяндап берумен шектелмей, карта оқыту арқылы жүргізсе оқушының қызығушылық, ізденушілік, зерттеушілік, ойлау қабілеттері жетіле түсері анық. Мұндай жүйеде өтілген сабақтар оқушының ойлау, зерттеу, іздену қабілеттерін арттырады және сыныптағы барлық оқушыны бағалауға мүмкіндік туғызады. Өз жұмысымды қорытындылай келе, оқу жүйесіне жаңа технологияларды пайдалану оқу сапасы мен білім деңгейін айтарлықтай тиянақты етері сөзсіз. Сондықтан да жаңа технологиялар бізге қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет