ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ - КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Какина Ә. М. (Ақтөбе)
Қазіргі таңда мемпекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан – жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану -заман талабы. Әлемдік оқу үрдісінің өзегі – жаңа технология екені мәлім.Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады. Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру,яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік,дағдының көлемі күннен-күнге артып,мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық технологиянларды пайдалану арқылы білімнің сапасын артттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдері іздестірілуде. Білім беруде ақпараттық технолдогияны пайдалану мен технологияны, электрондық оқулықтарды және интернет ресурстарын пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Мұғалімдер үшін ақпараттық технологияларды пайдалану тиімділігі :
1.оқушының өз бетімен жұмысына;
2.уақытын үнемдеуге;
3. білім-білік дағ,дыларын тест тапсырмалары арқылы тексеруде;
4. қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
5.оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
«Ауызша айтсаң –тез ұмыттым, көрсетсең –есте сақтаймын,іске кіріссең -үйренем» деп қытай мақалында айтылғандай,оқушылардың көпшілігі естігеннің 5% және көргеннің20% есте сақтайтыны белгілі. Аудио және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50% дейін арттырады Электронды оқу құралы – бұл оқу процесінің ең маңызды бөлігі .Электроннды оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп,өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды.Әрбір оқушы таңдалған тақырыптар бойынша, тарау бойынша тест жұмыстарын орындайды . Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп есептеймін. Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары мынадай:
1.Олар тақырып бойынша айтылуға тиіс мағлұматтар көлемін кеңейтеді;
2. Берілетін оқу материалдарының сапасын арттырады;
Оқу үрдісін ақпараттандыру арқылы нәтижеге жетемін деген мұғалім, келесі міндеттерге мән беру керек:
1.Компьютерлік оқу құралдарын зерделеу және қолдану;
2.Тәсілдер мен материалдарды құрастыру және қолдану:
3. Қолданылған тәсілдердің нәтижесін бағалау .интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі: пән бойынша базалық білімді меңгерту, алған білімді жүйелеу, өзін-өзі бақылау жүйелерін қалыптастыру, жалпы оқуға деген ынтасын арттыру, оқушыларға оқу материалдарымен өздік жұмыс істегенде әдістемелік көмек көрсету. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашып отыр . Сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бірі толықтыратын,сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.
Ақпараттық –коммуникациялық технологияны (АҚТ) бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлтттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты. Ақпаратттық - коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернеттте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық - құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік-ақпаратттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интелектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы. Сабақ беру үрдісінде мынандай негізгі факторларды басшылыққа аламын.
- оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу тиімділігін арттыру
- жекелей, жұппен, топпен жұмыс жүргізу
- ойлау қабілетін дамытатын жаттығулар беру
- қабілетіне қарай деңгейлік тапсырмалар беру
- оқушылардың теориялық-практикалық сауаттылығын арттыру.
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияны қолдану, интерактивті модульдік технология қағидаларын іске асыру оқушылардың танымдық белсенділіктерін, білім сапасын, қазақ тіліне деген қызығушылығын жоғарылатуға көмектеседі. Ақпаратпен жұмыс жасау үшін қолданылатын арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар. Мысалы күнделікті сабаққа бейне, аудио қондырғылар мен теледидарды, мультимедиялық проекторларды пайдалану үлкен нәтижелер беретініне әр мұғалім көз жеткізіп отыр. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қолжеткізуге тиіспіз. Қазіргі таңда ақпараттық- коммуникативті технологиялар біздің елімізде де жоғары қарқынмен дамып келеді. Оқу үрдісінде жаңа технологиялық әдістермен қатар жаңа ақпараттық жаңа технологияларды да қолданудың мүмкіндігі жасалып отыр»,- деген болатын. Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі ғана емес, тарихи- танымдық, педагогикалық-психологиялық, саяси-экономикалық сауатты және ақпараттық – комуникациялық технологияны жетік меңгерген маман болуы керек. Бұл технологияның ерекшелігі оқушылардың өздері ақпараттар жинап, жаңалық ашуға ұмтылып, ізденіп, жауабын тауып, өзінің көзқарасын логикалық түрде дәлелдейді және мұғалімдер мен оқушылардың бірлесіп, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал етеді. Мектептің оқу-тәрбие үдерісіне жаңа ақпараттық технологияны енгізсе, оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып, сабақ қарқыны жеделдетіледі. Электрондық оқулық мектеп оқушыларын ақпараттық технологияны ерте меңгеруге көмектесіп, олардың өз бетімен білімдерін толықтыруларына мүмкіндік береді. Осыдан байқайтынымыз, оқытушы мен оқушы арасында ақпараттық мәдениет қалыптасып, оны шапшаңдыққа, ізгілікке, тапқырлыққа, жауапкершілікке үйретеді, оқушының ойлауына, қабілетіне әсерін тигізіп, жеке тұлғасын дамытады. Ақпараттық технологияның кез келген түрінің қарқындап өсуі сапалы білім берудің бірден- бір қайнар көзі екендігі мәлім. Оны, әсіресе, тілді игертуде пайдалану - тілді үйретудің ең төте де оңай жолы. Сондықтан қазақ тілін оқытуда дайын өнімдердің жетістіктерін, мультимедиялық технологияларды қолданатын ақпараттық оқыту бағдарламаларын әзірлесек, қазіргі қарқынымыздың еселене түсері анық. Бүгінгі күні өркениетті елдерде қоғамды ақпараттандыру кең өріс алуда. Осыған байланысты жаңа ақпараттық технологиялар кәсіби қызмет пен білім беру үрдісінде де үлкен сипатқа ие. Қоршаған ортадан ақпараттар алу және оны өңдеу адам мінез- құлқын түсіндірудің маңызды қайнар көзі болып табылады. Ақпараттарды алу үрдісі барлығына бірдей: алу кезеңінде-сыртқы ортадан ақпараттар алу,оны өңдеу және белгілі бір тәртіпке келтіру, ал шығу кезеңінде-адамның қоршаған орта туралы көрінісі берілген, жүйелендірілген ақпарат және оның әрекетінің негізін иқалайтын ақпарат. Бұлар адам мінез-құлқын қалыптастырудың бастапқы материалы болып табылады. Ақпараттарды өз бетімен алуға, талдауға, қайта өңдеуге үйрету ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру-сабақ сайын жүргізілетін күрделі үрдіс. Қазіргі заманғы білім беруде оқушылардың өзбеттілік жұмыстарына көп мән беріледі. Бұл кезде олар түрлі ақпарат көздерінен қажетті ақпараттарды іздеп тауып алып, әр түрлі мақсаттарда пайдаланады. Оқушылар өз беттерінше жаңа ақпараттық технологиялардың көмегімен ғаламтордан,түрлі әдебиеттерден түсіндірме сөздіктерден, БАҚ-тан түрлі ақпараттар алып, сабақ барысынтарында пайдаланады. Мұғалімнің басты мақсаты- оқушыға білімді өздігімен игеру амалдары мен тәсілдерін үйретіп, оның өзіндік дүниетанымын қалыптастыруына жағдай жасау, кеңетер және бағыт-бағдар беру. Танымның және білімнің шындығының негізгі көрінісі мен басты шарты тәжірибелік іс-әрекетке негізделеді. Сондықтан оқу, тіл үйрену әрекеті- танымдық әрекетке ұштасады. Тәжірибелік және рухани әрекетте жеке тұлға өзін қоршаған әлемге әсерін тигізе отырып, өзінің қажеттілігі мен мақсаттарына сәйкестендіріп оны өзгертеді және таниды. Тұлға жан- жақты болу үшін оның дүниетанымы өте кең болуы керек. Сондықтан білім берудің басты мақсаты- оқушылардың танымын ұлғайтып, қызықты ақпараттарды сабақ барыстарында беріп отыру. Танымдық құзыреттілікті қалыптастыру ақпараттарды іздеп тауып алу мен ақпараттар алмасуға тығыз байланысты. Білім беру үрдісінде негізінен қалыптастырылатын құзыреттіліктер- танымдық пен ақпараттық. Бұл құзыреттіліктерді қалыптастыруда жеке тұлғаның танымын кеңейтіп қана қоймай, құзырлы тұлға болуына, яғни, «сегіз қырлы, бір сырлы» болуына лайықтау мақсаты алға қойылады. Қазіргі таңда оқушы- ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімдік қабілеттерін дамыту үшін біздер, мұғалімдер жан- жақты қаруланған болуымыз керек. «Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек» - деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарау керек. Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі- оқушының оқу-танымдық әректін басқарудың негізгі бір буыны ақпараттық коммуникативтік технологияны таңдау. Білім мазмұнын оқушылар негізінен оқулық немесе электрондық оқулық арқылы беріледі. Сондықтан адамның құндылығы, құндылық қасиеттері, оның іс-әрекетінің нәтижелері арқылы бағаланады. Келешекте егеменді еліміздің туын берік ұстайтын, бәсекеге қабілетті, терең білімді жеке тұлға тәрбиелеу бүгінгі күннің талабы.
Достарыңызбен бөлісу: |