ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Ахметова Б. (Қызылорда)
Егеменді еліміздің дамуындағы жаңа бағдарлар, қоғамның жедел ақпараттануы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында «Бізге қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет»,-деп атап көрсете отырып, әлемдік білім кеңістігіне енуге ғылым мен білім, әр түрлі жаңа технологиялар арқылы оқу үрдісін шығармашылықпен ұйымдастыруға еркіндік беріп, ұстаздар қауымының белсенділігін арттыруды міндеттеп отыр. Білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы – бастауыш саты. Келешекте арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы да осы бастауыштан басталмақ. Жас бүлдіршіндердің ой- қиялын, біліммен нұрландыратын, дүниетанымын кеңейтетін - ұстаз шеберлігі. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі – жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен қатар өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн. Оқушы қызметін активтендіру негізінде қолданылатын технологиялардың бірі – деңгейлеп саралау технологиясы. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінді оқу материалдарын меңгеруін қамтамасыз етеді.
Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Деңгейлеп саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей, бағдарламалық, күрделенген деңгей.
Деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді, нәтижелі болу үшін:
а)жеке тұлға ерекшеліктеріне,
б) психологиялық даму ерекшеліктеріне,
в) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөлінуі тиіс.
Жалпы менің оқытудағы өз проблемам: оқушыларды жұмыс жасауға тәрбиелеу,үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын, белсенділігін, дағдысының дамуын қамтамасыз етеді. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.Қараев оқушылардың оқу деңгейін 4- түрге бөлген.
Достарыңызбен бөлісу: |