Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет137/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

Тиімді жақтары

Тиімсіз жақтары

  • Оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалын іздеп отырмайды.

  • Оқушы оқулықты қажет етпей-ақ информатика негіздерінен кез келген мәліметті алып, оқып үйренуіне болады.

  • Тақырыптың үлкен, қиын бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар, клиптер, аудиохабарларды пайдаланады.

  • Таңдап алған хабарды көшіруге мүмкіндік бар.

  • Сарамандық жұмыстар жылдам түсіндіріледі.

  • Бағдарламаны меңгеруге арналған тест сұрақтармен қамтамасыз етілген.

  • Көрнекілік құралдарға деген мұқтаждықты азайтады.

  • Мүғалім әр оқушымен дербес жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік туғызады.

  • Оқушының ой өрісін, дүниетанымын кеңейтуге, тану үрдісіне ықпал етеді.

  • Зерттеушілік қабілеті бар тұлға қалыптасады.

  • ҰБТ-ге даярлаудағы тиімділігі жоғары

  • Психология-педагогикалық талаптардың жоқтығы.

  • Пән аралық байланыстың аздығы.

  • Көрнекілік материалдарда бірыңғай таңдау.

  • Оқып үйренудегі мамандық бойынша бағыты ескерілмеген.

  • Материалды толық қамтуы немесе оқулықтарды толық аудару.

  • Оқушының жеке ерекшелігі, денсаулық жағдайы ескерілмеген.

  • Берілген материалдағы санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталмауы.

  • Компьютердің графикалық мүмкіншілігі-нің қолданылуының нашарлығы және әлсіздігі.

  • Оқушының тіл мәдениетінің төмендеуі «тірі» қарым-қатынасқа түсе алмауы.

Жоғарыда айтылған тиімсіз жақтарды болдырмау үшін төмендегідей ұсыныс жасауға болады:

  1. Компьютерді сабақтың белгілі бір кезеңдерінде ғана пайдалану;

  2. Компьютерді пайдалану уақытын сақтау;

  3. Компьютерді пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтау;

  4. Дәстүрлі және электронды оқытуды кіріктіру арқылы жүргізу. Себебі электронды оқыту – оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу, тестілеу т.б. бағдарламалар жиынтығы. Электрондық оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді.

Атап айтқанда:

  • Кері байланысты іс жүзінде тез арада қамтамасыз етеді;

  • Жай оқулықтағы кездеспейтін қосымша материалдарды электронды оқулықтардан қысқа уақытта табуға болады;

  • Гипермәтінді түсіндірмелерге өту барысында уақытты үнемдеуге көмектеседі.

Кез келген сабақ бойынша ең бастысы электронды оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірілген заңдылығы болуы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет