Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ (ОРТА)ЖӘНЕ ОНЫ ЖАЗУДА ЕСКЕРІЛЕТІН ТАЛАП-ЕРЕЖЕЛЕР



бет135/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   668
ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ (ОРТА)ЖӘНЕ ОНЫ ЖАЗУДА ЕСКЕРІЛЕТІН ТАЛАП-ЕРЕЖЕЛЕР
Матаева Б.З. (Ақтөбе)
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.

Ертеңгі күнімізге аттамас бұрын бүгінгі ұстаздың кім екендігіне баға беріп көрейік. Бүгінгі мұғалім ата-ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері. Мұғалім-оқытушы, мұғалім-ұстаз, мұғалім-оқулық авторы, мұғалім-технолог, мұғалім-жаңалықты дәріптеуші, таратушы.

Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады.

Компьютерлік техниканы, интернетті, компьютерлік желі, электронды оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімділігін күшейту және білім сапасын көтеру.

Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны пайдаланып білім берудің әр түрлі аспектілерін дамытуға болады. Олар: ақпаратты өңдеудің когнитивті аспектілері, оқытудың мотивациялық аспектілері және оқытудың коммуникациялық аспектілері және танымдық аспектілері. Мәселен, электронды оқулықпен жұмыс жасағанда, компьютерлік бағдарламада таңдап алған тараудың барлық тақырыптардың теориялық материалдары, есеп шығару үлгілері, өз беттерімен жұмыс істеуге арналған жаттығулар, әр тақырып бойынша орындалатын зертханалық жұмыс тапсырмалары, оқушылардың білім сапасын тексеруге арналған тест тапсырмалары беріледі және сынып оқушыларының әрқайсысына жеке-жеке нұсқаулар бойынша жұмыс жүргізуге қолайлы. Осы бағдарламалардың ерекшелігі сол, әрі уақытты да үнемдейді, әрі мұғалімнің де жұмысын жеңілдетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет