Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет513/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   509   510   511   512   513   514   515   516   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

Әдебиеттер

  1. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан » Н.Ә.Назарбаев.

  2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты»2010ж

  3. «12 жылдық білім » №1,5,7,9 2011ж.

  4. «Жаңа технологияларды іске асырудың әдіснамалық принциптері» Алматы -2007ж.

МҰҒАЛІМ ИМИДЖІ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІҢ ҚҰРАМДАС БІР БӨЛІГІ РЕТІНДЕ
Жұмабек Т.С.(Ақтөбе)
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында [1] жалпы 12 жылдық оқыту моделіне көшуі мұғалімнің рөлі мен оның беделін көтеруге баса назар аударылған.

Қазіргі таңда қоғамда орын алып жатқан экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени өзгерістер білім беру жүйесінің маңыздылығын арттырып, болашақ мамандардың біліктілігіне зор талаптар қоюда.

Педагогикалық шеберлік пен шығармашылықты толық меңгерген құзіретті маман даярлау бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі болып табылады. «Қазақстан Республикасының білім беру саясаты тұжырымдамасында» көрсетілгендей, мемлекетіміздің стратегиялық дамуының негізгі көрсеткіші - инновациялық, шығармашыл ойлау типіне ие, мәдени қалыптасқан, қоршаған әлемге жауапкершілікпен қарайтын, жоғары сапалы, жаңа формациядағы мамандарды даярлау.Жаңа формация мұғалімдерін даярлау қазіргі педагогика мен әдістеме саласында ерекше көңіл аударып отырған өзекті мәселелердің бірі. Жаңа формация мұғалімі -жаңашылдыққа ұмтылған, педагогикалық қабілет пен кәсіби дағды иесі, шығармашыл және рухани бай тұлға.

Жаңа формация мұғаліміне тән қасиеттер: мәселелік ойлау, жүйелі дүниетаным, жауапкершіліктіқажет ететін шешімдер қабылдай білу, шығармашылық, кәсіби құзіреттілік, мақсатқа бағыттылық, өзін - өзі жетілдіру, ынтымақтастық, ақпараттық мәдениет, табандылық.

Келешек мұғалімнің кәсіби даярлығы О.А.Абдуллина, С.И.Архангельский, Ю.К.Бабанский, Е.Д.Белозерцев, Ф.Н.Гоноболин, В.И.Загвязинский, Н.В.Кузьмина, И.Я.Лернер, И.Н.Нугманов, Т.С.Сабиров, В.А.Сластенин, Н.Н.Хан, Н.Д.Щербаков, Ж.А.Жүсіпова, А.А.Калюжный сияқты ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады.

С.И.Архангельский, Е.П.Белозерцев, М.Н.Карапетова, Л.П.Кибардина, Т.А.Ким, И.А.Колесникова, Н.Д.Левитов, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин, В.А.Сластенин, К.Успанов, сондай - ақ С.С.Кунанбаева, Д.Н.Кулибаеваның еңбектерінде педагогика мамандығы үшін маңызды сапалар мен құзіреттілік тұрғысынан қарау мәселелеріне назар аударылады.

«Құзірет» термині соңғы кездерде ғылымның әртүрлі саласында қолданыс табуда. Қолдану мүмкіндігіне қарай «құзірет», «құзіреттілік», «құзіретті» ұғымдары сараланады.

Құзірет - тұлғаның қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындығы. Сыртқы ресурстарға білім, білік, дағды құзіреттіліктер (іс - әрекет тәсілдері), психологиялық ерекшеліктер, құндылықтар жатады.

Мұны былай көрсетуге болады:

Құзірет:


  • білім, білік (әрекет), дағды әрекет;

  • құзіреттіліктер (игерілген іс - әрекет тәсілдері);

  • өзін - өзі басқару;

  • тұлға.

Ал С.И.Ожеговтың сөздігінде «құзіреттілік» сөзіне төмендегідей анықтама берілген: «құзіреттілік - біреудің бір топ мәселе төңірегінде жақсы хабардарлығы».[2]

Құзіреттілік дегеніміз - адамның өз кәсібіне сай игерген әрекет пен өнімді қызмет түріндегі білім жиынтығын маңызды қасиеттермен біріктірілген білік және саналы дағдылар тәсілдері арқылы тәжірибеде қолдана білу қабілетінің сапасы.

Құзіреттілік (компетентность) ұғымы белгілі бір салада шешім қабылдауға, тұжырымдар жасауға мүмкіндік беретін адамның қабілеттілігі мағынасында қолданылады. Бұл қабілеттіліктің негізін білімділік, хабардарлық және іс - әрекет тәжірибесі құрайды. Осы арқылы құзіреттілік ұғымының жинақтаушылық, кіріктірушілік сипаты айқындалады. Адам білімді және сәйкесінше тәжірибені меңгеру негізінде құзіретті болады. Сондықтан, құзіреттілік ұғымы қазіргі таңда елімізде, шетелде де білім берудің нәтижесі ретінде қолданылады.

А.Ф.Присяжная педагогика ғылымында құзыреттілік - тұлғаның белгілі бір сферадағы функциялары мен уәкілеттігін анықтайтын, оның интегративті қасиеті ретінде қарастылатындығын айтады .

Жалпы алғанда, «құзыреттілік» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «Құзыреттілік ұғымы - соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субьектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзыреттіліктің латын тілінен аудармасы «competens» белгілі сала бойынша жан - жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді.

Бұл жайлы Б.Тұрғынбаева «…өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын-құзырлылықтар деп атаймыз» деп анықтаса, Ресей ғалымы Н. Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз – педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлылығы».

Ш.Таубаева: «Құзіреттілік - ол тұлғаның оқыту және әлеуметтену процестері барысында меңгерген білім мен тәжірибеге негізделген, оның жалпы қабілеті мен іс - әрекетке даярлығыретінде айқындалатын, тұлғаның кіріктірілген қасиеті»- деп қарастырады.

Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі - мұғалімнің педагогикалық әрекеті мен педагогикалық қарым - қатынас қасиеттерінің, кәсіби құндылықтарының қалыптасқандығын көрсететін білім, білік, дағдылардың жиынтығы.

Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі көпқырлы ұғым болып табылады және оның мәні мен құрылымына ғалымдардың беретін анықтамалары да түрліше болып келеді. Мысалы:

Т.Г.Браже: «Кәсіби құзіреттілік - мұғалімнің білімдері мен іскерліктері, құндылықтары, әрекет мотивтері, мәдениет көрсеткіштерінен (сөйлеу, стиль, қарым - қатынас) тұратын көпфакторлы құбылыс» деп анықтама берсе, В.Н.Введенский: «Кәсіби құзіреттілік -білімдер мен іскерліктердің жиынтығы емес, олардың шынайы практикада тиімді түрде қолданылуы» дей келе, оның төмендегідей түрлерін атап көрсетеді:

 қатысымдылық құзіреттілік - эмоция тұрғысынан қалыпты болу, экстраверсия, сөйлеу іскерліктері, тыңдай білу сияқты құрамды бөлшектерден тұратын кәсіби маңызды сапа;

 ақпараттық құзіреттілік - мұғалімнің өзі, оқушылары, ата - аналар және әріптес мұғалімдер туралы ақпараттар жиытығы;

 реттеуші құзіреттілік - мұғалімнің өз мінез - құлқын басқара алуы. Мақсат қоя білу, жоспарлау, белсенділік, әрекет нәтижесін бағалау сияқты сапаларды қамтиды;

 интеллектуалды - педагогикалық құзіреттілік - жалпылау, нақтылау, абстракциялау, талдау, біріктіру, қиял, икемділік, сыни ойлау сапаларынан тұрады.

Т.В.Добудько (Б.С.Гершунский, А.К.Маркова, Л.М.Митинаның жұмыстарына сүйене отырып) : кәсіби құзіреттілік - педагогикалық әрекетті жүзеге асыратын теориялық және практикалық дайындықтардың бірлестігі. Ғылыми - теориялық, психологиялық, операциялы - технологиялық болып келеді.

Н.В.Кузьмина: Кәсіби құзіреттілік - маманның өз мамандығын оқыту – тәрбиелеу процесінің нормаларын есепке ала отырып, тұлға қалыптастыру құралы ретінде қарауы. Оның пікірінше төмендегідей түрлері бар:

 арнайы және кәсіби құзіреттілік - белгілі бір пәнге бағытталған;

 әдістемелік құзіреттілік - оқушыларда білімдер мен іскерліктерді қалыптастыруда байқалады;

 әлеуметтік -психологиялық қарым -қатынас процестері аясында көрініс табады;

 дифференциалды -психологиялық -мотивтер мен оқушылардың қабілеттерін қамтиды;

 аутопсихологиялық құзіреттілік - жеке әрекет пен тұлғаның артықшылықтары мен кемшіліктерін айқындайды.

А.К.Маркова: Кәсіби құзіреттілік - педагогикалық әрекеттің жоғарғы деңгейде орындалуы, оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуда тиімді нәтижелерге қол жеткізу.

Аталған анықтамаларды талдай келе, «кәсіби құзіреттілік дегеніміз - мұғалімнің қоғамдағы стандарттар мен нормаларға сәйкесінше кәсіби - педагогикалық қызметтерді атқара білуі, оның дайындығы мен жеке тұлғасын кәсіби тұрғыдан қарастыратын қасиеттер» деген қорытындыға келуге болады. Ол өз кезегінде үш аспектіні ұштастырады:

 танымдық (ғылыми, пәндік білімдер);

 операциялы - технологиялық (әрекет жолдары мен шешім қабылдай алу қабілеті);

 аксиологиялық (табиғат, қоғам, адамға деген қарым - қатынас).[3]

Қазіргі мұғалімнің кәсіби құзіреттілік үлгісін өзара байланысты бірнеше элементтер жиынтығы ретінде қарастыруға болады:

Құндылықтар - мұғалімнің кәсіби әрекеті барысында қажет ететін бағыт - бағдар идеялары. Мысалы:

 оқушыға өз тұлғасының ерекшеліктерін көрсетуге мүмкіндік беру;

 әр оқушы қайталанбас тұлға екенін түсіну;

 әр оқушының жеке дара қабілеттерін жемісті түрде жетілдіруге мүмкіндік беру;

 оқушы өзінің деңгейіне, қызығушылықтарына сай білімдерді игеретінін жете түсіне білу;

Кәсіби сапалар:

 оқушыларға үлкен қызығушылық таныту;

 өз әрекетінде әріптестері және оқушылары тарапынан сын қабылдай алу және өз кемшіліктерін түзетіп отыру;

 қоршаған орта мен айналада болып жатқан әлеуметтік өзгерістерге өз көзқарасын білдіре алу;

оқушылармен өз ойларын, сезімдерін бөлісе білу;

 өз пәніне деген қызығушылықтың болуы.

Қазіргі мұғалімнен күтілетін түйінді құзіреттіліктер:

оқушылардың өзіндік оқу әрекеттерін жоспарлай және ұйымдастыра білу;

 оқушылардың жас ерекшеліктері мен қызығушылықтарын ескере отырып, әр түрлі оқыту формалары көмегімен оқыту процесін тиімді ұйымдастыра білу;

 оқушылардың құзіреттіліктерін бағалай білу;

 зерттеушілік қабілетке ие болу, оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыра алу;

 оқушылармен үнемі диалогта бола отырып, оларға өз ойларын, ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік жасау;

 компьютерлік технологияларды меңгеріп оқыту процесінде қолдана алу. [4]

Сонымен, білім беруде кәсіби құзырлы маман иесі − мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагог.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   509   510   511   512   513   514   515   516   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет