Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


ПӘНДІ ОҚЫТУДА ПРОБЛЕМАЛЫҚ ЖАҒДАЯТ ЖАСАУДЫҢ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУДІҢ ЖОЛДАРЫ



бет496/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   492   493   494   495   496   497   498   499   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

ПӘНДІ ОҚЫТУДА ПРОБЛЕМАЛЫҚ ЖАҒДАЯТ ЖАСАУДЫҢ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУДІҢ ЖОЛДАРЫ
Бекенова А.А.(Қызылорда)
Проблемалық оқыту- проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту түрі. Проблема деп шешілуі оқушылардан білім алу үшін белгілі әрекеттерді талап егетін есептердің, тапсырмаларын, теориялық немесе тәжірибелік мәселелердің әртүрлілігін түсінуге болады. Негізін салушылар мен зерттеушілер: Американдық: Дж.Дьюи мен оның шәкірті В.Клипатрик, орыс ғалымы М. Махмутов.Негізгі идеясы: Проблема қойып, оны шешу арқылы оқып үйрену.

Проблемалық оқытудың негізі ерекшелігі – оқушының білетіні мен білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады және проблемалары міндетті шешуге дайын тәсіл болмағандықтан, проблемалық ситуация пайда болады, осыған орай оқушының ізденушілік әрекетімен ынтасы күшейе түседі.Оқыту технологиялары оқушының тұрақты жоғары нәтижелерге қарай біртіндеп сатылай жылжуын, жаңа оқу ақпарлары мен біліктіліктерді меңгеру мақсатына жақындау деңгейлерін әр қырынан бағалау және өзін-өзі бағалау мүмкіндіктерінің туындауын қамтамасыз етеді.

Проблемалық оқытудың мақсаты – ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзін де, процесінде меңгеру, оқушының таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту. Проблемалық оқыту-ойлау операциялары логикасы (талдау, қорытындылау және тағы басқа) мен оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын (проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және тағы басқа) ескере отырып жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Сондықтан да көбінесе мектеп оқушыларының ойлау кабілеттерін дамытады және сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Проблемалық оқытудың негізі ерекшелігі – оқушының білетіні мен білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады және проблемалары міндетті шешуге дайын тәсіл болмағандықтан, проблемалық ситуация пайда болады, осыған орай оқушының ізденушілік әрекетімен ынтасы күшейе түседі.

Проблемалық оқыту

Проблемалық жағдаяттың пайда болуы


Проблемалық міндетті қою және оның қиыншылық мәнін жете түсіну


Болжам арқылы шешім тәсілдерін табу


Болжамды дәлелдеу

Проблема шешімінің дұрыстығын тексеру


Проблемалық оқыту технологиясы-баланы өз бетімен ізденуге үйрету, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Яғни, балалардың белсенділігін арттыру, оқу материалына баланы қызықтыратындай мәселе тудыру, бала материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді, бала оқытуды өмірмен және еңбегімен байланыстырады.

Проблемалық оқыту технологиясы мұғалім басшылығында өтетін үйренушілердің оқу міндеттерін шешуге орайластырылған өзіндік ізденіс іс-əрекеттерін ұйымдастыруға негізделеді. Оқу ізденістері барысында үйренушілерде жаңа білім, ептілік жəне дағдылар қалыптасып, қабілеттері, танымдық белсенділіктері, қызығулары, ой-өрістері, шығармашыл ойлары жəне басқа да тұлғалық маңызды сапалары дамиды (Т.В. Кудрявцев, А.М. Матюшкин, М.И. Махмудов жəне т.б.).

Проблемалық технологияның қазақ тілін оқытудағы мүмкіншіліктерін қарастырайық. Проблемалық әдіс туралы белгілі ұстаз Қ. Бітібаева «Проблемалық талдау оқушылардың танымын арттыру, ойлау белсенділігін жетілдіруде үлкен рөл атқарады және өзіндік ізденістеріне мол мүмкіндік ашады әрі дамыта оқытудың негізгі жолы ретінде де пайдалы болып келеді», - деген.

Оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту. Атап айтқанда: Оқушының белсенділігін арттыру; Оқу материалында баланы қызықтыратындай мәселе туғызу; Оқушы материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді; Оқытудың бала өмірімен, еңбегімен байланыстылығы Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, дағдылары, білімдерін дамытып, түрткі болатын эвристикалық сұрақтар жүйесі

Эвристикалық сұрақтар түрлері. Дидактикалық мақсаты:

Басты идея қандай? Түйіні неде?

Кім, не, қашан, қайда? Анықтама беріңіз...

Теореманы құрастырыңыз... Білімді тереңдету, кеңейту

Сипаттаңыз... Түсіндіріңіз... Қалай қолдануға болады? Айырмашылығы неде? Мысал келтіріңіз...

Қорытындылаңыз... Жүйелеңіз... Топтаңыз.... Дағдыны дамыту

Басқа жолмен қалай шешуге болады?

Себебі неде? Осы пайымдаумен келісесіз бе?

Қарсы қандай аргументтер келтіресіз? Кемшілігі неде? Сіздің болжамыңыз? Қатесін табыңыз? Шығармашылық қабілет пен сыни тұрғыдан ойлауды дамыту

Проблемалық оқытудың негізі– проблемалық ситуацияны туғызу. Проблемалық ситуация дегеніміз шешуді талап ететін, іздендіретін, ойландыратын күрделі жағдайдың тууы. Ол үйренушілердің ойлауына, ізденуіне, өздерінше қорытынды жасауға да жетелейді. Проблемалық ситуацияны пікірлесім түрлері, пікірлесім тақырыптары арқылы салыстыру, жетелеу сұрақтары арқылы шешуге болады. Мысалы, Отан туралы сабақта сыныпты төрт топқа бөліп, келесі проблемалық сұрақтарды дайындауға болады: Біздің Отан қандай? Отанымызда қандай ұлттар тұрады? Олар қай тілде сөйлеу керек? Мемлекеттік тілдің мәртебесі қандай? Мұндай сұрақтарды сабақтың басында, қорытынды семинар сабақтарда қолдануға болады. Мысалы, «Тәуелсіз Қазақстан» атты нәтиже сабақта үйренушілер топтарына «Сіздердің туған жерлеріңіз сіздер үшін неге қымбат? Тәуелсіз деген сөзді қалай түсінесіздер? Қазақстанға оралмандар неге қайтып келіп жатыр?» деген проблемалық сұрақтар өткен материалды қайта жаңғыртып, үйренушілерді іздендіріп, әрі айтыс та тудыратын сұрақтар, әрі топтың ойлау белсенділігін арттыру да ерекшелігін көрсетеді, үйренушілердің білік пен дағдыларын және білімдерін іс жүзінде қолдануға мүмкіндіктерін тудырады.

Проблемалық оқытуда үйренушілерді топтарға бөліп, пікірлесімнің топтық жұмыстарының тиімділігі зор, өйткені үйренушілер өздеріне берілген проблемалық сұрақтар төңірегінде топ болып пікірлесіп, өз тобын қорғауға әзірленеді. Мысалы, «Өскемен қаласы атты тақырыпты меңгерту барысында қаладағы экологиялық мәселе бойынша пікірталас ұйымдастыруға болады. Үйренушілерді төрт топқа бөліп, біріншіден, проблемалық жағдаяттуғызып, екіншіден, проблемалық сұрақтар арқылы рөлді койын ойластыруға болады.

Бірінші топ – қала тұрғындары.

Екінші – экологтар.

Үшінші - «Қала тазалығы» орталығының қызметкерлері.

Төртінші – дәрігерлер.

Қала тұрғындары басқа топтарға келесі жетелеу сұрақтарын қояды:

Экологтарға – Өскемен қаласы дүниежүзіндегі ең ластанған қалаларының бірі деген пікір бар, сіздер осы пікірмен келісесіздерме?;

Орталық қызметкерлеріне – Қалада қоқыстар жатады, олар қала ауасына, қала тұрғындарына зиян келтіреді, Сіздердің орталықтарыңызда осы мәселені шешуге қандай шаралар қолданып жатыр?

Дәрігерлерге – Біздің қаламыздағы экологиялық жағдай төмен екені бәрімізге мәлім, экологиямызға байланысты көптеген аурулар пайда болды, ал сонда неге медициналық қызметтің бағасы күннен-күнге өсіп келеді? Мемлекеттің тарапынан бұл мәселеге көзқарас қандай?

Я.А. Коменский еңбектеріне үңіле түссек, педагогикалық технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз: «Дидактикалық машина деп аталатын оқыту механизмін жасау. Ол дұрыс құрастырылған жағдайда және дұрыс пайдаланғанда күтілген нәтижені береді.

Дидактикалық машина үшін қажет нəрсе:

1) қатал қойылған мақсат;

2) сол мақсаттарға жетуге дəл икемдестірілген жабдықтар;

3) мақсаттың орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды қолданудың мызғымас ережелерін табу».

Сонымен Я.А. Коменскийдің пікірінше: «Мақсат – құрал – оны қолдану ережелері – нәтиже» - бұл білім саласында кез келген технологияның ядросы болып табылады.

Қазіргі уақытта қоғам шығармашылық әлеуеті жоғары азаматтарды қажет етеді. Шығармашылық ізденіске жетелейтін бір жол – проблемалық оқыту технологиясы. Проблемалық оқыту технологиясының негізгі ерекшелігі – жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық үрдістерін белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуында. И. Лернер проблемалық оқытудың 4 түрін атап көрсетеді: ділгірлік баяндама, эвристикалық (пікір алысу), жеке ізденіс, (жартылай) зерттеу әдістері. Проблемалық баяндаудың негізгі мазмұны: мұғалім проблемалық жағдай туғыза отырып, ізденіс материалдарын өзі баяндап түсіндіреді, логикалық іс-әрекеттің, қайшылықтардың пайда болу негіздерін, оларды шешудің жолдарын көрсетіп береді. Үйренушілер әңгіменің желісіне зер салып, сұрақтар қояды, өз болжамдарын ұсынады, ғылыми ізденіс жүргізеді. Жеке жартылай ізденіс әдісі үйренушілерден қойылған ділгірлікті өз бетінше шешуді талап етеді. Проблемалық оқытудың үшінші, төртінші деңгейі кейде екінші зерттеумен байланысты болады, яғни оқытудың мұндай түрі стандартты емес тапсырмаларды шешуге үйрету. Үрдіс барысында үйренушілер жаңа білімдер алады, дағдыларын қалыптастырады, маңызды шығармашылық іскерлікке үйренеді.

Жалпы түрінде проблемалық оқыту технологиясы сипаты келесідей: оқытушы білімді дайын күйінде ұсынбай, үйренушілер алдына міндет (мәселе) қояды, оған қызықтырады жəне оның шешу əдіс-тəсілдерін табуға ынталандырады. Ал үйренушілер мұғалімнің тікелей басшылығында не өз бетінше олардың шешімін табудың жолдары мен əдістерін зерттейді, яғни болжам түзеді, оның шынайылығын тексеру тəсілдерін белгі-лейді əрі талқылайды, дəйектейді, нəтижелерін талдайды, пікір жүргізеді, дəлелдейді.

Проблемалық оқытудың мақсаттары:



  • Логикалық, ғылыми, шығармашылық ойлауды үйрету;

  • Оқушыларда тек білімді қалыптастырмай, оқу материалын дәлелді және сенімді етіп жасау, ғылыми, диалектикалық – материалистік дүниетаным қалыптастыруға негізделген білім беру;

  • Білімнің беріктігін қалыптастыруға ықпал ету, өйткені оқушылардың өз бетімен тапқан ақпараттары есте жақсы сақталады;

  • Оқушының эмоциялық өрісіне әсер ету, яғни оларға өз күшінің сенімділігіне, ойлау іс-әрекетінің күрделілігіне қанағаттандыру сияқты сенімдер қалыптастыру;

  • Ізденіс және зерттеушілік іс-әрекетінің қарапайым дағдыларын қалыптастыру;

  • Оқушының білуге ұмтылу ынтасына мән бере отырып, оның ілімге деген танымын қалыптастырып, қызығушылығын жебеу арқылы белсенділігін дамыту.

Проблемалық оқытудың міндеттерін М.И.Махмутов жалпы және арнайы міндеттер деп екіге бөлді.

Проблемалық оқытудың жалпы міндеттері:



  • Оқушылардың білім жүйелері мен ақыл-ой және практикалық қызмет тәсілдерін меңгеруі;

  • Оқушылардың танымдық дербестігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • Мектеп оқушыларының диалектикалық –материалистік ойлауын қалыптастыру.

Проблемалық оқытудың арнайы міндеттері:

  • Білімді шығармашылық жолмен меңгеру дағдыларына тәрбиелеу;

  • Білімді шығармашылықпен қолдану дағдыларына (меңгерген білімдерді жаңа ситуацияға қолдану) және оқу проблемаларын шешу шеберлігіне тәрбиелеу;

  • Шығармашылық қызмет тәжірибесін қалыптастыру және жинақтау;

  • Оқытудың ғылыми дәрежесін арттыру;

  • Ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың тиімділігін арттыру.

Проблемалық оқытудың негізгі өзекті –проблемалық жағдаят туғызу. Проблемалық жағдаят – бұл педагогикалық жағдаят, мұнда оқытушы өзі немесе оқушымен бірге тұжырымдаған проблемаға жауап іздеуге оқушыны мәжбүр етеді. Демек, проблемалық оқытудың негізгі идеясын былай тұжырымдауға болады: білімнің елеулі бөлігі оқушыларға даяр күйінде берілмейді, оларды оқушылар проблемалық жағдаятты шешу барысында дербес танымдық іс-әрекет процесінде алады. Елестету, еске түсіру әдістерінің біріне проблемалық жағдаят жатады. Проблемалық жағдаят оқу процесінде оқушылардың кейбір қиын сұрақтарды шешуі үшін қолданылады. Проблемалық жағдаят оқушыға ой салады. Оны не өзі, не ұстаз көмегімен шешеді. Проблемалық жағдаяттың ең құндылығы оқушылардың оқу материалдарын тереңірек меңгеруіне, терең ойлануына мүмкіндік береді. Себебі, ол ғылыммен жалғасып жатыр, оқушы ғылымға бет бұрады.

Оқытушы проблемалық жағдаятты шешуде оқушымен ынтымақтастықта болуы керек, сонда оқушы инициативті, тапсырманың дұрыс немесе дұрыс емес жауабын батыл айтып, проблеманы шешуде бірлескен күш жұмсайды.

Проблемалық оқыту жүргізу үшін мынадай үш шарт орындалуы қажет:


  • Проблемалық жағдаяттардың болуы;

  • Оқушының шешім табуға дайын болуы;

  • Проблеманы шешудің мүмкіндігі.

Л.С.Выготский бойынша баланың ақыл-ойының даму деңгейлері:

Өзекті даму деңгейі

Жақын даму аймағы

Ықтималдық деңгейі

Бұл оқушының нақтылы даму деңгейі, яғни бұл оның осы шақта жеткен даму деңгейі. Ол оқушының өз бетінше қойған мәселені орындауымен сипатталады.

Бұл өзекті және ықтималды даму аймағы арасындағы ара қашықтық.

Оқушының мәселені ересектердің немесе озат оқушылардың көмегімен бірлесе шешуі.

Проблемалық оқытудың кезеңдері

Проблемалық оқытуды жүргізу бірнеше кезеңдерден тұрады:

Проблеманы қабылдауға дайындық. Оқытудың алдыңғы кезеңдерінде,басқа пәндерде, күнделікті өмірде игерілген білімдерін еске түсіру, яғни білімді өзектендіру.Проблемалық жағдаятты құру. Бұл өте күрделі және жауапты кезең. Проблемалық жағдаят құру мұғалімнен жоғары шеберлікті талап етеді. Мұнда оқушы өз білімі мен іс-әрекеті негізінде қойылған міндетті шеше алмайды, яғни оны шешу үшін жаңа немесе қосымша білім қажет. Оқушы қосымша білім қажеттігін сезінуі қажет. Бірақ проблеманы шешуге оқушының дәрмені жететіндей болуы керек. Оқушының тапсырманы орындауға білімі жетпесе, мұғалімнен қосымша нұсқау алады. Проблемалық жағдаяттың анық тұжырымдалуы басты шарт.

Проблеманы тұжырымдау. Туындаған проблеманың жағдаяты негізінде танымдық есеп немесе тапсырма түрінде тұжырымдау. Мұғалім қай сұраққа жауап іздеуді көрсетеді. Егер тұжырымды оқушының өзі жасаса ол өте тиімді болады.

Проблеманы шешу процесі. Бұл бірнеше сатыдан тұрады:

Болжам айту;

Әр болжамды тексеру мақсатында оны шешудің жоспарын жасау;

Болжамды растау немесе жоққа шығару.

Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу. Мүмкін болған жағдайда практика жүзінде дәлелдеген ұтымды.

Проблемалық оқытудың ең кең қолданылатын әдістері; материалдың проблемалық мазмұндалуы, эвристикалық әңгімелесу, өз бетімен іздестіру және оқушылардың зерттеу іс-әрекеті.

Проблемалық баяндау.Бұл оқушыда жеткілікті білім болмаған жағдайда, қандай да құбылыспен бірінші кездескен кезде болады. Бұл кезде мұғалім өзі ізденеді. Мұғалім жаңа білімді іздеу және ашу жолын зерттеуді көрсетеді, сөйтіп оқушыны өз бетімен ізденуге үйретеді.

Материалдың проблемалық мазмұндалуы мұғалімнен тек материалды толық білу емес, сонымен қатар ғылым қай жолмен дамығанын білуін қажет етеді. Материалды проблемалық баяндағанда мұғалім оқушының ойлау процесін басқарады, сұрақ қояды, оларды ойландыруға итермелейді. Оқушылар ішінен жауап беріп, оны мұғалімнің талқылауымен салыстыра алады. Эвристикалық әңгімелесу.Оқушылардың білімі оқу проблемасын шешуге белсенді қатысуға жеткілікті болса қолданылады. Осылай әңгімелесу барысында қойылған проблемалық сұраққа оқушылар мұғалімнің басқаруымен өз бетінше жауап береді. Оқушылар өз бетінше іздеу этаптарын белгілейді, әр түрлі болжамдар айтады, проблеманы шешудің әр түрлі гипотезасын ұсынады. Ізденушілік сипаттағы әңгімелесу – оқушылардың зерттеу деңгейіне өту үшін керекті дайындық деңгей.

Оқушылардың өзіндік іс-әрекетінің ең жоғарғы формасы – өз бетімен ізденушілік және зерттеушілік іс-әрекеті. Бұл оқушылардың жорамал ұсынуға және ғылыми тұжырымдауға білімдері жеткілікті болғанда жүзеге асады.

Проблемалық оқыту кезеңдері 

Мұғалімнің іс-әрекеті оқушының іс-әрекеті

↓ ↓


Проблемалық жағдаят қойылады, проблемамен танысу

↓ ↓


Қосымша ақпарат береді . Қажет болса оқушылардан көмек алады

↓ ↓


Теориялық материалдарды оқиды

Методологиялық материалдарды оқиды



↓ ↓

Ақпарат жинау жөнінде нұсқау береді Деректі материалдарды талдайды

↓ ↓

Шешімнің әр түрлі вариантын салыстырады Заңдылықтар немесе байланыстар ашады



↓ ↓

Ұтымды вариантын таңдайды Шешімнің әр түрлі вариантын жасайды


Пәнді оқытуда проблемалық жағдаят туғызудың бірнеше тәсілдері бар. Олар:

  1. Оқушыларға белгісіз және түсіндіруді қажет ететін деректерді хабарлау немесе көрнекі көрсету;

  2. Оқушының білімі мен қарастырылатын фактілер арасында қарама-қайшылық туындау;

  3. Белгілі теория негізінде фактілерді түсіндіру;

  4. Белгілі теория негізінде болжам жасап, оны практика жүзінде тексеру (тапсырмалар эксперимент арқылы);

  5. Бастапқы шарттары мен нәтижеге берілгенде шешімнің тиімді жолын табу;

  6. Берілген шарттар бойынша шешімді өз бетінше табу;

  7. Тарихи принципті қолдану.

Оқу зерттеуіне бірқатар ерекшеліктер тән:

Оқушылардың ғылыми белгісі, оқу проблемасын шешу барысында алатын шындығы. Оқушылар үшін бұл фактілер жаңа және олар өздерін бірінші ашушылар ретінде санайды;

Оқу зерттеуі әрқашан мұғалімнің басшылығымен, жеке қатысуымен және көмегімен өткізіледі. Бірақ, оқушылар мақсатына өздерінің жеткендеріне сенуі керек.

Оқу зерттеуі жан-жақты тәсіл болып саналмайды.Оқушылардың шығармашылығына зерттеудің тек белгілі бір элементтерін қосуға болады. Зерттеуді тек бөлек тақырыптар мен сұрақтарды меңгерген кезде ғана қабылдау керек;

Зерттеу тапсырмасы алдымен мәліметтерді жинау жұмысынан, содан соң олардың теориялық анализінен тұрады. Проблема мәліметтердің сай келмеуінен және қайшылықтың орын алуынан байқалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   492   493   494   495   496   497   498   499   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет