Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ



бет339/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   668
МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ
Сыздықова Л. (Қызылорда)
Бала қызыққыш, әр нәрсеге құмар келеді. Көрсем екен, ұстасам екен, жұмбақ дүниенің сырын біле қойсам екен, деген талапта болады. Шәкірттер психологиясында «білмеймін» деу сирек кездеседі. Ал, осындай ынтаны, талапты мұғалім жандандыра түсуі керек. Білуге деген «ұшқынды» жалындата білу мұғалімнің тәжрибесі мен творчестволық шеберлігіне байланысты . Әрине, бұл бағытта көп оқу көп іздену, әр сабақтың жүйесін толғанып, ойланып шешу қажет. Мұны жүзеге асыруда әрбір оқу пәнінің өзіндік мүмкіндіктері бар. Осы тұрғыдан алғанда әсіресе, математиканың орны ерекше. Өйткені математиканың әрбір жаттығуы ой жұмысын қажет етеді. Тіпті ең қарапайым жаттығуларының өзі-ақ шәкірттердің ақыл ойын, логикалық ойлау қабілетін ұштай түседі. Алайда оқушылардың қызығуы, белсенділігінің артуы, жан-жақты ойлана ізденуі, жалпы алғанда, өздігінен жұмыс жасауға еңбектенуге дағдылануы өзінен-өзі келетін қасиет емес. Ол арнайы ұйымдастырылып, дәйектілікпен үнемі жүргізілетін жұмыс жүйесіне, оның мазмұны мен түрлеріне байланысты. Осы саладағы қандай да болсын жетістік – творчествалық еңбектің, үздіксіз ізденістің жемісі.

Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда математика сабағы ерекше орын алады.өйткені оның әрбір жаттығуы ой жұмысын қажет етеді. Сондықтан мұғалімнің сабақты оқушыларға бұрыннан таныс ережедегі, берілген жаттығулардан бастап, бірте-бірте күрделендіру бағытында құрған дұрыс. Математика сабағында оқушыларға, математикалық таблицаларды және терминдерді жақсы меңгертудің үлкен мәні бар. Математика сабағында оқушылардың ойлау қабілетін дамыту шамаларды салыстыру, есеп шығаруға жоспар құру, есеп құрастыру, шығарылған есептерді талдау, түсініктемелер жазу, сондай-ақ, ауызша есептеу арқылы жүзеге асады. 1-2 сынып оқулықтарында есеп құруға арналған жұмыс түрлері жеткілікті. Онда белгісіз қосылғышты табуға дейінгі жұмыстар 1- сыныпта суреттермен берілген.

Сол суреттермен мынадай сұрақтар бойынша әңгіме өткізуге болады:

Суреттен нені көріп отырсыңдар? Құстардың қандай түрлерін білесіңдер? Шымщықтар бұталарға каншадан орналасқан? Барлық шымшықтардың саны қанша? Осы әңгімеден нені табуға болады? Қандай есептер құрастыруға болады?

Соңынан оқушыларға есеп құрастыртамын.


  • Бұтақтағы барлық шымшықтардың саны – төртеу. Егер оның бірі ұшып кетсе, қанша шымшық қалады? – деп немесе «Бұтақтагы 4 шымшықтың 3-еуі ұшып кетті, қалғаны қанша?» - деп, есеп құрастырады.

Екі есептің мазмұны әр түрлі болғанымен, шығару жолы бір. Егер оқушылар ойын осылай дамытса, үйрене келе олар кері есептер құруға машықтанады. Бұл, сөз жоқ, оқушыларды қызықтырады. Есеп шығарудың басқа да жолдарын қарастырып, шығаруға ынталанады. Құрастырылған есептерді шығарудың дайын есептерді шығарудан айырмашылығы көп. Құрастырылған есептерді оқушылар өздеріне белгілі жолдармен шығарады, ал дайын мазмұнды есепті шығару жолдарын ойластыру қажет. Мысалы оқушыларға дүкеннен сатып алған дәптерлері туралы есеп құрастыру тапсырылса, кез келген оқушы: «Мен дүкеннен 16 дәптер сатып алдым. Оның төртеуін Маратқа бердім. Өзімде неше дәптер қалды?» деген тәрізді есептерді құрастыра алады. Ол оның шығару жолын біліп тұрады және нәтижесін қиналмай айтады.

Төменгі сынып оқушыларының ойын дамытуда салыстырудың маңызы зор. К.Д. Ушинский салыстыру ойлау атаулының негізі болып табылатынын атап көрсеткен. Оқудың табысты болуы оқушылардың салыстыра білу, яғни, ұқсастық пен әр тектілікті байқау қабілетінің қалыптасуымен анықталады.

1- сынып оқушылары алғашқы сабақтарда-ақ заттарды салыстырумен «көп», «аз» ұғымдарын қарастырады. Оқулықтарда бұл ұғымдарды таблицалар түріндегі жұмыстарды орындау үшін пайдаланады.

Әсіресе 1- сыныпта салыстыру тәсілін қалай қолданғаныма мысал келтірейін. Көрнекіліккке қосындының ауыстырымдылық қасиетін иллюстрациялайтын таблица (дөңгелектер, үшбұрыштар т.б.) пайдаландым.

Күндегі дағды бойынша ауызша мысалдар мен сұрақтарға жауап алғаннан кейін сабақтың жүрісін мүлде өзгертіп 2 оқушыны тақтаға шақырдым. Және бір оқушыны соңынан шығардым. «Алдымен тақтаға неше оқушы шықты? Соңынан неше оқушы щықты? Барлығы қанша болды?» сұрақтарын бердім.

Тақтаға бір оқушы 2+1=3 деп жазды. Оқушыларды орындарына отырғызып, бір оқушыға тақта сүрткіздім де, оған екі оқушыны көмекке жібердім. Енді тақтадағы оқушыларға жоғарыдағы сұрақтарды қойып 1+2=3 мысалын жаздырдым. Оқушыларға осы екі мысалдағы айырмашылықты табыңдар деп, оларды ойландыра сұрақ қойдым. Оқушылардың жауаптарынан қосылғыштардың орны ауысып тұрғаны анықталды . Қосынды неге бірдей?» деген сұраққа оқушылар: 1-ге 2-ні қосқанда да ,2-ге 1-ді қосқанда да, 3 шығады деп жауап берді. Бұдан оқушылар орындары ауысқан қосылғышқа бола қосынды өзгермейді деген ұғымға келіп , ереже қорытты. Міне осындай жұмыстың түрлері оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыруға үлкен септігін тигізері анық.

Сондай-ақ сабақта оқушылардың ойлау белсенділігін арттыруға бала табиғатына сай дайындалған көрнекіліктің орны рекше. Оны тиімді, жүйелі нақтылы пайдалану керек. Өз тәжірибемде мынадай көрнекі оқу-құрал жабдықтарын жиі пайдаланамын. Мысалы, 1-сыныпта әр оқушы математиканың түгел дерлік тақырыптарын қамтитын арнайы дайындалған жеке дара кітапшалар және оның демонстрациялық түрі; әр тақырып бойынша өзіндік жұмыс өткізуге арналған карточкалар; сандардың 100 көлеміндегі нумерациясын түсіндіруде және сандарды разряд қосылғыштардың қосындысымен алмастырып жазуда қолданылатын карточкалар; есеп құрастыру үшін жасалынған көрнекіліктер, аппликациялар, таблицалар, плакаттар, тағы басқалар және геометриялық фигуралардың жиынтығы. Сабақта ойын элементтерін қолдану – оқушылар белсенділігін арттырудың тиімді жолдарының бірі. Өйткені, оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте құмар келеді. Орынды ұйымдастырылған ойын процесінде балалар тез серігіп, тапсырманы шапшаң және дәл орындайтын болады. Осыған орай сабақтың белгілі бір кезеңінде түрліше ойындарды пайдаланамын. Мысалы:

1) «Айға ұшу старты» ойыны. Жылжымалы ракеталар тіпті төмен тартқанда ұшып қонады. Карточкаға жазылған тапсыраманы орындауына қарай оқушы сапарының нәтижесі бағаланады.

2) «Кім бұрын?» ойыны. Мұнда қалташаға салынған карточкалардағы тапсырмаларды балалар жарыса орындайды.

3) «Лабиринттер», «Ғажайып квадраттар», «Қандай сан?», «Қандай таңба?» т.б ойындарды өткізу оқушылардың ынта-ықыласын, ой - белсенділігін арттырады.

Сабақта қарастырылған мәселе бойынша келтірілетін түсіндірменің және соның барысында орындалатын ой жүйесінің үлгілерін жетешкі сұрақтар арқылы бағыттау да оқушылардың ойлау қабілеттерін артттырады және сол материалды саналы игеруге негіз жасайды.

Есепте жетекші сұрақтар бойынша талдау да сыныптағы барлық оқушылардың оны шешу процесіне белсене қатысуына себепші болады. Мысалы, 1 сыныптың оқулығындағы №4 –есепті шығару барысында келтірілген талдауды үлгі ретінде келтірейік. Есеп текст оқылысымен балалардың ой-жүйесін бір арнаға бағыттап, оны шешудің жоспарын құру кезінде талдау жасауға тура келеді.



  • Есепте не белгілі?

  • Кішкене қайықтар саны және үлкен қайықтардың саны белгілі.

  • Кішкене қайықтар нешеу?

  • Кішкене кайық – 20.

  • Ал, балық аулауға қанша үлкен қайық шықты?

  • 8 үлкен қайық шықты.

  • Қайықтардың нешеуі қайтып оралды?

  • 6 қайық қайтып келді.

  • Есеп бізден нені сұрайды?

  • Енді неше қайық қайтып келуін сұрайды.

  • Біз есептің сұрағына бірден жауап бере аламыз ба?

  • Жоқ. Себебі барлық қайықтың қанша екенін білмейміз.

  • Дұрыс, балалар, бірақ кіші қайық 20, үлкен қайық 8 екені белгілі. Сонда балық аулауға барлығы неше қайық шыққан?

  • Барлығы 28 қайық.

  • Оны қалай білдіңдер?

  • 20 кішкене қайыққа 8 үлкен қайықты қостық.

  • Дұрыс, балалар, олардың алтауы қайтып келгенін білесіңдер. Сонда теңізде нешеуі қалған? Кім айтады? Оны қала табасыңдар?

  • Теңізде 22 қайық қалған. Барлық қайық саны 28-ден 6-ны аламыз.

  • Дұрыс, балалар, есепті дұрыс шештіңдер, оның жауабы: 22 қайық теңізден қайтып оралуы тиіс.

Оқушыны қоршаған ортадан алынған мағлұматтар бойынша есептер құрастыру және оны шығару, яғни пәнді оқытуды өмірмен байланыстыру да – оқушыардың ой-белсендіоігін арттырудың тиімді жолдарының бірі. Мысалы, «Менің ағайым күніне 58 кг мақта тереді. Ал жолдасы одан 5 кг кем тереді. Жолдасы неше кг мақта терген?» сияқты есепті шығарғанан кейін балаларды шама-шарқына сәйкес творчестволық жұмысқа белсенді тартуға болады.

Геометриялық материал мен практикалық жұмыс жасау (сызу, салу, құрастыру, бөлшектеу, өлшеу т.б.) – оқушылардың ойлау қабілеттерін арттырудың тиімді жолы ғана емес, сондай-ақ геометриялық түсініктер мен ұғымдарды балаларға игертудің негізгі құралы.

Тәжірибеде оқушылардың ойлау белсенділігін арттырудың бұдан да басқа жолдары белгілі. Ол балалардың сапалы білім алуына және жан-жақты дамуына, олардың оқу еңбегінің қарапайым дағдыларын игеруіне, қарастырылған мәселенің мән-мазмұнын саналы игеруіне зор ықпал жасайды. Сондықтан оны іске асыру жолында іздену ұстаздар қауымының негізгі міндеттерінің бірі демекпін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет