Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет361/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   357   358   359   360   361   362   363   364   ...   668
Литература

  1. Руководство учителя. Третий (базовый) уровень. Курсы повышения квалификации по Программе Кембриджского Университета, 2012.www.cpm.kz

  2. http://www.kursach.in.ua/content/view/1304/3/

  3. http://www.coolreferat.com/

ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
КЕМБРИДЖ БАҒДАРЛАМАСЫ – КӘСІБИ КЕМЕЛДЕНУ КЕПІЛІ
Абдрахманова Ж (Ақтөбе)
Мүмкін сіз сәтсіздікке душар болғаныңыз үшін көңіліңіз қалған болар, бірақ одан шығуға әрекет етпесеңіз-өз өміріңізге балта шапқаныңыз.

Беверли Силлз.
Мектеп – бұл керемет мекеме, онсыз өмір қызық болмас еді. Егер білім берудің құраушылары жаңаланып отырса, білім беру жүйесі нығайланып отырады. Менің бірінші бетпе - бет кезеңінде болып жатқан өзгерістерге бойым қалыптаса бастады. Екінші аптада ойым жүйелене бастады.

  1. Педагогикалық практиканы кешенді тапсырмалар арқылы жетілдірудің теориялық негіздерін айқындау;

  2. Кешенді тапсырмаларды жүзеге асыру да педагогикалық практиканың тиімділігін қамтамасыз ететін шарттарды анықтау;

  3. Педагогикалық практиканы кешенді тапсырмалар негізінде жетілдірудің әдістемесін мұғалімге арналған нұсқаулық кітабынан алған жіті модульді, сыни тұрғыдан ойлау тәсілдерін тәжірибемде дәлелдеу басты мақсат болды. Қалай оқу керектігін үйрету туралы мұғалімнің, оқушының іс-әрекеті туралы мағлұматтармен таныстым. Адамдар ойлануға қабілетті және ойлау туралы ойлануға да қабілетті. Білім алуды үйрету өз бетімен оқуды ойластыру және кейінгі оқу үдерісінде мұндай ойлаудың нәтижелерін саналы қолдану үдерісі ретінде сипаттауға болады екен.

Қазақстандық педагогтердің біліктілігін арттырудың жаңаша үрдісімен сындарлы оқыту технологиясы бойынша білімімізді жетілдірудің алғашқы бетпе-бет кезеңінде әріптестерімізбен ынтымақтаса жұмыс жасадық. Бірлесе отырып қалай оқу керектігін түсіндік. Мұның өзі оқушыларға қалай сабақ берудің, білімді меңгертудің алғышарты болды деуге болады.

Оқытудағы жаңа тәсілдер бойынша қалай оқу керектігін үйрету, диалогтік оқытудың шәкірттерімізге оң әсерін байқадым. Өз сабақтарыма жұптық,топқа бөліну тәсілдерін үнемі кіріктірдім. Жаңашыл, көреген ұстаздың үнемі айтатын сөзі – «қарағым» деген жылы сөз Тон болып тонды жылытпаса да, жанды жылытыды. Сондықтан білім нәрін сусындатудың өзі ұстаз үшін маңызды қырын танытады.

Әр сабақта бірлесе жұмыс жасауға деген құлшыныстары оянатындығын, топта бір-біріне көмек көрсете білуге үйренетіндігін, яғни оқушыларым қалай оқу керектігін үйренетінін түсіндім. Алғашқы сабақтарда диалогтік оқыту барысында оқушылардың ойларын жинақтап, пікірлерін білдіруге уақыт жетпей жатты, сонымен қатар, оқушыларды оқыту барысында ойын сабақтарын жие пайдаландым. Дегенмен, оқу процесінде диалогтік оқытуды нақышына келтіріп айту олар үшін қиын болды, дегенмен өз қателіктерін білген оқушылар енді қайталамауға тырысты. Игі істің басы – тіл. Жүсіп Баласұғын айтқандай тілі өз ана тіліндей емес екенін ескере отрдым. Жұмыс жасауы, ынтасы, қызығушылығы бар. Әттең , өз тіліміздей еркін сөйлесек қой, деген сұрақ әр оқушымның көкейінде осы қадалған сұрақ болды. Оны жеңетін уақыт деп, сіздер күнде жаңа сөздеріңді жаңғыртып отырсандар бәрі өз ойларыңдай болады деп жауап бердім. Оқушылар уақытты тиімді пайдалануды үйренді, бір-бірінің ойларын жеткізіп, жолдастарының пікірін тыңдауды үйренді, ақылдаса отырып, өз үй тапсырмаларын толық орындап, жауапкершілікке ұмтыла бастады.

Жаңа бағдарлама негізінде оқыту мазмұны сындарлы оқыту теориясына негізделген үйренуді үйрету тәсілдерін қамтитындығын түсіндім. Соның ішінде оқушылардың таным белсендігін, ойлау қабілеттерін арттыру үшін осы курста диологтік оқытудың теориясы мен түрлерін ұғындым (нұсқаулық,40 бет).

Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.

Мерсер сыныптағы талқылаудағы дәлелдің үш түрінің тиімділігін ескеріп, оқушыларға: «Астың құнарлығын ескере отырып, оның денсаулыққа пайдалыма?» деген сұрақтар ұсынылған жағдайда, оқушылар пікірталасқа барлығы қатысып, сыни ойлауы тұжырымды жауаптармен өрбіді. Ойдағы қателік сөздегі қателікті тудырады, сөздегі қателік істегі қателікті тудырады. Д.Писарев айтқандай оқушыларға ойдың түйінін шешіп барып, айтуды ескертіп отырдым.

Балалар шет тілі оқудың оңтайлысын табуға ұмтылды, жорамал мен ойлардың орынды не артықшылығын мойындап, қызығушылықтарын одан әрі арта түсті. Сабақтарымда топтық жұмыстарды қызықты қылып ұйымдастыру мақсатында ойындар енгізе бастадым. Жаңа ойындарды енгіздім мысалы, алты қасық су әкелу, ең керемет аспазшы, балмұздақ сұрағымен келу, шапшаң мәзір құру. Олардың ішінде «Үздік тыңдаушы», «Тірек-сызбалар», «Шеберлік», «Баяндама», т.с.с. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етті. Топтық таныстырылым жасау арқылы жаңа тақырыпты игеру мен үшін тиімді болды. Сонымен қатар гуманитарлық ғылым мен социологияның кез келген аспектісін, мысалы, балалық шақ пен отбасы, тамақ, аспаздық ілімі мен тағамдар, киім мен дүкенге бару, бос уақыт пен спорт, музыка мен ойын-сауық сияқтыларды талқылауға болады.

Балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінен табуды қажет ететін негізгі тәсілдер: «шебер жазушылық», «алты телпек», «ротация», «автордың орындығы», «ассоциация әдісі», «жигсо» т.б тәсілдердің тығыз байланысымен, адамның ой желісі шыңдайды

Бұл өзгерістерге оқушылар бірден үйренісе қойған жоқ, бірте-бірте қызыға сабаққа қатысып, ашыла түсті. Күннен-күнге жұмыстарында нақтылық, дәлдік пайда бола бастады. Ойлары да тереңдей түсті. Бір-бірімен жұмыс барысында пікір алмасып, ой бөлісіп, ортақ шешім қабылдап үйренді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   357   358   359   360   361   362   363   364   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет