Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет495/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   491   492   493   494   495   496   497   498   ...   668
Кейс-әдісі (кейс - технология) – өндіріс жағдайларын модельдеу мен шешуге мамандырылған кәсіптік дайындаужүйесі.

  • CD-ROM технологиясы. КурсCD дискісі түрінде беріледі. Курс компьютер көмегімен үйде немесе жұмыс орнында оқытылады;

  • Желілі технология. Курс білім ұйымдарының оқу серверіне желілі қатынас арқылы оқытылады.

    • Интернет-курстары (интернет-технология) сабақтарға қатысуды интернет желісі құралдарының көмегімен ойластыратын, ашық қашықтан оқу процеснің бөлімі.

    • Ақпараттық - білім беру ортасы – пайдаланушылардың білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруына бағытталған ақпараттық қорлар, қарым-қатынас хаттамалары.

    • Виртуалды білім беру ұйымы – оқытуды ақпараттық (компьютерлік) технологиялардың қолдануға сүйене отырып ұйымдастыратын оқу орындарының жаңа үлгісі.

    К.Ж.Шабденова өз еңбегінде оқу сатыларын игеру үшін топтастыру, тығыз байланыс, кейс, кәсіби даярлық немесе қайта даярлау нұсқаларын ұсынады.

    Топтастыру нұсқасы. Қашықтан оқыту нұсқасының мөлшері және алуан түрлі тәсілдері көпқырлы нысандарды зерттеу, дәл бағдарлау үшін топтастыруды қажет етеді. Топтастыру - жалпы сызба нұсқасының формасы бойынша ұсынылатын, олардың арасындағы байланыстарды бейнелейтін құрал ретінде пайдаланылатын, нысандардың көпқырлылығын дәл бағдарлауға арналған нысандар жүйесі.

    Тығыз байланыс нұсқасы. Білім алушылар қашықтан оқу кезінде педагог кадрлардың жетіспеушілігі болған жағдайда бұндай проблемаларды сезінбейді, себебі қашықтан оқыту әдістемесі бұл жағдайды бәсеңдетеді. Қашықтан оқыту кезінде білім алушылар тьюторлармен жүзбе-жүз кездесуді, мүмкіндік болса, аптасына бір өткізген дұрыс. Ондай мүмкіндік болмаған жағдайда өз бетінше оқып, білім алу барысында тьютормен телефон, телефакс, электронды пошта және байланыстың басқа да құралдарының көмегімен кеңес алуына болады.

    Кейс нұсқасы. Білім алушыларға кейс нұсқасы бар «кейс» тапсырылады және кіріспе сабағы өткізіледі. Білім алушылар өзінің жұмыс тобымен, тьютор, сабақты ұйымдастыру жоспары және оқытушының әдістемесімен танысады. Содан кейін қашық аймақтағы білім алушыларға CD-ROM-ға, аудиокассеталарға жазып, жұмыстың үлгілерін жіберуге болады. Сондай-ақ арнайы жүйемен барлық оқу материалдары бар мәтіндерді ИНТЕРНЕТ қызметінің WEB беттеріне салып ұсынуға болады.

    Кәсіби даярлық немесе қайта даярлау нұсқасы. Оқытудың барлық жүйесі практикалық және ұйымдастырушылық тәжірибесі бар адамдарды оқытуға даяр болуы керек. Оқыту курсында білім алушылар телефон арқылы, тіпті тікелей кездесіп ақыл-кеңес алуына болады. Сөйтіп тұрақты байланыс жасауды қамтамасыз етеді. Бұл оқу барысында туындаған өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Курс соңында білім алушылар өздерінің білім деңгейін ретке келтіру, топтық жұмыстың практикалық дағдыларын дамыту, тәжірибе алмасу және іскерлік байланысты орнықтыру үшін көшпелі жексенбілік мектепті ұйымдастыруына болады.

    Т.П.Воронина, В.П.Кашицин, О.П.Молчановалар еңбектерінде қашықтан оқыту технологиясын дамытудың төрт модельді кезеңдерін анықтайды. Олар: ашық, телешоулық, дәстүрлі және сырттай модельдер.

    Л.Керімов, А.Әлиева және басқа да отандық ғалымдар мынадай төрт түрлі модельді ұсынады: кейс технологиялық модель, корреспонденттік оқыту, радиотелевизиялық модель, желілік оқыту.

    Келесі ғалымдар тобы қашықтан оқытудың мынадай ұтымды модельдерін сұрыптайды:



    1. Кейс технологиялық модель.

    2. Корреспонденттік модель.

    3. Желілік оқыту моделі.

    4. Іскерлік ойындар моделі.

    Кейс технологиялық модель бойынша оқытылатын пәннен кешенді оқу материалдары әзірленеді. Мұндай оқыту кезінде жекелген нысандарды жинақтауды көздеген жалқыдан жалпыға келу әдісі пайдаланылады. Бұл әдіс оқытуды белгілі тәртіппен жүргізуге, жүйелі оқытуға игі ықпал етеді. Кейс құрамына пәнге қатысты төмендегідей материалдар жинақталады:

    • Оқу бағдарламасы;

    • Қарапайым және мультимедиялық компьютерлік оқыту бағдарламалары;

    • Оқу құралдары (тірек конспектілері, дәріс конспектілерінің жоспары);

    • Аудиокассеталар (тапсырмалар жүйесі);

    • Бейнекассеталар (шолу дәрістері, телеконференциялар);

    • Жұмыс дәптерлері (тапсырмаларды орындау үлгілері, өзіндік жұмыстар);

    • Білім алушылардың өзіндік жұмыстарының жоспар кестесі, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруға арналған нұсқаулар;

    • Практикалық сабақтарға арналған сұрақтар;

    • Курсты оқып- үйренудің әдістемелік нұсқауы;

    • Әдебиеттер тізімі;

    • Тестілік сұрақтар (бастапқы, аралық, қорытынды).

    Корреспонденттік модель. Білім алушылар білімін бағалауды журнал-жұмыстық дәптер түрінде зерделеумен өзін байқап көреді. Оқытудың мүмкіндік қарқыны баяу, қалыпты және шапшаңдатылған болынып бөлінеді. Журнал нұсқаулар оқу материалдары, бақылау тапсырмалары, аудиокассеталардың жинақтамаларынан тұратын дидактикалық материалдарды қамтиды.

    Желілік оқыту моделі. Жоғарыда келтірілген моделдердің ішінен желілік оқыту ИНТЕРНЕТ желісін қолдануға негізделгендіктен, кез келген жоғары оқу орындары үшін оны қашықтан оқыту жүйесінің моделі ретінде таңдау тиімді болып саналады.

    Іскерлік ойындар моделі. Білім алушылар оқу-танымдық қызметінің негізгі формасы - дидактикалық материалдармен өз бетінше жұмыс. Сонымен бірге оқытудың тиімділігін арттыру үшін «іскерлік ойындар», «топтық пікір сайыстары» кеңінен пайдаланылады. Дербес түрде өз бетінше орындалатын тапсырмалар білім алушылардың ойлау қабілетін жетілдіруді қамтамасыз етеді. Іскерлік ойындар білім алушыларды өздеріне тиісті кәсіби біліммен қаруландыралы.

    Электронды күйде немесе бейнекөрініс түріндегі топтық пікірсайыстарда проблемалық мәселелерді талқылау кезінде білім алушылардың өзіндік көзқарастары қалыптасады.

    Осындай мотивацияны арттыру үшін оқу-әдістемелік жұмыс негізгі амалдар, тәсілдер және жаңа техникалар арқылы жүзеге асырылады.

    Жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланатын әдістер мен ғаламтор секілді қазіргі тәсілдер жеке бағдарламалық бағытта көмегін тигізеді, білім алушылардың қабілетіне қарай оқытудың дифференциясын қамтамасыз етеді және пәнге деген қызығушылығын арттырады. Бүгінгі таңда компьютер адамзат өмірінің әр саласында белсенді қолданылуда.

    Психологиялық тұрғыдан қарағанда да қашықтан оқытудың тиімділігі мол. Оқу-әдістемелік жұмыстың тиімділігін, практикалық сабақтың қызығушылығын қамтиды.

    Қазіргі уақытта адам іс-әрекетінің барлық салаларына ақпараттық коммуникациялық технологиялар кеңінен қолданылатын болды және оның маңыздылығы барған сайын арта түсуде.



    Әдебиеттер

    1. Андреев А. А. Введение в дистанционное обучение. Учебно-методическое пособие. - М.: ВУ, 1997 г. 

    2. Ахаян А.А. Виртуальный педагогический вуз. Теория становления. - СПб.: Изд-во «Корифей», 2001. - 170 с. 

    3. Гусев Д.А. Заметки о пользе дистанционного обучения 

    4. Зайченко Т.П. Основы дистанционного обучения: Теоретико-практический базис: Учебное пособие. - СПб.: Изд-во РГПУ им. А.И. Герцена, 2004. - 167 с. 

    5. Зайченко Т.П. Инвариантная организационно-дидактическая система дистанционного обучения: Монография. - СПб.: Изд-во «Астерион», 2004. - 188 с. 

    6. Малитиков Е.М., Карпенко М.П., Колмогоров В.П. Актуальные проблемы развития дистанционного образования в Российской Федерации и странах СНГ // Право и образование. – 2000. – №1 (2). – С. 42–54. 

    7. Полат Е.С, Моисеева М.В., Петров А.Е. Педагогические технологии дистанционного обучения / Под ред.Е.С.Полат. - М., «Академия», 2006. 





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   491   492   493   494   495   496   497   498   ...   668




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет