Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ



бет363/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   359   360   361   362   363   364   365   366   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Абдуллаева А.А.(Қызылорда)
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық

технологиямен байланысты әлемдік стандартқа

сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»

Н.Ә.Назарбаев.
Білім беру «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді бағдарламасында маңызды басымдықтарының бірі болып танылды.Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады.Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады.[1]

Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді.Сол себепті педагогикалық үрдісті технологияландыру мәселесі маңызды болып саналады.Қазіргі ақпараттық қоғамда және өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда.

Қазіргі ақпараттанудың өзіне тән ерекшелігі:білім беру өрісіне белсенді түрде кіру, арнайы оқытатын ортаны құруға бағытталған оқытудың жаңа технологияларын пайдалану және дамыту,ақпараттық өнімнің жаңа тәсілдері мен құралдарын оқу үрдісінің заңдылықтарына сәйкес қолдану.

Ақпарат технологиясы (ағылшынша information technology, қысқ.IT)-1)объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс;Ақпарат технологиясы дегеніміз компьютерді және телекоммуникациялық жабдықтарды деректерді сақтау, шығару, тасымалдау және өзгертуге арналған технология. 2).Ақпарат технологиясы—ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы. Ақпараттық технология (немесе көпшілікке IT атымен танымал ұғым)—қазіргі компьютерлік технология негізінде ақпаратты жинау, сақтау,өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.Коммуникация– ақпаратты тасымалдап жеткізу құралдарын қамтитын жалпы ұғым. [2]

Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің тиімді жолы- білім беру саласын толықтай ақпараттандыру.ҚР «Білім» туралы заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталып,осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр [3]. «Қазақстан - 2030» cтратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады [4].

Бүгінгі күні білім беру жүйесін ақпараттандыру ісінің басты мақсаты – заман талабына байланысты ақпараттық қоғамның шарттарына сәйкес оқушыларды тұрмыстық, қоғамдық және кәсіптік өмір салаларына толық әрі тиімді түрде араластыру болып табылады.Бірақ ақпараттық технологияларды дамыту мен оларды пайдалану тек алдыңғы қатарлы техникалық деңгейді талап етіп қана қоймай, оны іс жүзінде қолдануға қажет білім мен оны қолдану аясын, яғни қоғамның интеллектуалдық (зерделік) потенциалы болуын керек етеді. Мұндай талап алдымен білім беру жүйесін күшейтуді қажет етіп, оның қоғамдағы рөлін міндетті түрде жоғары дәрежеге көтереді.Білім беруде ақпараттандыру үрдісі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіндік туғызады.Оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті болуы шарт [5] .

Оқыту үрдісіндегі оқушының белсенділігі дидактиканың негізгі талаптарының біріне саналады. Оқушылардың мұндай белсенділігі мақсатты бағытталған басқарушылық педагогикалық іс-әрекеттердің және сабақтарда қолданылатын педагогикалық технологиялардың тікелей салдарынан келіп туындайды. Оқушы оқып үйренетін материалды жақсы және барынша терең түсінеді және алған білімі неғұрлым ұзақ уақыт жадында қалады. Оқушы, мұғалім және АҚТ сызба түрінде кескіндесек:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   359   360   361   362   363   364   365   366   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет