2 3 ?
2+3=5
«5»-бұл есептің жауабы. Біз есептің жауабын айттық.
Мұғалім одан әрі балаларды жаңағы талдау жасалған есепті жинақтауға жетелейді. «Біз есептің қандай бөліктерін, элементтерін ажыраттық?» (Шарты, сұрағы, шешуі, жауабы). Бұл сөздер үлгіге толтырылады.
Келесі сабақта да үлгі оқушылардың алдында тұрады. «Есептің бөліктерін атаңдар» деп мұғалім тапсырма береді.Оқушылар жапатармағай қол көтереді. «Шарты,сұрағы,шешуі,жауабы»,деп балалар үлгіге қарап жаппай қосыла да,жекелей де оқиды. «Ал енді мына суретке қараңдар». «Бақта 3 бала алма жинап жүр. Оларға көмектесуге 1 қыз бала келе жатыр. Бақтағы барлық балалар қанша болды?» Мұғалім есептің бөліктерін ажыратыңдар деген тапсырма береді. Оқушылар есептің шартын, сұрағын, шешуі мен жауабын ажыратып, ойлана бастайды.
Балалардың барлық жауаптарын мұғалім үлгідегі секілді етіп,тақтаға жазады.
Тірек үлгі арқылы талдау мен жинақтау әр сабақ сайын уақыты жағынан жеделдей түседі. Тақтадағы жазулар да сирейді. Енді тек ауызша:
- шартын ажырат
- сұрағын айт.
- шешуі қандай? Жауабын айт,-деген түрде жүргізіледі.
Міне, бірінші сыныптықтардың математика сабағында ойлау дағдыларын дамытудың, ойлау қабілетін жетілдірудің бір көрінісі осындай.
Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту оқушылардың алдына мәселе қойылып, мәселелік жағдаят (проблемелық ситуация) жасалғанда анағұрлым тиімді бола түседі. Мәселелік жағдаяттар тек күрделі де елеулі міндеттер мен мәселелердің айналасында ғана жасалып қоймайды, қандай да болсын танымдық міндеттерді шешуге барудың өзі де өзекті бола алады.
Даму, ең алдымен, білімдерді меңгеру барысында оқушы жасайтын ой кезеңдері мен әрекеттердің сипаты арқылы анықталады.
Ақыл-ой тапқырлығына, қабілеттілік ісіне тәрбиелеуде едәуір мөлшерде оқытуға зерттеушілік тұрғысынан қарау ісі жәрдем ете алады.
Оқушылардың қисынды ойлауын (логикалық ойлау) дамытып және сенімдерін қалыптастыру үшін оқушыларды дәлелдерге және өз көзқарасын негіздеуге үйрету жөніндегі жұмыстар өте пайдалы болып табылады.
Әдебиеттер
«Бастауыш сыныпта оқыту» 2006 №5, 2008 №2
Достарыңызбен бөлісу: |