Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты



бет384/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   380   381   382   383   384   385   386   387   ...   668
Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты:

  • Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру;

  • Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану;

  • Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру болып табылады. [2]

Ақпараттық технологияны оқу үрдісіне енгізу білім беруді әлемдік деңгейге жақындатуға мүмкіндік береді. Студенттердің дербестігі, танымдық белсенділігі артады, оқытушының рөлі өзгеріп, ұйымдастырушы, басшы қалыбынан кеңесші деңгейіне дейін өседі. Бұл ретте оқытушы мен студент жаңаша тұрғыдағы қарым-қатынасының сипатын былайша сипаттауға болады:

  • студенттердің дербестігі артады, олар өз жұмыстарының мазмұнын компьютерлік техника арқылы өздігінен түзетуге мүмкіндік алады;

  • студенттердің теориялық білімі және практикалық дағды-біліктері нақты анықталады;

  • студенттерде өздігінен іздену, ақпарат көздерін іріктеу, қажетті материалдарды тауып, тиімді қолдану дағдылары қалыптасады;

  • студенттердің өзіне, өз қабілетіне деген сенімі артады, даралық жеке басын бағалау сапасы қалыптасады;

  • студент өзін-өзі басқаратын, тексеретін, өзін-өзі бағалайтын деңгейге көтеріледі[1].

Студентке білімді дайын күйінде бермей, білімді өзі алатындай біліктермен қаруландыру қажет.


Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы студенттердің ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын ақпараттық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептеймін.



Білім – болашақ бағдары, кез-келген оқу орынның басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. Ол – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру мен ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану, студенттің өз мамандығына қызығушылығы мен мамандық сапасын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда қоғамның даму жолдарын анықтайтыны сөзсіз.

Міне, осындай тиімді жақтарын біз айта отырып, іс-жүзінде пайдалануымыз керек. Студенттің сабаққа деген құштарлығы одан сайын артып, келесі сабақты асыға күтетіні сөзсіз. Қазіргі заман талабына сай боламыз десек, ақпарттық технологияларды жетік меңгергеніміз жөн болмақ.



Әдебиеттер
1. Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» (Ел президентінің халыққа жолдауы), 2007ж.
2. Оқытудың ақпараттық негіздері «Қазақстан мектебі» 2010ж. №4 К.Жүнісқызы.

3. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – А.: Өркен, 2007ж.

4. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008ж.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   380   381   382   383   384   385   386   387   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет