Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


ТҰЛҒАНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУДЫҢ РӨЛІ



бет510/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   506   507   508   509   510   511   512   513   ...   668
ТҰЛҒАНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУДЫҢ РӨЛІ
Жамантаева Қ.Қ.
ХХІ ғасырда қоғам мен мемлекет дамуының басты тетігі білім болып табылатындығы мойындалады. Оған қазіргі уақыттағы білімді халықаралық деңгейде дамытудың бағыттарына арналған реформалардың қарқынды дамуы дәлел. «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» деп А.Байтұрсынов айтқандай мұғалімнің ізденісі, жан-жақтылығы құзыреттілігі айқындалады. Жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты – мұғалімнің жаңашыл болуы. Себебі, еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан, сабақты жаңаша құрып, инновациялық түрлі тәсілдерді, педагогикалық білімдерді жетілдіре отырып, оны дер кезінде қабылдап, өндеп нәтижелі пайдалана білу әрбір мұғалімнің міндеті болуы керек. Шәкірт мектеп ошағын тәмәмдәп, үлкен өмірге аяқ басып, өзінің мамандығына саналы түрде келуіне ұстаздың көптеген міндеттерінің біреуі деп саналады. Ал қазіргі кезенде мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшаңдықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылықты, түрлі жағдайларға тез икемденіп қоймай, оның ішінде тиімді шешім қабылдауға дайын болуды талап етеді. Соңғы кезде мұғалім бойына біткен атаулар: «жаңашыл – ұстаз», «жаңа формациядағы – ұстаз» шығармашыл еңбекке жетелейді.

Жаңашыл – ұстаз – өзінің кәсіби – шығармашылығын жүзеге асыру жолында шеберлікке ұмтылатын отандық және озат шетелдік тәжірибелерді өз тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білетін маман.

Жаңа формациядағы – ұстаз – ізденімпаз өзіне талап қоя білетін, кәсіби – құзырлылық және шеберлілік деңгейі жоғары, рухы биік, даралық сапалары жетілген, шығар тауы биік маман.

Жоғарыда аталған қасиеттерге ие болған ұстаз оқу тәрбие үрдісін алдын ала жүйелі жоспарлап, іске асыруда тұлғаның қалыптасуына ерекше мән береді. Оның ішінде оқу қызметінде шәкірттің өзін оқушы ретінде ғана емес, тұлға ретінде тануына әсерін тигізетін технологияларға ден қояды. Оқушы жүрегінің тамырларын дәл тауып, оны оқу қызметіне қатыстыру оңайлықпен келмейді. Ол дегеніміз ұстаздың сенімділігі және мақсаттылығымен келеді.

Бүгінгі таңда жеке тұлғаны емес, оның даму процесін басқару қажеттігі айқындалып отыр. Ал бұл, педагог жұмысындағы артықшылық жанама педагогикалық ықпал жасауға берілетіндігін білдіреді: тікелей жасалатын әдістерден, лозунгтардан және үндеулерден бас тартылады, артық дидактизмнен, ғибаратты сарыннан тежелуді; оның есесіне бірінші орынға қарым-қатынас жасаудың сұхбаттық әдістерін, шындықты бірлесіп іздеуді, сан алуан шығармашылық әрекетті тәрбиелеуші шарттарды жасау арқылы дамытуды білдіреді.

Сабақ жүзінде оқушы мен мұғалім өзара диалогты, ынтымақтастық, бірлескен шығармашыллық негізінде өзара байланысты әрекеттер жасалады.

Осыған өзінің ерекшелігін білдіретін интербелсенді оқудағы білімді ізденісте, өзі танып және ой-толғау негізінде игерілетін бағыттар. Яғни, конструктивтік білімде оқушылар білімді дайын күйде берілген ақпаратты есте сақтау үшін қабылдамай, оларды «не үшін игеріп» жатқанын біледі.

Оқу – танымдық іс - әрекетке, педагогикалық процеске оқушының әлеуметтік болмысының ең маңызды, мәнді бөлігін қамтиды, бұл ұғымды көптеген ғылымдар: философия, әлеуметтану, психология, педагогика, білім беру философиясы, педагогикалық психология т. б. қарастырады. Оқу – танымдық іс - әрекетін ұйымдастыруда оқушыларды ғылымдар, білімдер жүйесімен, іскерлік дағдылармен қаруландыру, ақыл – ой, ерік-күш жігерін, психикалық процестерін: зейінін, есін, қабілетін дамыту, іс-әрекетті орындаудың нақты амал әрекеттерін пайымдау, дүниетанымын және жеке басын дамыту жолдарын, қалыптастыру тәсілдерін зерттейді.

Танымдық іс – әрекеттің өзге әрекет түрлерінен ең басты ерекшелігі – оқушының үнемі «жаңа дүниеге енумен», әрбір жаңа әрекеттерді оқушының оның бірінен екіншісіне ауысып отырумен байланысты. Сондықтан, оқу үрдісінде оқушының білім алуға, өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын оятуға, ақыл – ойының дамып, жетілуіне түрткі болатын танымдық іс - әрекетті ұйымдастырудың тиімді әдіс – тәсілдерін іздестіру өзекті сипат береді.

Интербелсенді оқытуды пайдалану дегеніміз әр оқушының іс-әрекетін сабақтастыруға (өзара әсерлесудің бүтіндей жүйесі пайда болады: мұғалім – оқушы, мұғалім – сынып, оқушылар – сынып, оқушылар-оқушылар, топ – топ, топ- оқушы), оның оқу әрекетін және тұлғалар арасындағы танымдық қатынастарын байланыстыруға мүмкіндік береді.

Ал біз заманауи сабақта интербелсенді оқыту дегенді қалайша қабылдауымыз қажет? Интербелсенді оқыту – бұл танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын-ала болжауға болатын оқыту тұрі. Осындай мақсаттардың бірі оқушы өзінің жетістіктерін, интелектуалдық белсенділігін сезетіндей, оқу барысының өнімділігін арттыратын оқытудың жинақы шарттарын жасау. Интербелсенді оқытудың мәнісі сыныптағы барлық оқушы таным процесімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады. Таным процесінде, оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді; әр оқушы өзіне тән ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерін алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, бұл процес өз-ара қолдау және қайрымдылық атмосферасында жүреді. Яғни, жаңа білім алып қана қоймайды, танымдық процестің өзін дамытады, оны әлде қайда жоғары топтасу мен еңбектесу дәрежесіне көтереді.

Оқу үрдісі оқушылардың оқу - танымдық әрекеті негізінде жүзеге асады, ал оқу - танымдық әрекеті негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасады. Белсенділіктің ең жоғары көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білуі болып табылады. Танымдық белсенділік оқушының оқуға, білуге деген ынта - ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, сонда оқушыларда ақыл - ой қабілеттерінің мынандай элементтері дамиды: зеректік, зейіндік, байқағыштық, ойлау мен сөйлеу дербестігі, қызығушылығы т. б.

Танымдық іс - әрекет оқушылардың негізгі іс - әрекеті болып табылатын күрделі үрдіс бола отырып, ол оқушы міндеттерінің шешіліп, мақсаткерлік, мотив, танымдық ақпаратты қабылдаудан бастап, күрделі шығармашылық үрдістің қалыптасуымен аяқталатын түрлі сезімдік көріністермен т.б. сипатталады. Бұл қызыға оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде қалыптасады. Оны қалыптастырудың негізгі жағдайлары:

- оқытудың мазмұны, ғылым мен техниканың соңғы табыстары, бұрыннан білетін мағлұматтың жаңа қырынан ашылуы;

- оқушылардың таным әрекетін ұйымдастыру формалары, құралдарын және әдістерін жетілдіру.

Білім алушы өздігімен өзіндік мағына, тұжырым құрастырады, рефлексия арқылы өзінің тұлғасын өзгертуге ынталандырады. Бұл тұста конструктивтік білім оқушыға жағымдылығымен, қызықтылығымен тартылуы қажет. Немесе, осындай білім алу түрінде оқушы танымдылығы арта түседі[1]. Физиология заңы бойынша бала танымдылығы шексіз келеді. Тек оны шыраққа тәріздес, жандырып, кейін оны «сөндіріп» алмаумыз керек. Сол себептен, интербелсенді оқудың шарттарын ұстанған жөн болар:



  • жағымды психологиялық ортаны орнату;

  • білім алуды қызығушылықты тудыру;

  • сәттілікке бағыттау;

  • бірлескен әрекеттерді қолдану.

Интербелсенді оқуда оқушы нәтижеге бірлескен әрекеттер арқылы жететінін тұсінеді. Сол себептен, сабақ үрдісінде жағымды психологиялық жағдай ұйымдастыру мұғалімнің бастапқы міндеті. Атақты ғұлама ғалым А.Эйнштейн «Мен шәкірттерімді ешқашан да үйретпеймін: мен тек олардың үйренуіне жағдайлар жасауға тырысамын» деп айтқаны, іс жүзінде оңтайлы нәтиже береді. Өйткені, жағымды психологиялық ортада бала өзін еркін ұстап, өзіне деген сенімділікті сезіп, алған білімді одан әрі тануға тырысады.

Алған білімнің қажеттілігін сезіндіру мақсатында танымдық іс-әрекеттер әр үйренушінің өзінің «Мен»- імен байланысты болады. Әсіресе, бірлескен әрекеттерде немесе топтық жұмыстарда интербелсенді оқытудың танымдық іс-әрекетін нығайтқымыз келсе, ондай жұмыс түрін ұймдастыруына да назар аударғанымыз абзал. Атап кететін болсақ, топқа бөлу әдісімен топтық жұмысты ұйымдастыру, оның ережелерін сақтау, топта жұмыс жасауға дағдыландыру.

Дәстүрлі сабақта егер мұғалім тарапынан ғана сұрақтар туындайтын болса, интербелсенді оқуда оқушы өзі сұрақтарды қоюға мүмкіндігі бар, яғни, онымен ол өзінің білмегенін тануға бет алады. Сонымен қатар, балаларбірлескен әрекеттерді қолдануымен өз ара оқуға бейімделеді. Оқу процесінде оқушы мен мұғалімнің арасындағы достық қарым-қатынас арқылы танымдылық әрекеттері нығаяды. Ол үшін мұғалім жиі сабақта сәттілікке бағыттап, қолдау көрсетеді, немесе, үнемі оқушылар туралы жақсы пікірде болады, ешбір пікірді сынға алмайды, барлық жауаптарды, ойларды қабылдап алады. «Қанша адам бар болса, пікірлер де соншама» деп бекер айтылмаған. Сондықтан да оқу қызметінде оқушының танымдылық іс-әрекетін қалыптастыруында оның білімге деген ұмтылысын ынталандырған жөн. Қырық бес минуттық оқы кезеңін үйрену алаңы деп қабылдаса, оқушы өзінің қатемен берген жауаптарына да саналы түрде ойланады. Яғни, «Мен неге қателестім? Нені білмедім? Білуге қандай шара қолдануым керек?» деген ойлар туындайды. Осындай саналы түрде ойларды қамту мақсатында әрине интербелсенді оқуды ұйымдастырудың ережелеріне тоқталуымыз керек:


  1. оқу процесі өтетін сынып бөлменің дайындығы;

  2. үнемі түрлендірілген топқа бөлу әдістері;

  3. мақсат, нәтижеге, айқындылығы;

  4. жұмыс ережелерін анықтылығы;

  5. сенім, жұмыс атмосферасын қалыптасуы;

  6. барлығын жұмысқа қатыстырылуы;

  7. барлық пікірлердің тыңдалымы;

  8. кері байланыс жүргізілімі.

Интербелсенді оқыту көптеген жұмыс түрлері мен әрекеттерін қамтиды: бірлескен топтық жұмыстар, ситуативтік жыне рөлдік ойындар, ақпарат көздерімен жұмыстар т.б.

Осындай жұмыс мазұныны тұлға бойында келесі жұмыс дағдыларына жол ашады:



  • басқара білу

  • шешім қабылдау

  • сенімге егізделген қарым-қатынас құру

  • жанжалдың алдын алу, оларға жол бермеу

Тұлғаның танымдық іс-әрекеті қалыптасуындағы интербелсенді оқудың рөлі келесіден анықтауға болады: тұлғаның бойында өзара позитивтік тәуелдік пайда болады; өзара әрекеттеседі; жеке жауапкершілік өз әсерін білдіреді.

Осыған орай мұғалімдерді оқу-тәрбие жұмысын жүргізуде мынадай топтарға бөліп қарау артық емес:

Бірінші, бірқатар мұғалімдердің бірер пәнді оқытуды жақсы меңгеріп, сабақта ұтымды әдістер арқылы елеулі нәтижеге қолы жетіп жүрсе, бірқатары барлық пәндерден солай. Осылардың қайсысы да өз жұмысына сын көзбен қарап, оқығанын, білгенін, көргенін творчестволықпен дамыта, оқушы білімінің деңгейіне, даму дәрежесіне қарай жетілдіре қолданады.

Екінші, бір топ мұғалімдерге басыпасөзде жарияланып, баспалардан шығып жататын методикалық еңбектерді саралап, өз лабораториясында қорытып – қолдану белсенділігі жетіспейді олардың біразына жаңалыққа тосырқай қараушылық, кейде жете мән бермеушілік психологиясы тән.

Үшіншіден, мұғалімдердің енді бір тобы өздерінің жұмыстарына теориялық жағынан да, методикалық жағынан да талдау жасай білмегендіктен, өзінің де, өзгенің де творчестволық өсу деңгейін мөлшерлей алмайды. Мұғалімнің өз ізденісі, толғанысы, іштей ширығуы болмаған соң, бойдағы беленділік келіп, тың пікір тумайды [2].

Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткеніндей, “Тек жоғары сауатты, дарынды, дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады. Бүгінде, мұғалім балаларға білімдер жиынтығын беріп қана қоймай, сонымен бірге, ең бастысы – оларды өмір бойы үйренуге үйретулері керек”. Қорытындылап айтқанда, педагогтардың кәсіби-педагогикалық қасиеттерін қалыптастыру, жетілдіру жұмысына сапалық серпіліс жасауға, оған шын мәнінде үздіксіз, біртұтастық сипат беруге, мектептен бастап, білім беру мекемелерінің, арнаулы, жоғары білім беретін оқу орындарының бірігіп ғылыми-практикалық және әдістемелік тұрғыда жұмыс жасауын қолға алуға, яғни үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің біртұтастық, бірізділік, икемді, динамикалық, т.б. қасиеттерге ие интегративті сапасын өмірде пайдалануға баса назар аудару бүгінгі күн талабы болып отыр[3].

Неміс педагогі А. Дистерверг өзінің әйгілі «Неміс мұғалімдерінің білімі беру ісіне басшылық» атты еңбегінде «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзі ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді», - деген сөздері келесі ойларға әкеледі.

Оқушы бойына танымдық іс-әрекетінің дамуына немғұрайлы қарамайтын педагог танымдық мотивацияның басым болуы, танымдық қызығушылық, танып - білуге ұмтылу, білімқұмарлық және т.б. қасиеттеріне назар аударады.

Одан басқа бұрыңғы стреотиптерді жеңе біліп, проблеманы сезініп, ойдың жүйріктігі мен алғырлығы білдіртетін ұстаз тиімді, нәтижелі интебелсенді оқытуды ұйымдастырып, өзінің біліктілігін көрсете алады. «Біліктілік» деп қандайда бір еңбектің түріне дайындалудың, дайындық дәрежесінің деңгейін айтады. Кез-келген қызметкер біліктілігін ұдайы жетілдіріп отыруы қажет.

Ал, өз білімін үнемі арттырған мұғалім тұлғаның бойына танымдық іс-әрекеттің қалыптасуына тиісті нәтижеге жетпек болар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   506   507   508   509   510   511   512   513   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет