Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


КӨРНЕКІЛІК ОҚЫТУАРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУ



бет338/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   334   335   336   337   338   339   340   341   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

КӨРНЕКІЛІК ОҚЫТУАРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУ
Сүлейменова Ж. Қ. (Ақтөбе)
Көрнекілік - оқытуда заттар мен құбылыстардың әрқайсысының өзіне тән жаратылыс бітімін, әр қилы сыр-сипатын сезім мүшелері арқылы байқауға, қабылдауға баулитын дидактикалық қағида.

Қазіргі таңда мектептерде оқу –тәрбие жұмысын түбегейлі қайта құру мен жаңалап, жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдердің міндеті - әр оқушының психикалық – физиологиялық даму және қалыптасу ерекшелігін білу мен бірге мұғалімдердің педагогикалық тұрғыда оқушылармен қарым –қатынас орнату негіздерін білу қажеттігі туып отыр.

Көрнекілік арқылы оқыту сауат ашудың дайындық кезеңінің тиімді жолы екендігін ғылыми тұрғыдан негіздеп, көрнекі оқыту арқылы оқушылардың сөйлеуі мен ойлауын дамытудың әдістемесін дайындау.

Оқушылар тікелей түйсінгу, көру, есту мүшелері арқылы әр түрлі заттардың формасын,түсін, көлемін көріп, дыбысын естуі негізінде оларда ой пайда болады. Демек, көрнекілік – логикалық ойлауды дамытудың да құралы, өйткені оқушы құбылыстар мен заттарды бақылап, салыстыру негізінде қорытынды тұжырымдар жасайды, абстарты ұғымдарды дамытып, жетілдіруге жол ашады. Мұны жетпісінші жылдары қазақ тілі сабағындағы көрнекіліктің мәні туралы айтқан әдіскер Д. Әлімжановтың мына бір пікірімен дәлелдеуге болар еді: «... Сабақта қолданылған көрнекілік оқушылардың сезім әрекеттерімен тікелей байланысты. Сондықтан көрнекілік тек көру, есту сезімдерін арттыру үшін ғана қолданылмайды, ол адамға басқа түйсіктерді, басқа сезімдерді дамытып, белгілі бір білім шындығынан әр жақты және тиянақты ұғым беру үшін қолданылады».

Көрнекі оқыту дегеніміздің өзін түрлі мағынада түсінуге болады. Көрнекі оқытудың негізгі мәні сабақты түсінікті етіп жүргізу үшін тиісті құралдар пайдаланып немесе сабақты тәжірибеде қою арқылы өткізу. Бірақ сабақтардың бәрін үнемі көрнекіліктерді пайдалана отырып өткізуге мүмкіндік те болмайды. Олай болса, көрнекі оқытудың басқа түрлерін қарастырайық.

Көрнекі оқытудың келесі бір түрі сабақта өтілетін жаңа материалды оқушының бұрынғы білетіндерімен ұштастырып жүргізу болып табылады. Көрнекі оқытудың осы түрі де оқушы үшін тиімді. Өйткені мұғалім күрделі оқу материалдарын оқушыға жеткізу үшін неше түрлі тәсілдер арқылы бұрынғы білетіндерін жаңғыртады, сөйтіп жаңа білімді игеруге мүмкіндік туғызады. Мұндай сабақта оқушының тыңдау процесін дұрыс ұйымдастырудың ерекше рөлі бар. Себебі тыңдау процесі – бақылаудың ерекше түрі. Тыңдау дегеннің өзі – ойланудың жемісі. Егер мұғалім айтайын деген ойын жүйесіз немесе асығып тез айтып кетсе, онда оқушылар ұстазының сөзіне толық ере алмағандықтан, түсіне алмайды. Себебі оқушылар оқу мазмұнының бір бөлшегін ой елегінен өткізіп болғанша, мұғалім сөзін аяқтап та болады. Осыдан шығатын қорытынды: мұғалім сабақ баяндаудың темпін дұрыс сақтауы тиіс. Оқушылардың тыңдау процесін ұйымдастыруда мұғалім даусының жағымды болуы да ерекше рөл атқарады. Мұғалім өзі айтып тұрған сөзінің ішінен бір жерін өзгелерге қарағанда өзгешелеу айтқысы келсе, онда көтеріңкі дауыспен айтады немесе «мынаған ерекше назар аударыңдар», не «осыны бұрынғымен салыстырыңдар» деп ескерте алады. Бұл оқушының назарын айтылып тұрған нәрсеге зер салып тыңдауға мүмкіндік береді.

Бастауыш сыныпта көрнекіліктердің жиі қолданылатын себебі баалның ой-өрісі нақты бейнелерге сүйенуді талап ететіндігінен деп түсінеміз. Сабақта оқу тапсырмаларын орындағанда көрнекі тірекке сүйенбейінше, өз бетінше орындау деңгейі төмен болады. Мұның себебі бастауыш мектептегі балада абстрактік бейнеге қарағанда нақты бейне басым келіп, бала оған сүйенетін болады. Бұл ерекшелік тек қана бірінші сыныпта ғана емес, бастауыш мектеп оқушыларының бәріне де тән қасиет.

Көрнекілік әдістер тобына демонстрация, иллюстрация, бақылау әдістері жатады.

Демонстрация (көрсету) оқушыларды құбылыстар, процестер және заттардың нысанысымен табиғи жағдайда таныстыру барысында қолданылады. Табиғи нысананы көрсету негізінен сыртқы көрінісінен басталады да, келесі кезекте оның ішкі құрылысы немесе жекеленген құрамы бөлініп көрсетіледі. Демонстациялау әдісі оқу киносы, диапозитив, диафильм, магнитофон, үнтаспа, эпидоскоп, теледидар секілді техникалыққұралдарды пайдалану арқылы жүзеге асады. Демонстрациялау нәтижесінде оқушылар бақылайды, қорытынды жасайды.

Иллюстрация әдісі иллюстративті құралдарды (плакаттар, суреттер, чертеждер, модельдер т.б.) көрсетуде қолданылады.

Бақылау әдісі сабақта нақты заттар мен көрнекі және техника құралдарын көрсету кезінде, экскурсияда, лабораториялық жұмыста ерекше орын алады. Дұрыс қолданылған бақылау әдіс оқушылардың байқағыштық, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады.

К. Д. Ушинский: «Бақылау – логикалық ойлаудың негізі»,- деп жай айтпаған. Бақылауға оқушылар анализ бен синтез арқылы заттардың негізгі қасиеттерін ажырату, топтастыру, қорытындылау сияқты ойлау процестерін жүзеге асырады.



Көрнекілік түрлері өте көп, оларды былайша топтастыруға болады:



  1. Табиғи көрнекілік. Оған коллекциядағы кептірілген өсімдіктер, хайуанаттар мен құстар тұлыбы, минеральды және т.б. жатады.

  2. Заттық және бейнелік көрнекілік. Оған мульяж, геометриялық фигура, макет, портреттер, кескіндеме, мүсін үлгілері, жер бетінің бедері т.б. жатады. Символикалық көрнекілік. Оған карталар, сызбалар, картаграммалар, диаграммалар, кестелер жатады.

  3. Экранды-динамикалық көрнекілік. Оған диапозитивтер, диафильдер, эпипрорекциялар, оқу киносы, оқу теледидары жатады.

  4. Дыбысты техникалық көрнекілік. Оған грампластинкалар, магнитофильдер, радиоқабылдағыш, магнитафон, компьютер жатады.


Көрнекі құралдар қолданудың мақсаты мен тәсілдеріне қарай жалпы сыныптық және даралық болып бөлінеді. Жалпы сыныптық (демонстрациялық) көрнекі құралдарды бүкіл сынып оқушылары үшін пайдалнаса, даралық (дидактикалық) көрнекі құралдарды әрбір оқушы үшін пайдланады. Бұл аталған көрнекі құралдарды оқыту процесінде әр түрлі мақсатта пайдалануға болады: жаңа материалды түсіндіргенде, жаңа білімді бекіткенде, жаттығу кезінде, өз бетінше жұмыста, білім, білік, дағдыларын бақылауда т.б. көрнекілікті дұрыс пайдалануда талап қойылады: көрнекі құрал сабақтың белгілі бір кезінде қажет болғанда көрсетіліп, осыдан соң оқушылардың көңілін бөлмеу үшін жиналып алынады. Сыныпқа әкелінген көрнекі құралдарға бола қызығып, мақсатпен мән беріп бақылаудың орнына оған жай қызығушылыпен қарайды да, сабақтың нәтижесіз болуына әсер етеді. Сонымен қатар көрнекілікті үнемі көрсете бермей, оқу мазмұнын ауызша түсіндірумен көрнекілікті ұштастыра және бірінен соң бірін алмастыра пайдаланған жөн. жаңа материалды меңгерту барысында қолданылған көрнекілік сөзбен берілген түсініктемелерді иллюстрациялау қызметін атқарады. Мұны Н.И. Пироговтың мына сөздерімен дәлелдесек: «Көрнекіліктің бір өзі сөздің көмегінсіз балалардың есінде әр уақытта сақталмайды», - деген болатын

Демек, Н. И. Пирогов көрнекілік пен сөздің оқу-тәрбие процесінде бір-бірімен байланыстылығын көрсетіп берді. Сабақта көрнекілік мұғалімнің сөзінің орнына жүре алмайды. Мұғалімнің сөзі мен көрнекілік бірге жүретін процесс. Өйткені көрнекілік оқу материалын сезімге бейнелеу арқылы берсе, мұғалімнің сөзі оны қалыптастыруды және жаңғыртуды қамтамасыз етеді. Негізгі оқу материалы мұғалім сөзі арқылы беріледі, ал көрнекілік оны иллюстрациялайды, бейнелі етеді. Алайда, мұғалім бұл жағдайда мұғалім сөзі көрнекілік мазмұнымен дұрыс ұштасуы тиіс. Оны ұштастырудың екі жолы бар. Біріншісі – көрнекі құралдарды көрсету мұғалім сөзінің алдында келеді. Ол шәкірттерде байқағыштықты дамыту үшән керек. Екіншісі – сөзбен түсіндіру құралдарды көрсетудің алдынан келеді. Уақыт аз жұмсалады. Сонымен бірге көрнекі құралдарды өз бетінше жұмысты орындау кезінде қолдануға да мүмкіндік мол. Өйткені бұл кезде қолданылған көрнекілік жекеленген оқушының білім деңгейін анықтауға қызмет етеді. Өз бетінше жұмыс барысында қолданылған көрнекі құралдар салыстыру, анализ жасау, қорытынды жасау сияқты ой операцияларының әр оқушыда дамуына, есте сақтау қабілетінің артуына, бақылау дағдысының қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Білім мен білікті тексеру мақсатында қолданылған үлестірмелі дидактикалық материал не компьютер сияқты техникалық құралдар сыныптағы әр оқушының білім деңгейін дер езінде анықтап алуға жағдай туғызады. Көрнекі құралды сабақта пайдалану мұғалімнен аса шеберлікті, шығармашылықты қажет етеді. Өйткені орынсыз қолданылған көрнекілік балалардың ой-өрісінің дамуын тежейді, қызығушылығын жояды. Сондықтан да мұғалім көрнекілікті пайдалануда оған қойылатын талаптарды ескеруі тиіс. Сондай талаптардың бірі – көрнекіліктің оқушы жас ерекшелігіне сай болуы. Төменгі сынып оқушылары затты тұтас қабылдай алмайды, оның тек сыртқы белгілерін ғана көреді. Ұлы педагогтар Я. А. Коменский, К. Д. Ушинскийлер көрнекіліктің дерексіз түйсіктер мен сөздерге емес, балалар тікелей қабылдайтын нақты бейнеге құрылатынын, нақтыдан дерексізге, түйсінуден ойлауға қарай оқыту соншалық табиғи және айқын психикалық заңдылыққа негізделетінін айтқан еді. Мұғалімнің екінші ескерер талаптарының бірі – көрнекілік эстетикалық талғамының болуы. Сабақта қолданылатын көрнекіліктің бәрі бірдей дайын күйінде таптыра бермейді, сондықтан да қажетті көрнекілікті мұғалімнің жасауына тура келеді (сызбалар, кестелер, бейнелік суреттер, модельдер т.б.)

Көрнекілік жасауда мұғалім мынадай талаптарды ескергені жөн:



  1. Әр көрнекі құрал өткізілетін тақырыптың мазмұнын ашып, толықтыратындай дәрежеде болуы тиіс.

  2. Көрнекі құралдар эстетикалық тәрбие беру мақсатын көздеп, балалардың талғамын өсіретіндей әсем, ұқыпты орындалғаны жөн.

  3. Көрнекі құралдар жүйеленіп жинақталған күйде пайдалануға дайын тұруы тиіс.

  4. Оқулықтағы бар ережелерді , анықтамаларды көрнекілікте қайталап берудің қажеті жоқ.

  5. Оқылып отырған грамматикалық немесе орфографиялық құбылыс көрнекілік мазмұнында тасада қалып қоймауы тиіс.

  6. Әріптерді, буындарды, морфемалар мен сөздерді графикалық жағынан бөліп көрсетудің тәсілдерін пайдалануға болады, яғни басқа түспен не басқа шрифтімен жазып көрсетуге болады.

Сабақта дұрыс әрі белгілі мақсатты көздей қолданылған көрнекілік оқушылардың танымдық қабілетін, логикалық ойлауын дамытып, оқуға деген қызығушылығын оятады. Бұны К. Д. Ушинскийдің пікірімен дәлелдеуге болады: «Көрнекілік бастапқы оқуда көбінесе сөзбен байланысты болуын талап етті, себебі сол арқылы баланың ойлай білуі де, тілі де дамиды». Көрнекілік әдісімен оқыту – оқушыларды өз бетінше байқауға, үйретуге негізделеді, соның негізінде балалардың сөйлеу тілі дамып, логикалық ойлауы артады.Я.А.Коменскийдің дидактикалық жүйесінің негізгі қағидасының бәрінде де баланың ақыл-ой күшін, қабілеттерін, олардың біліміне деген құштарлығын оятып, әрі дамытады.

И.Т.Песталоцци баланың ақыл-ойын, барлық қабілет қасиеттерін дамыту идеясымен арқауланған бастауышта оқыту әдістемесін жасауға әрекет етеді. Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар: байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс-әрекет атқара білу.

Психолог П.Я. Гальперин (1902-1988) өзінің «Ақыл-ой әрекетінің сатылап қалыптастыру» теориясында «Бала мәселені шешу үшін алдымен сыртқы материалдық әрекеттерді пайдаланады, сосын оның бейнесін елестетеді. Содан соң дауыстап және іштен айта алатын болады, сөйтіп сыртқы заттың әрекеті біртіндеп ішкі ой әрекетіне айналады»- дейді.

Ерте кезден бастап-ақ ойшылдар білім мен ақыл-ой тәрбиесінің арақатынасын, олардың бала дамуына әсерін зерттей бастаған.

В.В.Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді. И.Я.Лернер «даму» деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамдардың әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді.

Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі және оның басты шарт ретінде әрекет алынады. Әрекет - іс-қимыл құралы. Ал ойын, тілдік, ойлау әрекеттері түрінде жүзеге асады.

Оқу әрекеті деп – білім, білік алуға бағытталған әрекетті айту қабылданған «даму» ұғымының психологиялық анықтамасы, жаңғырту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны білдіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   334   335   336   337   338   339   340   341   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет