Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


АҚПАРАТТЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ



бет387/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   383   384   385   386   387   388   389   390   ...   668
АҚПАРАТТЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
Ашимбекова Н. К.( Қызылорда)
«Адамзат үшін ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар

ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды

жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және

жетілдіру –бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің

еншілеріңіз..Ал жас ұрпақтың тағдыры –

ұстаздардың қолында»

(Н. Ә. Назарбаев)
Жаңа ақпараттық техникаларын пайдалану соңғы уақытта білім беру жүйесінде маңызды бағыттардың бірі болып табылады.

Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейін көтерудің тиімді жолы білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттердің біріне айналды. Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен Қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтардің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Өз бетімен және өмір бойы білім алу – педагогтың кәсіптік шеберлігін көтерудің бірден бір жолы.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық –психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.

Жаңа ақпараттық-технологиялар дегеніміз-білім беру ісінде ақпараттарды дайындап, оны білім алушыға беру үрдісі. Бұл үрдісті іске асырудың негізгі құралы ретінде компьютерді аламыз. Компьютер – білім беру ісіндегі бұрын шешімін таппай келген жаңа, тың дидактикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін зор құрал.

ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін: интернет, компьютерлік техниканы, компьютерлік желілерді, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті тақтаны, электрондық оқулықтарды оқу үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру қажеттілігі туындап отыр. Енді осы аталған қажеттіліктерге тоқтала кетейік:

Интернет - кез келген компьютерлермен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Интернет - байланыс араларын өзара біріктіретін, тораптардың жиынтығы.

Әрбір топтарда көбінесе UNIX операциялық жүйесін басқару арқылы жұмыс істейтін бір немесе бірнеше қуатты компьютер-сервер болады. Мұндай торапты кейде хост деп атайды.

Торапты оның иесі - провайдер деп аталатын ұйым немесе Интернет қызметін жабдықтаушы басқарады.

Интернет әр түрлі ережемен жұмыс істейтін желілерді біріктіреді. Бұл ережелерді үйлестіру үшін шлюз құрылғысы қызмет етеді. Шлюз - басқаша тәсілмен үйлеспейтін желілерді қосатын құрылғы. Шлюз әр түрлі желілердің бірлескен жұмысын қамтамасыз етуге арналған мәліметтерді өзгертпейді.

Интернет желісіне әр түрлі операциялық жүйелерді басқару арқылы жұмыс істейтін компьютерлер кіреді . Қазіргі уақытта кез келген информациялық технологияның жаппай техникалық компоненті компьютер болып табылатыны белгілі. Интернет технологисы жылдам өзгеріп отырады. Интернетпен жұмыс істеу оңайланғандықтан, қазіргі өзгерістер торапты кім немесе қандай мақсатпен қолдануында болып отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   383   384   385   386   387   388   389   390   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет