Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕ ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ



бет408/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   404   405   406   407   408   409   410   411   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕ ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Докина Г.Т. (Ақтөбе)
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар – адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның танымдық құндылығы мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау. Демек, бұл біріншіден туындайтын шарт болғандықтан, оқытудың әдіс-тәсілі, білім мазмұнының өзгеруі.

Оқыту тәсілі – белгілі бір білік, білім, дағдыны меңгеруге бағытталған мұғалім мен оқушы арасындағы қысқа мерзімдік өзара әрекеттесу.

Отандық педагогикада оқыту әдістері үш топқа бөлінеді:

- Оқу-танымдық әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асыру әдістері:

1. Сөздік, көрнекілік, тәжірибелік (оқу материалын мазмұндаудың түпнұсқасы бойынша). 

2 Репродуктивті түсіндірмелі-иллюстративті, ізденімпаздық, зерттеушілік, мәселелік және т.б. (оқу-танымдық әрекет сипаттамасы бойынша). 

3. Индуктивті және дедуктивті (баяндау қисыны мен оқу материалын қабылдау бойынша);

- оқу-танымдық әрекеттің тиімділігін бақылау әдістері: ауызша, жазбаша, білім, білік, дағдыны меңгеру деңгейін тексеру және өзін-өзі тексеру

- оқу-танымдық әрекетті ынталандыру әдістері: мотивацияны қалыптастыру мен ынталандыруды айқындау, жауапкершілік сезімі, міндеттілік, білім, білік, дағдыны меңгеруге деген қызығушылықтың туындауы.

Оқыту парактикасында бұдан да басқа оқу материалын қабылдау деңгейіне негізделген оқытудың басқа да тәсілдері бар. Олар: енжар (пассивті), белсенді (активті), интербелсенді (интерактивті), эвристикалық және басқалары.

Енжар (пассивті) – мұғалім негізгі ықпал етуші, сабақтың жүру барысын бақылаушы, ал оқушы мұғалім директивтеріне сөзсіз бағынатын енжар тыңдаушы болатын әдіс. Пассивті сабақтарда мұғалім мен оқушының байланысы сауалнама, өзіндік жұмыстар, бақылау жұмыстар, тесттік жұмыстар арқылы жүзеге асырылады. Оқушылардың оқу материалын еркін меңгеруі мен қазіргі педагогикалық технологиялар тұрғысынан алып қарағанда, пассивті әдіс тиімсіз болып саналғандығымен, кей тұстарында өзіндік ерекшеліктерге ие болып отыр. Бұл мұғалім тарапынан сабаққа жеңіл дайындалу, сонымен қатар шектеулі сабақ аясында көптеген ақпараттар ағынын оқушыларға жеткізе білу. Осы аталған артықшылықтарды есепке ала отырып, көптеген мұғалімдер оқытудың енжар тәсілін пайдалану тиімді деп санайды.

Белсенді (активті) әдіс – сабақтың жүргізілуі барысында мұғалім мен оқушылар өзара тығыз-қарым-қатынасқа түсетін оқыту формасы. Оқытудың енжар түрінде мұғалім басты роль атқарып, өзара қарым-қатынас орнатудың авторитарлы стилі болжалданатын болса, белсенді (активті) әдісте демократиялық стиль кеңінен өріс алады. Көптеген мұғалімдер белсенді (активті) оқыту мен интербелсенді оқытудың ролін теңестіреді, дегенмен, олар бірнеше айырмашылықтарға ие. Интерактивті әдістерді белсенді әдістердің неғұрлым қазіргі жаңаша түрі деп қарастыруға болады.



Интербелсенді (интерактивті) («Inter» - это өзара, «act» - әрекеттесу) – белгілі бір адаммен әңгімелесу, өзара әрекеттесу режимі деген мағынаны білдіреді. Басқаша айтқанда, белсенді әдістерден айырмашылығы интербелсенділік оқушының тек мұғалімге ғана емес, сонымен қатар барлық оқыту үдерісіне қатысушыларға деген басым белсенділігі. Интербелсенді сабақтарда мұғалімнің орнына сабақтың мақсатына жетуге бағытталған оқушылар әрекеті алдыңғы қатарға шығарылады. Мұғалім сабақтың жоспарын құрады (бұлар әдетте оқушының ақпаратты зерделеуі барысында кездесетін интербелсенді жаттығулар мен тапсырмалар). Демек, интербелсенді сабақтардың негізгі құрамдас бөліктері оқушылардың өздері орындайтын (жаңа сабақты түсіндіретін, білімді бекітетін) интербелсенді жаттығулар мен тапсырмалар.

Психологиялық тұрғыдан алғанда, интерактивті оқытудың тиімділігінің сыртқы көрсеткіштері ретінде оқушылардың бірлескен әрекет ережелерін мойындай отырып, өзара әрекеттесуге ұмтылуын, топтық рефлексияның дамып, ұжымдық ынтымақтастықтың қалыптасуын, ал әсерлілігінің ішкі көрсеткіштері ретінде оқушылардың өз міндеттері мен құқықтарын түсіне отырып, өзара әрекет дағдыларын меңгеріп, топтық жұмысқа дайын болуын, оқу әрекетінің субъектісіне айнала отырып, өзіндік рефлексиясының дамуын айтуға болады.

Интерактивті оқыту әдістерінің дәстүрлі оқыту әдістерінен ерекшелігі - оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуы.

Еліміздегі кейбір әдіскерлер интерактивті әдісіті пайдалану екі жақты қарым-қатынасты қамтамасыз етуде оқушының ақыл-ойы дамытуда; еркін ойлауына; шығармашылық белсенділігін арттыруда; ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелеуде; сөздік қорын дамытуда; жан-жақты ізденімпаздылықты арттыруда маңзыдылығы зор деген пікірлерін білдіреді.

Д.Д.Исағұлованың пікірінше, оқу үдерісінде интерактивті әдісті қолдану нәтижесінде төмендегідей жетістіктерге қол жеткізуге болады:

-оқушылар мен мұғалімдер арасында тығыз өзара қарым-қатынас орнайды;

- осы қарым-қатынас оқушылардың белгілі бір нәрсені талдауда, шешім жолдарын іздестіруде қалыптасады;

-оқушылардың жауабына қарағанда мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңызды. Себебі интерактивті оқытудың басты мақсатының өзі сол - білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйрету. Интерактивті әдістеме өзара қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды. Мұнда балалардың бұған дейін алған өмірлік тәжірибелері білім берудің негізгі көзі болып табылады. Бұл әдісте білім алушы мыналармен қарым-қатынасқа түседі:

1)мұғаліммен (сұраққа жауап берген кезде);

2)өзге балалармен (қосақталып жұмыс істеген кезде);

3)шағын топтармен ( топпен жұмыс істеген кезде);

4)белгілі бір топпен (сауалнама алғанда)

5)кейбір техника түрлерімен (компьютермен интернетке шыққанда т.б.).

Интерактивті әдісті қолданудың ерекшелігі – оқушының коммуникативтік қабілеті дами түседі, тәжірибе жинақтайды. Ал, тәжірибе интеллектуалдық тәуелсіздіктің негізі болып табылады.

Интерактивті әдістеме жүйесінде білім алушылардың мынадай мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді:

1)олар мол мағлұмат алып, өздері айтқан пікірге логикалық түсініктеме беруге жол ашады;

2)өз пікірлерін терең ойланып айта алатын болады;

3) мәселені талқылаған кезде бұған дейін алған, тәжірибеде жинақтаған білім қорын пайдалана алады;

4)бір-бірінен жаңа мағұлматтар ала отырып, білімін толықтыра алады;

5)шындыққа көз жетуі үшін дәлел іздеп, ойын анықтап көрсете алады;

Интерактивті әдісте таным қабілеттерінің мынадай түрлері қолданылады:

1)фактілерді еске түсіру;

2)қисынды ойлау;

3)алған білімін жаңа жағдайларда қолдана білу;

4)талдап, синтездеп үйрену (бір ортақ шешімге жету үшін, барлық идеяларды біріктіру);

5)баға беру (сапасын анықтау).

Интерактивті оқыту мәнмәтінінде білім басқаша сипатқа ие болады. Бір жағынан олар қоршаған орта туралы анықталған мәліметтерді ұсынады. Бұл ақпараттың ерекшелігі оны оқытушыдан дайын түрде алмай, керісінше, өзіндік белсенділіктері үрдісінде меңгереді. О.Бассистің пікірінше, педагог балалардың белсенді әрекет етуі үшін әдеттен тыс жағдаяттарды құра алуы қажет. Бұндай жағдайларда ол басқа да қабілеттерімен бірге білімді қайта түрлендіруге мүмкіндік беретін кедергілер мен проблемалар ретінде сипат алады.

Екінші жағынан алғанда, оқушылар сабақ барысында өзге де оқушылардың және мұғаліммен байланысы кезінде білімді меңгеру механизмдерін меңгеріп, жалпы әлеуметтік әдістер жүйесін меңгереді. Бұндай бейнеде белсенді оқытудың мақсаты мұғалімнің құрған жағдайларында оқушыларға білімді өз бетінше меңгеруі дәстүрлі білім беру жүйесі мақсатының белсенді білім беру мақсатынан принциптік тұрғыдағы ерекшелігі болып табылады.

Интерактивті оқыту әдістерін қолданудың тиімділігі мына жағдайларда айқын көрінеді:



  • мотивацияның өсуі, әдетте, нашар үлгерімді оқушының ынталылығымен көрініс береді.

  • ақпаратты меңгерудің неғұрлым жоғары деңгейі;

  • оқушының өзгелердің пікіріне сүйенбей, өз іс-әрекетін ойлануға, белсенділік танытуға мүмкіндік беретін үйретілуші ақпаратқа қызығушылық туындауы;

  • жұмыста барлық оқушылардың ынтымақтастығы, ауызекі тілдің жоғары деңгейде жетілдірілуі, түрлі әдебиет көздерімен жұмыс жасау біліктілігінің артуы;

  • топпен жұмыс жасау білігінің дамуы;

  • коммуникативтілік дағдысын меңгеруінің көрініс беруі;

  • өзіндік педагогикалық қызметіне қызығушылығының бейнеленуі;

  • өз іс-әрекетін сараптау мүмкіндігінің туындауы: қарапайымнан күрделіге көшу;

  • өз іс-әрекетін жоспарлауда өзіндік ерекшеліктерін есепке алу мүмкіндігі;

  • өзіндік әдіс-тәсілдер мен жоспары бойынша жеке ритмде өзін-өзі көрсету және өз мүмкіндіктерін кеңейту, «оқу үдерісін ұйымдастыруға әсер ететінықпалды арттыру, өзін-өзі бақылау»;

  • оқушылардың өзіндік ерекшеліктерінің көрініс беруі мен топта, топтық үрдісті бақылау мүмкіндігінің болуы; сабақтың қызғылықты өтуі. Сабақ барысында оқушылардың өзара қарым-қатынасын бақылау мүмкіндігі;

  • оқушыларға деген қарым-қатынастың өзгеруі (оларды алға жетелеуде өз әріптесі ретінде қарауы).

Оқытушы мен оқушының өзара қарым-қатынасы паритеттілік (тепе-теңдік) негізде құрыла бастайды, паритетті қарым-қатынас оқушының белсенділік позициясын ұстануына, өз ойын қысылмай, еркін жеткізе білуіне, ортада өзін еркін ұстауына жағдай жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   404   405   406   407   408   409   410   411   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет