Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет663/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   660   661   662   663   664   665   666   667   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

тәрбиенің негізгі мақсаты:

*жастардың бойында азаматтық пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;

*халық дәстүрлерін дәріптеуге,әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерін оқып-үйренуге қалыптастыру;

*Конституцияға және қоғамға қарама-қайшы келетін әрекеттерге төзбеушілікке тәрбиелеу;



тәрбиенің негізгі міндеттері:

*қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа қалыптастыру;

*саяси-құқықтық,экономикалық,экологиялық,талғам мәдениетін жоғары деңгейде қалыптастыру;

*өзінің кәсіби қабілетін айқындауды қалыптастыру;

*отбасылық мәдениетті және гендер проблемасындағы сауаттылықты қалыптастыру;

*рухани адамгершілік,этномәдениет,ұлтаралық қатынас пен толеранттылық мәдениетін қалыптастыру;

*сыни ойлау дағдысы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Осы жерде атап көрсететін маңызды мәселе бар.Тәрбие туралы сөз болған соң,ұлттық педагогика туралы айтпасқа тағы болмайды.Қазақ ағартушысы М. Жұмабаев: «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деген. Адам тәрбиелеу -ұлы міндет. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі,өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы-ұлттық білім жүйесінің даму бағытына тікелей байланысты. Сәбиді жүріп, сөйлей бастағанынан әдепке баулу, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге тәрбиелеу- отбасынан басталар ұлттық педагогика заңдылығы. Елбасының стратегиялық бағдарламасында бұл мәселе айрықша атап көрсетілген. Сондықтан мектепте тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда әрбір сынып жетекші өз жұмысын ұлттық педагогикамен тығыз байланыста жүргізіп отыруға тиіс.

Қоғамда әр адам мұғалімнің ролі мен бейнесін әр түрлі елестетеді.Бірі- оны тек пән үйретуші ұстаз десе,бірі өмір жолында бағыт- бағдар беруші дейді. Мен өз баяндамамда осы егіз ұғымды бөле -жара айтқым келіп тұрған жоқ. Егер оқу мен тәрбие –егіз ұғым десек,лой болса, ұстаз- білім беруші ғана емес,ол-тәрбиеші де.Қазіргі уақытта әрі мұғалім, әрі тәрбиеші болу оңай жұмыс емес. Басқа ешбір мамандық иесіне дәл мұғалімдерге қойылғандай талаптар қоймайды.Бүгінгі мұғалімдерге қойылған талаптар тұрғысынан келгенде, «Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін бала жанының бағбаны –бүгінгі сынып жетекші бейнесі қандай болуы керек?»деген сұраққа жауап тауып көрейік.

Менің ойымша,бүгінгі сынып жетекші бейнесі:

Білімді, талапшыл, өнерлі, еңбекқор, инабатты, сыпайы, байсалды, төзімді, шешен, алғыр, байқағыш, көреген, кешірімшіл, қанағатшыл –педагог-психолог болуы керек.

Бүгінгі ұстаз және тәрбиеші (сынып жетекші) өсіп келе жатқан ұрпақ үшін:

*жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы;

*сынып ұжымының алуан түрлі бірлескен іс-шаралары барысында олардың өзара ынтымақтастық қарым-қатынасының қалыптасуын ұйымдастырушы;

*оқушылардың күнделікті өмірі мен әрекетін ұйымдастыруда, кәсіби бағдар беруде, әлеуметтік-әкономикалық, саяси ерекшеліктерін түсінуде көмекші, кеңесші;

*оқушының қолайлы, жайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру үшін сынып ерекшеліктерін ескере отырып қажетті тәрбиелі ықпалдар жасаушы;

*оқушылардың дамуын бақылаушы, тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп психологымен бірігіп, саяси ерекшеліктерін түсінуде көмекші, кеңесші;

*оқушының дамуы мен жетілуіне ықпал жасайтын барлық тәрбиелік күштердің (мектеп, отбасы, қоғам) басын қосушы, үйлестіруші;

Сіздердің бұл мәселеге өз көзқарастарыңыз болуы да мүмкін. Бұған ешкім шек қоймайды. Бүгінде оқушыға сынып жетекшісі – тәрбиеші де, көмекші де, жолдас та, сырлас та бола алады.Баланың болашақта қандай азамат болып шығуы, тікелей мектептегі тәрбие мен сынып жетекші жұмысына байланысты десек қателеспейтін шығармын. Әр баланың өз ғаламшары, өз әлемі бар. Ол ғаламшар әр баланың өзіне ғана мәлім. Ол үшін баланың өз ойын түсіне білудің өзі аз,сынып жетекші өз класындағы әр баланың ішкі жан дүниесін түсініп, оны сыртқа, айқын өмірге алып шығуы қажет. Оның жұмбағының шешімін тауып,ортада танылып,өзін көрсете алуына жәрдемдесу- тәрбие саласында жүрген біздің парызымыз.

Бала әлемі-сыры көп,таңқалдырар қызығы мол ғажап әлем. Сол әлемнің ашылар жері баланың өз мүмкіндігін таныта алар сәтінен басталады. Сондықтан сынып жетекшісі оқушыларды мектептегі мәдени, спорттық, зияткерлік т.б. шараларға қатыстыру арқылы олардың мүмкіндігін кеңейтіп,ашылмаған қырларын таныта білуі тиіс.

Мектепте әр түрлі пән мұғалімдері еңбек етеді. Олар: әдебиетші, математик, биолог, химик, физик, тарихшы болуы мүмкін. Осы пән негіздерін беруші мұғалімдер - әрі сынып жетекшісі де. Сондықтан әр сынып жетекшісінің атқаратын өзіндік екі қызметі бар: олар өз пәні бойынша балаға білім берумен қатар, сыныбындағы әр баланың «менін» ашып, «жеке тұлғаны»қалыптастыруға,баланың танылмаған талантын ашып, адамгершілік қасиеті мен эстетикалық талғамын дамытып,оқушыларының жан-жақты дамыған білімді, болашақта іскер азамат болып қалыптасуына зор ықпал жасайтындай тәрбиелік жұмыстар атқаруға тиіс. Халқымыздың дана жазушысы М.Әуезов : «Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу,өмірге ғашық болып өседі»деген екен. Олай болса, баланы өмірге ғашық етіп тәрбиелеу үшін оның ғаламына жол тауып,қадамына бағыт бере алайық.Бұл міндет мектепте әрі мұғалім, әрі сынып жетекші қызметін қоса атқаратын мұғалімдер қауымына жүктелген.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қ.Бөлеев «Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау».-Алматы, 2004.

2. Қоянбаев Р.М., Қоянбаев Ж.Б. - Алматы: Педагогика, 2000.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   660   661   662   663   664   665   666   667   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет