Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет532/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   528   529   530   531   532   533   534   535   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

Әдебиеттер

1. Қ.Р «Білім туралы» Заңы

2. Қ.Р – дағы білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

3. Педагогика. Ш.Құрманалина т.б Астана 2007ж

4. Математиканы оқыту методикасы А.Е Әбілқасымова

5. Сыр мектебі №15 — 16 2009ж, 5 тамыз



САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Меделбаева Ж.Қ. (Ақтөбе)
ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың дамыған заманы. Қазіргі замандағы әрбір оқушы да, әрбір мұғалім де заман көшінен қалмай, жаңашыл дамуға міндетті. Әрине, ол үздіксіз ізденіс, үздіксіз еңбектің арқасында дамиды. Әрбір ұстаз сапалы білім беру үшін өз білімін үздіксіз жетілдіріп отыруы тиіс.

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2010 – 2020 жж. арналған мемлекеттік бағдарламасында «Бүгін білім беруді экономикалық инвистиция ретінде түсіну керек. Білім беруді инвистициялаған мемлекетте экономиканың дамуы жоғары болады» - деп көрсетілген. Бағдарлама қағидасын басты мақсатқа ала отырып, сапалы білім беруде әрбір мұғалім аянбай еңбектенуге міндетті.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында: «Оқу үрдісіне педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану-жалпы білім беруді дамытудың басты бағыттарының бірі» екендігі көрсетілген. Сондықтан, заман талабына сай инновациялық технологияларды пайдалану арқылы сабақ барысын жаңашыл тұрғыда өткізсе, оқушының білім алуда болашаққа деген сенімі артады.

Жалпы, «инновация» деген сөзге тоқталсақ, инновация–жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу - тек қана инновациялық процесті мазмұнды дамыту, жаңаны ұйымдастыру, қалыптастыруды анықтайды, яғни, «жаңа» деген үлкен ұғымды білдіреді. Ал «жаңа» деген сөздің мазмұны өте терең...

Сапалы білім беру мақсатында жаңалық енгізу, жаңа идеялар ойлап табу, жаңа әдіс-тәсілдер енгізу бүгінгі педагогтардың басты міндеті болып табылады.

Сондықтан ғалымдар «инновация» деген ұғымды білім беру үрдісінде жаңашыл технологиялар енгізетін жүйенің бір жағдайдан екінші жағдайға көшуіне апаратын, жаңадан кіргізілетін әрекет деп түсіндіреді.

Инновациялық технологияларды ендіруде үш өзара байланысты күштер анықталады: енгізілген технологияның ерекшеліктері; жаңашылдардың инновациялық әлеуеті; жаңалықты енгізу жолдары.

Жаңа инновациялық оқыту технологиялары педагогикалық қызметтің жаңашыл түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологияларын меңгеру үшін әрбір мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіріп, жан-жақты тәжірибе алмасып отыруы қажет. Педагогикалық қызмет- өз қызметіне жауапкершілікпен, шығармашылықпен қарайтын, жас ұрпақтың болашағына алаңдайтын ұстаздарды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияларды меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады.

XXI ғасырда болашақ білімді, өз қоғамына үлес қосатын мамандарды даярлау, олардың кәсіби дамуын қалыптастыру мәселелері – күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Сондықтан, біз болашақ педагог-психологтардың сапалы білім беруге даярлығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық үлгісін инновациялық технологияларды қолдану арқылы жасау. Болашақ Мұғалімдердің жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды білім беруде қолдануға дайындықты қалыптастыру келесі көрсеткіштерді қамтиды:

- әрбір оқушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыру;

- білімі мен дарынына сай келетін бағыт таңдап алуға тәрбиелеу;

- өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, жетілдіру, дамыту;

- өз алған білімін қорытындылап талдай білу үшін ойлау қабілетін дамыту.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Жолдауда ұстаздар қауымының сапасын арттыруға ерекше көңіл бөле отырып, «Базалық педагогикалық білім стандартын, оқытушылардың біліміне қойылатын талаптарды күшейту қажет» деп атап көрсетті.

Білім берудің қазіргі жаңа құрылымымен оқу-әдістемелік мазмұнының өзгеруі- мұғалімнің өз кәсіби шеберліктерін шыңдауды, жаңартуды талап етеді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазіргі заманда жастарға ақпаратты техникамен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп атап көрсеткеніндей, инновациялық технологияларды кеңінен қолдану-жаңаша білім берудің басты факторы. Тұлғаға бағытталған оқыту – бұл педагогикалық қызметтегі әдіснамалық бағдар, ол өзара байланысты түсініктер, идеялар мен тәсілдер арқылы өзіндік тануын, өзін- өзі қалыптасуын және жас ұрпақ қабілеттері дамуының жүзеге асуын қамтамасыз етеді.

Қазіргі таңда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі міндет. Сондықтан оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларының жаңаша білім беру мүмкіндіктерін жасау, білім сапасын бағалау, оқу тәрбиесі үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты дамытуда үлкен маңызы зор.

Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты-оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін сабақ беру барысында практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, оқыту бағдарламалары сияқты жаңашыл өнімдер қызмет етеді. Оқытудың инновациялық технологияларды пайдалануда, жаңашыл білім беруде заманауи ақпараттық құралдардың маңызы өте зор.

Қазіргі инновациялық технологиялардың қарқынды даму тиімділігі білім беру ұйымдарында мұғалімнің кәсіби дайындығына тікелей байланысты. Сол себепті, педагогикалық іс-әрекетте оқыту технологияларын кеңінен қолдана білу мұғалімдердің кәсіби дайындығына қойылатын жоғары талаптар бірі.

Инновациялық оқыту дегеніміз – баланың мүмкіндігіне, қабілетіне қарай, тиімді жолдарын қолдану, оған сыни көзбен қарап, шығармашылық қабілетін дамытуға үйрету. Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселенің бірі оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады.

Инновациялық технологияларды енгізуде төмендегі бағалау бағыттарын басты міндетке алу керек:


  1. Оқытуды бағалау білім беру құндылықтарын анықтаудан басталуы керек.

  2. Бағалау, оның оқытуда түсінуді белгілі уақыт кезеңінде байқалған қызмет арқылы көпөлшемді, кіріктірілген үрдіс ретінде көрсетілгендей айрықша нәтижелі.

  3. Бағыттарды анықтауды әбден толық жетілдіру бағытындағы айқын көрінген мақсаттарға ие бағдарламалар болса , бағалау сапасы әлдеқайда жоғары.

  4. Бағалау, нәтижелерді алуға әкелетін көрсеткіштер және тәжірибеге аса көңіл аударуды талап етеді.

  5. Бағалау, егер анда-санда емес, тұрақты болғанда дұрыс жұмыс жасайды.

  6. Бағалау, егер оған білім беру қауымдастығының әртүрлі өкілдері қатысса білім беру бағдарламаларының үлкен жетілдірілуіне мүмкіндік туғызады.

  7. Бағалау, егер ол білім беру бағдарламаларының қолдану пайдалылығын анықтаудан және әдетте жеткіліксіз көңіл аударылатын мәселелерді көтеруден басталса, әлдеқайда құнды.

  8. Бағалау, егер ол білім берудегі кең көлемді өзгерістердің бөлігі болып табылса, білім беру бағдарламаларын модернизациялауға ( жетілдіру, жаңалау, жаңғырту) мүмкіндік жасайды.

  9. Бағалаудың көмегімен білім беру қызметкерлері оқкшылар мен қоғамның алдындағы өздерінің міндеттерін орындайды.

Қорыта келгенде, әрбір білім беру ұйымдарында қызмет жасайтын мұғалім болашақ білімді, өз өміріне жауапты ұрпақ тәрбиелеу үшін заман талабына сай сабақ үрдісін өзгертіп, жаңаша дамытып, өз білімін үздіксіз жетілдіріп отыру тиіс. Сонда ғана болашаққа сеніммен қарауға болатыны сөзсіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   528   529   530   531   532   533   534   535   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет