Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


БАЛАЛАРДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ



бет181/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

БАЛАЛАРДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Успанова С. М.(Ақтөбе)
Баланы өз күшіне сендіріп үйрету керек.

М.Жұмабаев
Қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік - экономикалық өміріндегі түбірлі өзгерістерге байланысты білім жүйесінде және оның мазмұны мен оқыту технологиясында да өзгерістер болып жатыр.

Бүгінгі күнгі біздің ұрпақ таңдауына шексіз мүмкіндік туған заманда өмір сүріп жатыр. Бүгінгі оқушыны әлемде болашағына дұрыс таңдау жасай алатын, ұтымды шешім қабылдай алатын, сондай-ақ өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына икемделе білетін қабілетіне байланысты өмір сүру тәртібі күтіп түр.

Еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар – адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына, көзқарастары мен шығармашылық әлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау.

Бұл міндеттерді жүзеге асыру еліміздегі мектептерде оқыту процесінің мазмұндық болмысын жаңа әдіснамалық тұрғыдан негіздеуді талап етеді. Мұндай жаңа әдіснамалық жүйе дәстүрлі оқыту процесін түбегейлі өзгертудің қажеттігін көрсетіп, оқытудың шығармашылық қызметін дамытып, білім мазмұнының ұлттық негізде берілуін жаңа өркениеттік бағдар тұрғысынан жетілдіруді қарастырады.

Білім берудің жаңа бағыттарының басты ерекшелігі – оқытудың нәтижесін алдын-ала болжап, оқушылардың қызығушылықтары мен ізденімпаздығы негізінде білімі мен біліктерін жетілдіріп, оны сана «сүзгісінен» терең зерделей отырып, шығармашылық әлеуетін үнемі дамытуға және рухани толысуға ұмтылысын қалыптастыруды бағдар тұтады. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауындағы 7-бөлімінде: «Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор. Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу» - деп көрсеткен .

Жаңа білім парадигмасы балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде қарап, шығармашылық қызығушылықтары негізінде білімге құндылық бағдарын қалыптастыра отырып, танымдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруды және жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғасын қалыптастыруды көздейді.

Білім беру процесін жаңаша ұйымдастыру оның философиялық, педагогикалық-психологиялық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Бүгінгі философтар мен педагог - ғалымдар білім беру саласында жаңа оқыту технологиялары мен әдістерін енгізумен ғана шектелмей, білім берудегі дүниетанымдық ұстанымдарды қайта қарау, рухани-адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасау қажеттігін дәлелдеуде.

Білім беру саласындағы инновациялық процестердің күрделілігі мен қайшылықтары жаңа құбылыстармен әрекеттесу және жалпы орта білімді ізгілендірудің сапалы кезеңінде балалардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың мәселесін өзекті етуде.

Соңғы жылдары оқу-тәрбие процесіндегі жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқытуға үлкен мән берудің өзі еліміздегі өзгерістердің маңыздылығын көрсетеді.

Жеке тұлғаның шығармашылық бағыттылығын қалыптастыру - баланың оқу-танымдық іс-әрекеттегі шығармашылық қызығушылығына тікелей байланысты. Қоғамда, айналамызда болып жатқан қарқынды өзгерістер шығармашылық қабілеті бар, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаның дамуына септігін тигізеді.

Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту және оны тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.

Баланың даму кезеңдерінде потенциялдық қабілеттерін дұрыс қолдана білсек қана үлкен жетістіктерге әкеледі.

Мектепке дейінгі мекемелерде, сабақтарда және басқа іс әрекеттерде жалпы тәрбие беру жүзеге асырылады, арнайы қабілеттері дамиды, шығармашылық қатынасы қалыптасады. Меңгерген дағдының сапасына деген талап топтан топқа өткен сайын күрделене түседі. Берілген тапсырмалар мен шығармалар арқылы балалардың өмірдің сан қилы оқиғаларынан хабардар болады. Сондықтан, уақыт өткен сайын берілетін материалдар да өзгертіп отыру қажет.

Педагогтың міндеті - мектепке дейінгі жастағы бала бойындағы мүмкіндіктерді ашып, оның жас ерекшеліктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ойындарда тақырыпты, мазмұнды таңдап алуда және белгілеуде шығармашылық ізденіс қажет. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін оларға үнемі ақыл-кеңес беріп, дұрыс тәрбие үлгі көрсету керек. Тәрбие барысында өз ойларын сөз, ән, сурет, би, драматизациялау, бейнелеу тәсілдерін меңгереді. Тәрбие барысында әсемдікке баулиды, жағымды эмоция туғызады, қабілеттерін дамытады. Шығармашылықты дамыту үшін балалық шақта қызықты жайттардың болуы, білуге құмарлықты, ынтаны, қиялды дамыту қажет, тек сонда ғана мектепке дейінгі балалардың шығармашылық әрекетінің мәнін анықтауға болады.Балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру барысында іс-әрекеттің нормалары мен үлгілерін қолдануға белгілі дәрежеде ерік беріледі.

Шығармашылық қызығушылық – тұлғаның ізденімпаздық қабілет сапасын дамытудың негізгі өзегі болып табылады. Себебі өмірдегі құндылықтардың барлығы да жаңашылдық бағыттар арқылы ғана іс-әрекетке тұрақты шығармашылық қызығушылық нәтижесінде танылып, болашақта өміршең дамуына мүмкіндік алады. Сондықтан шығармашылық қызығушылықты жеке тұлғаның дамуына, оның рухани жетілуінде мәні терең, мотивациялық, білімділік бағдар құндылығы ретінде танылуының маңызы зор.

Көтеріліп отырған мәселенің өзектілігі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, ҚР стратегиялық дамуының «Қазақстан-2030» бағдарламасында, ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, ҚР «Білім» бағдарламасында мемлекеттік саясаттың басты принциптері ретінде жеке адамның шығармашылық әлеуетін дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелерінде басты міндеттер қатарында қойылған.

Демек, болашақ педагогтарды мектепке дейінгі мекемелер мен мектептегі тәрбие жұмыс жағдайларына бейімдеу мәселесі, кәсіби құзырлы, шығармашыл болуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңа парадигмасы негізінде оқытудың субъектін және баланың әлеуетіне тікелей әсері мол шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық тұғырларын айқындау міндеттерін алдыңғы қатарға шығарады.

Осы жаңа білім беру парадигмасы негізінде жеке тұлға бойындағы ашылмаған, сыры мол мүмкіндіктерді дамытудың бастау көзі – шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру мәселесі және адами құндылықтар өзінің тамырын адамзат дамуы тарихының тереңінен алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет