Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет512/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   508   509   510   511   512   513   514   515   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

Әдебиеттер

  1. А. Байтұрсынов. «Ана тілі» 2000 ж 130 бет

  2. ҚР Президентінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауы. 2010ж.

  3. Подласый И.П. Педагогика начальной школы., М.-2004.

  4. Инновационные обучение: Стратегия и практика . М.-2004

  5. Амонашвили Ш.А. Педагогическая симфония –Екатеринбург, 1993.-Ч.2

  6. Есімбекова А.Е. Современный урок. – Алматы., НИУ “Ғылым“., 2003.



ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ
Жұмабаева Г. А. (Алматы)
Бүгінгі педагогика ғылымының айналымында технология және педагогикалық (оқыту) технология ұғымдары терең қалыптасты. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті-оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдалуға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау», - деп атап көрсеткен. Ал Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында: «Аталған мақсаттарға жету үшін жалпы білім беретін оқу орындары оқытудың әр түрлі технологияларын қолдана алады. Осы стандартта белгіленген талаптарды нақты жағдайларда мүмкіндігінше сапалы жүзеге асыру үшін олар оқытудың, тәрбиелеудің, оқу процесін бақылаудың түрлерін, құралдарын және әдістерін өздері таңдауға құқылы», - деп атап кеткен. Қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үйрену және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының принциптері оқытуды ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіруші, өсіруші, тәрбиелеуші жеке тұлға қалыптастыру деп жоғарыда айтылған міндеттерді нақтылағандай болып отыр.

Оқытудың жаңа технологияларының принциптері оқытуды ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіруші, өсіруші, тәрбиелеуші жеке тұлға қалыптастыру,ол халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани мұраларынан, ділінен, тағылымдық ой - толғауларынан бастау алады.

«Өзін-өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген адам, өзін-өзі қадағалап, сынап, өзін-өзі тәрбиелеуге, өмірден өз орнын, өз бақытын табуға ұмтылады. Өзін-өзі тану – адамның шындықты өзінше түсіну жағынан қарастыратын ғылым, ол өз бойындағы бірегейлікке сәйкес келетін өзінің жеке құндылықтар жүйесін жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесімен біртұтас қарауғанегізделеді. «Өзін-өзі тану» пәні білім берудің басымдылықтары – рухани-адамгершілік білімді іске асыруға, ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениетті үйренуге ықпал етеді. Бала әр түрлі мәселелерді адамгершілік нормаға сәйкес конструктивті шешуге үйренеді. Өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау, көмек беру, қамқорлық жасауға баулиды. Жасампаздық белсенділік, азаматтық және отансүйгіштікке тәрбиелейді. Қазіргі кезеңнің ең басты қажеттілігі – адамдар арасындағы сыйластық, бірін-бірі қадірлеу, бірін-бірі құрметтей білу мен бағалай алуы, яғни адамдардың өзін-өзі, қоршаған ортаны, әлемді тани білуі. Сондықтан да оқу-тәрбие үрдісіне еніп отырған «Өзін-өзі тану» пәнінің әлеуметтік-рухани өмірде алатын орны ерекше. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес өзін-өзі тануға, өзін дамытуға бағытталған жұмыстар мектепте ғана емес, отбасында да ата-аналардың көмегімен жалғасын тауып, өзара ықпалдастық бағытта жүргізіледі. Әрбір оқушының өзін-өзі тануы жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруда ықпалы зор. Бұл пәннің тағы бір ең басты ерекшелігі – адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған адами асыл қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, ата -салтымыз бен ұлттық ұлы дәстүрлеріміздің жиынтық тәрбиесін тамырына тағлым етіп дарыту.Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігінің өзіндік ерекшеліктерінен туындаған ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарының дені қазіргі этика, педагогика, психология ғылымдары тұжырымдарымен қиюласа, астарласып жатады. Осы саладағы рухани мұрамызды осы күнгі ғылым деңгейіне, оның төңірегіне топтастырып, жүйе-жүйесімен талдауға алсақ, бұлардың өзіндік сыр-сипаты айқындалады. «Өзін-өзі тану» бойынша жүргізілетін жаттығулар түрлеріне «Өзіңді бағалау», «Мен басқалардың көзімен», «Жаңа түрге ену», «Футболкадағы қолтаңба», «Өзіңді тексер» тесті т.б. жатады. Әр оқушының бойында өз-өзіне деген сенімділікті ұялатумен қатар, оны айналасындағы қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға да үйрету өте қажет. Бұл мақсатта қолданылатын қарым-қатынасты дамытуға арналған жаттығулар мен іскерлік ойындар түріне «Бет-әлпетті есте сақтау», «Ол қалай күледі», «Көңіл-күйге ортақтасу», «Қоштау», «Күлкі», «Саған аманшылық тілеймін», «Нажағай қаупі жоқ» секілді ойындар мен «Тыңдай білу іскерлігі», «Мен сізді тыңдап отырмын», т.б. жаттығуларды орындату арқылы оқушыларды өзара сыйластыққа, қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелейміз.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 21 наурыз 2002жылғы №204 бұйрығын орындауда жалпы білім беретін мектептерде «Өзін-өзі тану»курсын ендіру туралы Алматы қаласы бойынша ПҚБА институты эксперимент алаңдарымен бірігіп жұмыс жасады (ЖББМ№87,Г№56, Г№34, ШЛ№92).Нәтижесінде республика аймағында «Өзін-өзі тану» пәні ата-аналар қоғамы мен мұғалімдерден қолдадау тапты.



Эксперимент алаңының негізгі мақсаты:

білім беру үрдісінің моделін құру, жалпы адамзаттық рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру;

өзіне және қасындағыларға жауапкершілікпен қарау, өзін-өзі ұстау,өзіннің өсу дағдыларын дамыту;

«Өзін-өзі тану» курс арқылы жалпы адамзаттық рухани-адамгершілік құндылықтары мен жеке қасиеттерін қалыптастыру;

Институт қызметкерлері эксперимент-тәжірбие ретінде әдістемелік- ұсыныстар дайындап, семинарлар өткізілді.

«Өзін-өзі тану» сабақтарын жүргізу үшін барлық мұғалімдер біліктілік арттыру курсынан өтті.

М. Жұмабаевтың: «... Бала өскен сайын тәрбиеші күшінің көбін баланың жан тәрбиесіне жұмсай беруге міндетті.Тегінде берік ұғу керек, адамның қымбат нәрсесі де,жұмбақ нәрсесі де сол жан. Қиын тәрбие тілейтін де сол жан.Жанды дұрыс тәрбие қылу үшін жанның жайын баяндайтын ғылыммен таныс болу керек.Жанды ешкім көрмесе де жанның барлығына да дауа жоқ», - деген тұжырым жеке тұлғаның рухани- адамгершілгін дамыта отыру мәселесінің психологиялық терең мәні бар түпкі мақсатын көрсетіп береді. Оның «адамның қымбат та, жұмбақ та нәрсесі» деп отырғаны – жеке тұлғаның ішкі рухани дүниесі екенін білеміз. Осы рухани дүниені байыту және дамыту оның жеке тұлға ретінде жан- жақты жетілуінің алғы шарты болып табылады. Онда адамның, тіпті жан- жануардың қоршаған ортаны танып білуі түйсіктен басталатыны айтылған.

Жеке тұлғаның түйсігіне жетіп, қабылданған нәрселері кейде естерінде қалады, кейбірі әдейі қайта жаңғырығады, қажетсіздері ұмытылып қалады. Есте сақтау тәжірибе жинақтап,оны байыту ғана емес, адамның ақыл – ой қызметін жақсартып, рухани дамуы үшін аса қажет.Себебі есте сақтау қызметінсіз адам ойлай, талдай және жинақтап қорыта алмайды. Жеке тұлғаның өзін-өзі тану барысында әлемді құндылық тұрғысынан ұғыну, өзін табиғаттың бір бөлігі ретінде санау. Жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда өзін-өзі тануы, өзін-өзі анықтауы, өзін-өзі бағалауы қажет. Қорыта келе, жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыту тәрбие мен оқытудың бірлігін сақтай отырып, сабақты шәкірт жанының ішкі қуатының оянуына ықпал жасайтындай етіп ұйымдастыру, оқу процесінде әрбір оқушының бойындағы жалпы адамзаматтық құндылықтарды қарым-қатынасқа түсіру арқылы дамыту және білім, білік, дағдылары негізінде қалыптастыру мұғалімнің еншісінде. Ең бастысы ұстаз адами қасиеті мол, басқаға қайырын тигізуден шаршамайтын, шалдықпайтын шуағы мол, шапағат иесі, ұлағатты, адам жанын адал бағалаған жан болуы жөн. Ұстаз бойында, білім мен мінез үйлесімділік тауып, шәкіртке деген ұлы махаббатпен тоғысып жатса, әрбір шәкіртке «жеке тұлға» деп қарап, адал жүрегін ұсынса, өз ісін жан тәнімен сүйіп істесе, нағыз ұстаз сол болмақ. Сондықтан жаңа заманға сай мұғалімдердің бойында, сергектік, байқағыштық, сезімталдық, сенім, әзілдік, байсалдылық, ұстамдылық, төзімділік, сабырлылық, ілтипат сияқты асыл қасиеттер көп болуы керек деп есептеймін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   508   509   510   511   512   513   514   515   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет