ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ МОДЕЛЬДЕРІН ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Бакенова Ж.А., Хайырмуханбетов Р.А. (Ақтөбе)
Қазіргі заманғы білім кеңістігіндегі жаңалықтар кеңінен қанат жайып, күннен-күнге қарыштап дамуда. Ұлы ағартушымыз Ыбырайша айтқанда көзді ашып- жұмғанша айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған ғажайып қоғамның барлық мүмкіндіктерін пайдаланып отырмыз. Солардың бір куәсі ретінде қашықтықтан оқыту білім беру саласында пайдаланылуда.
Қашықтан оқыту - білім беру мекемелерінен қашықта орналасқан адамдардың дамуы мен оқу әрекетін мақсатты және әдістемелік ұйымдастырылған түрде, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың көмегімен басқара отырып оқытудың бір түрі: оқулықтарды және т.б. баспа басылымдарын, оқытылатын материалдарды компьютерлік телекоммуникациялар арқылы жүргізілетін бейнетаспалар, пікірсайыстар және семинарлар, ұлттық және аймақтық теледидар мен радиостанциялар арқылы оқу бағдарламаларын тарату, кабельдік теледидар және электронды пошта, екі жақты бейнеконференциялар, телефон арқылы кері байланыспен бір жақты бейне таратулар және т.б. түрінде ұйымдастырылатын жұмыс түрі.
Қашықтықтан оқу технологиялары қашықтықтан оқу сабақтарын on-line режимінде немесе off-line режимінде өткізуге негізделген.
On-line режимі – нақты уақытта жүзеге асырылатын оқудағы өзара әрекет ету үрдісі.
On-line режиміндегі байланыс - оқытушының (тьютордың) тыңдаушымен қарым-қатынасы.
«On-line» режиміндегі оқу сабағы берілген уақыттағы оқу үдерісінің өзара әрекетін қамтиды (бейнеконференция, форум, чат, телефон бойынша байланыс).
Қашықтықтан білім беру модулі: білім ақпаратын білім алушыға жеткізуін, сонымен қатар тыңдаушының оқу курсы бойынша меңгеретін білімін тексеруін қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдар, әдістер және ұйымдастыру шаралар кешені;
Мультимедиа(ағыл. multimedia лат. multum – көп және media, medium - жұмылдыру, құрал) пайдаланушыға графикамен, мәтінмен, дауыспен, видеомен жұмыс істеуге рұқсат беретін аппараттық және бағдарламалық құралдар кешені.
Қашықтан оқыту процесін ұйымдастыруда оқытудың білім беру, тәрбиелеу, дамыту, дәйектілік, жүйелілік ұстанымдарының мақсатқа сай қолданылуы басшылыққа алынады. Пәннің жұмыс оқу жоспары мен білім алушылардың жекелеген оқу жоспары білім беру процесінің негізі болып табылады.
Қашықтан оқытуда гипер тілдегі жаттығу тапсырмалар, электронды оқулықтар, тест тапсырмалары, интернет жүйесі, телефон т.б. құралдарды пайдалану арқылы және төменде сипатталған технологиялар бойынша іске асырылады
|